Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ең үздік футболшысы. Мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі17,87 Kb.
#43446

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ең үздік футболшысы.
Мақсаты:
Оқудағы және оқытудағы жаңа белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қасиетін дамыту
1. Білімділік: Топтарды қалыптастыру, бір - бірімен белсенді қарым - қатынас жасауға үйрету. Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру. Қалай оқу керектігіне және өзін - өзі бағалай алуға үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, тіл мәдениетін дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, спорт терминдері емлесін бекіту
3. Тәрбиелік: Серіктестік қарым - қатынас орнату. Еңбексүйгіштікке, өнерді қастерлеуге, Салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу
Жұмыс нәтижесі 1. Спорт тақырыбы бойынша ассоциация жинайды. 
2. Әр топ тақырыпты ашады, ой қозғайды. 
3. Өздерін бағалайды. 
Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушыларды қазақша ойлап, ойларын еркін жеткізуге үйрету, сөйлету
Салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. 
Тапсырмалар Жаңа сөздерді меңгеру. Жаңа сөздермен сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап береді. 
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! Қандай тамаша!
Мұғалім оқушыларға кескін суреттер таратады. Осы суреттер бойынша өз топтарынды тауып, жайғасамыз. Шаттық шеңберін құрып, алақан алысқан соң, ..... қолдан қолға жақсы тілектермен ауысады..

Топтарға бөлініп, әркім өз тобымен жайғасады


Үй тапсырмасы

І.Қызығушылығын ояту. «Викториналық сұрақтар» бойынша үй жұмысын тексереміз



  1. Есімдік дегеніміз не?

  2. Есімдіктің неше түрі бар? Оларды ата

  3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір

  4. Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір

  5. Жақсылық Үшкемпіров кім?

  6. Ол қашан, қай жерде туған?

  7. Ол бүкіл өмірін қай спорт түріне арнады?

  8. Спорттағы жетістіктері қандай?

  9. Спортта қандай марапаттаулары бар?

II. Суреттер бойынша сабақ тақырыбын анықтау.
- Балалар, кескін суреттерде нелердің суреттері бейнеленген?
- Жақсы. Доп, қақпа және футбол алаңы. Осы 3 суретке ортақ қандай ойын түрін білеміз?
- Өте жақсы. Қандай футболшыларды білеміз?
- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қазақстанның ең үздік футболшысы». Сабақ барысында Қазақстанның ең үздік футболшысы кім екенін, оның жетістіктерін білеміз және спорт терминдерінің емлесін еске түсіреміз.
БББ кестесін толтыру ( «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырамыз)
- Біз не білеміз?
- Нені білгіміз келеді? Оқушылар орындарынан тұрып, стикерлердегі сұрақтарға бір сөзбен жауап береді

Сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар ойларын айтады
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Кестені толтырады.


III. Жаңа сабақ

  1. Оқулықтағы 1-тапсырмамен жұмыс. Топтар кезек – кезек сұрақтарға жауап береді.

  2. Суретке қарап 2 тапсырма бойынша диалог құру. Әр топқа 2минут уақыт беріледі.

  3. 4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқып аударады. Мәтін бойынша мұғалім сұрақтар қояды.

Самат Смақов қашан және қайда туған?

Қазіргі уақытта Самат Смақов қай футбол клубында өнер көрсетеді?

Самат неше жасында футбол ойнай бастады?
Құрама командасындағы алғашқы ойыны қашан өтті?
Саматтың неше баласы бар?
Қай жылы ең бірінші алтын медалін алды?
Самат Смақовтың ойнаған клубтарын атаңыз?
Қазақстан Ұлттық құрамасында неше ойын өткізіп, қанша доп соққан?
Самат құрамадағы екінші добын қашан және кімнің қақпасына соқты?
- Енді алдын-ала берілген тапсырма бойынша Қазақстанның футбол клубтарын есімізге түсірейік. 

«Жигсо» әдісі.


Әр топқа мәтіннің бір бөлігі беріледі. 
1. Топ ішінде берілген мәтінді талқылап, тірек сызба жасайды. 
2. Бір оқушы түсіндіруге қалады, қалған үшеуі басқа екі топқа барады.
3. Осылай барлық топты тыңдап шығады.
4. Өз топтарына келіп тағы да естіген-білгендерімен бөліседі. 
Топпен жұмыс жасайды
Топ ішінде берілген мәтінді талқылап, тірек сызба жасайды. 
Бір оқушы түсіндіруге қалады, қалған үшеуі басқа екі топқа барады.
Осылай барлық топты тыңдап шығады. Өз топтарына келіп тағы да естіген-білгендерімен бөліