Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы



Дата04.07.2018
өлшемі216 Kb.
#46829
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

6.3А XIII-XV ғасырдың І-жартысындағы Қазақстан



Мектеп: №128 орта мектеп


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Талканбаева М.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.6-картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

6.3.1.5-Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау



Сабақтың мақсаты

Моңғол әскерлерінің Қазақстанға шапқыншылығы, бағыттары, себептерін айқындау. Отырар қорғанысындағы қала халқының ерлгін сипаттау.

Барлық оқушылар: Қазақстандағы моңғол шапқыншылығының бағыттарын, Отырар қорғанысындағы қала халқының ерлігін түсіндіреді.

Оқушылардың басым бөлігі: Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуды қалай бастағанын анықтайды. Қазақстандағы қалалардың шапқыншылыққа қарсы ерлігін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Картаны қолдану арқылы XIII- XV ғасырдағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіреді. Қазақстан территориясында құрылған ұлыстар мен мемлекеттер туралы жалпы мағлұматтар береді. Шыңғысхан, Мұхаммед Хорезмшах, Қайыр ханның саясаттарына, тұлғалық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасайды.

Бағалау критерийі

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығының себебі мен тарихи маңызын түсіндіреді;

Отырардың моңғол шапқыншылығы кезіндегі Қайыр ханның ерлігін сипаттайды;

Моңғолдардың жаулаушылық жорықтарын, жаулап алған жерлерін картадан көрсетеді;

Отырар қорғанысы туралы деректерді зерттеу арқылы талдайды.



Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Моңғол шапқыншылығы бағыттарына, жаулап алудың нәтижелігінің негізгі себептеріне талдау жүргізеді;

«Отырар опаты» мағынасын ашып көрсетеді;

Шапқыншылыққа қарсылық көрсеткен Қазақстан қалаларын картадан белгілейді.



Пәндік лексика және терминдер

«Отырар опаты», «елбөрілік», жасақ, ноян, көтеріліс, ұлыс, қанау.



Диалогтер/ жазылымға қажетті сөз тіркестер:

Моңғолдардың Қазақстанға шабуыл жасауының себебі неде деп ойлайсыңдар?...

«Отырар опаты» мағынасын қалай түсінесің?…

Шыңғысханның соғыс жүргізу тәсілі қандай болды?…

Қазақстанның қай қалалары шапқыншылыққа қатты қарсылық көрсетті?…

Қыпшақ мемлекеті неге моңғол әскеріне бар қуатында қарсылық көрсетпеді?...



Құндылықтарға баулу



Отырар халқының ерлігін насихаттау арқылы қазақстандық патриотизм мен қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын оқушылардың бойында дарыту.

Пәнаралық байланыс

География-Шыңғысханның жаулаушылық бағытарын анықтау;

Дүниежүзі тарихы-Моңғол мен Хорезм мемлекеттері арасындағы саяси қарым-қатынастарды талдау;

Әдебиет-М.Шахановтың «Отырардың күйреуі» поэмасының үзіндісімен танысу, пікірлесу;

Қазақ тілі- Тапсырмаларды орындау барысында тіл құзіреттіліктері (баяндау, тыңдау, жазу) көрініс табады.



Алдыңғы білім


Моңғол империясының құрылуы.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дерек көздер, ресурстар

Сабақтың басы

7 минут


Оқушылар назарына жаңа тақырыпқа байланысты «отырардың күйреуі» бейне жазбасы көрсетіледі. «миға шабуыл»

Мақсаты:



  1. Оқушыларға бейне жазбаны көрсету арқылы тарихи оқиғаға баға беру

  2. Жаңа тақырып пен өткен тақырып аясындағы байланыстылығын сипаттауға дағдыландыру.

  3. Сабақтың мақсатын, тақырыптың мәнін ашуға бағыттау.

- бейне материалда қандай оқиға суреттеледі?

- жаңа сабақтың өткен тақырыпқа байланыстылығы қандай?

- бүгінгі сабақ тақырыбына қандай атау бересіздер?

- тақырып аясында қандай тұлғаларға сипаттама береміз?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар оқу мақсатын айқындайды.
Дескриптор арқылы кері байланыс:


  1. Оқу мақсатын ашуда қиындықтар туындады ма?

  2. Тақырып аясын түсінуде бейне жазба қалай әсер етті?

  3. Бейне жазбаға байланысты өзіндік пікіріңіз қандай?

Тапсырмалар орындалғаннан кейін оқушылар «БББ» кестесін толтырады.

Бұрыннан білемін

Бүгін білдім

Білгім келеді











Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғысхан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

Күтілетін нәтиже:

Моңғол шапқыншылығының себептерін түсіне отырып, «Отырар опаты» мағынасын ашады;

Шыңғысханның жаулаушылық бағыттарын карта арқылы табады;

«Отырар қорғанысының» тарихи маңыздылығын, қала халқының ерлігін сезінеді;

Картаны қолдану арқылы XIII- XV ғасырдағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді тақырып аясында түсіндіреді.


Интербелсенді тақта, презентация,

«Отырардың күйреуі» бейне жазбасы




Сабақтың ортасы

5 минут

9 минут

7 минут


3 минут

9 минут


Мұғалім ақпараты:

Түрткі:

  1. «Отырар опаты» атанған 450 адамдық 500 түйелік сауда керуенінің қырғынға ұшыратылуы 1218 жылы орын алды.

  2. Отырарды қоршауға алған Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол әскері.

  3. Моңғол шапқыншылығына қатты қарсылық көрсеткен Отырар, Сығанақ, Ашнас, Үзкент, Баршынкент, т.б. сырбойы қалалары болды.

  4. 1219-1224 жылдары Қазақстан мен Орта Азияны моңғолдар толық жаулап алды.

  5. Моңғол шапқыншылығы Қазақстан территориясындағы этникалық үдерістердің тұтастануына кері әсер етіп, 200 жылдан астам уақытқа кешеуілдетті.

  6. Моңғол шапқыншылығы әсерімен XIII-XV ғасырдағы саяси үдерістер нәтижесінде Қазақстанда Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары мен Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Әбілхайыр хандығы мемлекеттерінің құрылды.

І. Топтық жұмыс

Топқа бөлу «Стикер» әдісі арқылы



Оң қанат, сол қанат, орталық қанат

Тапсырма №1 “Жарысты жалғастыр” ойыны арқылы.

Оқушылар белгі бойынша мәтінді оқиды. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс)



Мәтін тақырыбы: «Отырар опаты» тақырыбы, Моңғол әскерінің Қазақстан мен Орта Азияға жаулаушылық жорықтары, Отырар қорғанысы, Башман көтерілісі.

Мақсаты:

  • Оқушылардың тарихи фактілермен жұмыс істеу дағдысын дамыту;

  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.


Дескриптор арқылы кері байланыс:

  1. Осы тапсырманы орындауда қандай қиындық болды?

  2. Оқиғалар, фактілер, мерзімдерінен жаңылыспауда не көмектесті?

  3. ОМ түсінуге тапсырма көмектестіме?

Тапсырмалар орындағанннан кейін оқушылар «БББ» кестесін толтырады

Топ бойынша және ерекшеленген жекелеген оқушылар мұғалім тарапынан смайликпен бағаланады.

Бұрыннан білемін

Бүгін білдім

Білгім келеді











ІІ. Жұптық жұмыс

Тапсырма№2 «Маршруттық ойын» әдісі арқылы картамен жұмыс жасау

Мақсаты: Оқушылардың картамен жұмыс істеу дағдысын дамыту.



Тапсырма тақырыбы: Моңғол әскерінің жаулаушылық жорықтары

-Дүние жүзі бойынша-Енисей қырғыздары, Сібір халықтары, Таңғұттар, Турфан, Қытай, Орта Азия;



-Қазақстан бойынша-Жетісу өңірі, Сыр бойы.



Дискрептор арқылы кері байланыс:

  1. Жұптық жұмыс ұнадыма?

  2. Жұптық жұмысында маған не қиын болды?

  3. Тапсырманы орындауға маған не көмектесті?

Оқушылар көршісінің жұмысын тексереді және «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Тапсырма бойынша БББ кестесін толтырады.



Бұрыннан білемін

Бүгін білдім

Білгім келеді











Саралау мақсатында берілетін қосымша тапсырмалар.

Уақытынан бұрын орындаған оқушыларға арналған қосымша тапсырмалар

Тапсырма№1.

  1. Шыңғысхан Қазақстанға жорығына қалай дайындалды, соғыс жүргізу тәсілі қандай болды?

  2. Башман бастаған қыпшақтар көтерілісінің тарихи маңыздылығы неде?

  3. Моңғолдар билікті ұстап тұру үшін қандай шаралар жасады?

Тапсырма№2.

  1. Шыңғыс шапқыншылығы туралы қандай дерек көздері мәліметтер береді?

  2. Отырар опаты мен Отырар қорғанысы арасындағы тарихи байланысты ашып көрсетіңіз.

  3. Шыңғысхан, Мұхаммед Хорезмшах, Қайыр ханның тұлғалық қасиеттеріне анықтама беріңіз.

  4. Моңғол шапқылығынан кейін Қазақстан территориясында XIII- XV ғасырларда саяси үдерістер қалай жүрді.


Оқушыларды сергіту сәті.

Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.



ІІІ. Жеке жұмыс

Тізбек бойынша сұрау” әдісі:

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін аудару және байқағыштығын дамыту.

Бөлімдік сұрақтар


  • Шыңғысханның Қазақстан территориясына басып кіруіне не себеп болды?

  • Моңғол шапқыншылығына қай қалалар қарсылық көрсетті?

  • Отырар қорғанысындағы басты тұлғалар және олардың тарихтағы ролі қандай?

  • Шыңғысхан мен Мұхаммед Хорезмшах арасындағы дипломатиялық қатынастың моңғол шапқыншылығына әсері болды ма?

Пәндік терминология:

Терминдерге түсініктеме беріңіз



  • «Отырар опаты» дегеніміз...

  • «Елбөрілік» мағынасы...

  • Жасақ деп...

  • Ноян деп...

  • Көтеріліс ұғымы...

  • Ұлыс деп...

  • Қанау дегеніміз...

Дескриптор арқылы кері байланыс:

  1. Сұрақтарға дұрыс және жаңылыспай жауап беру кезінде қандай күйде болдым?

  2. Моңғолдардың Қазақстанды жаулауына байланысты не түсіндім?

  3. Тақырыпқа қатысты термин сөздердің мағынасын қаншалықты түсіндім?

Оқушылар жауабын мұғалім смайликпен бағалайды.

Тапсырма бойынша оқушылар БББ кестесін толтырады




Бұрыннан білемін

Бүгін білдім

Білгім келеді













Интербелсенді тақта, презентация,
Kazorta.orq.

Referatikz.ru

Wikipedia.org

Massaget.kz


Сабақтың соңы

5 мин


Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғысхан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады? 4 аргумент келтіреді

Мақсаты:

  • Қазақстандағы моңғол шапқыншылығының әсерін анықтау.

  • Отырар қорғанысы арқылы жаугершілікке қарсы күрестегі Қазақстандықтардың ерлігін жан-жақты талдау.

Қазақстанның экономикалық дамуы






Әлеуметтік қатынастардың дамуы


Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

«Табыс критерийі» арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау

1………………………………………………………айта аламын

2………………………………………………………түсіндіре аламын

3……………………………………………………...зерттей аламын



Интербелсенді тақта, презентация


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




  1. Топтық жұмыста «Жарысты жалғастыр» ойыны арқылы есте сақтау қабілеті мен тарихи фактілермен жұмыс істеу дағдысын дамытуға байланысты сұрақтар қою;

  2. Жұптық жұмыста «Маршруттық ойын» әдісі арқылы картамен жұмыс жасау кезінде шартты белгілерді қолдану дағдысы дамиды

  3. Жеке жұмыста “Тізбек бойынша сұрау” әдісі арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін аудару және байқағыштығын дамыту жүргізіледі.

  4. Ерекше қабілетті оқушылар қосымша деңгейлік тапсырмалар арқылы сараланады.

Дискрептор арқылы кері байланыс, Смайлик, «Бас бармақ» тәсілі арқылы мұғалімнің және оқушылардың бірін бірі бағалауы, БББ кестесі арқылы өзін өзі бағалау.


Белсенді жұмыс түрлерін қолдану

Техникалық қауіпсіздік ержесі

Еден-төбе-мұрын” ойыны арқылы оқушыларды сергіту





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



1.

2.

3.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет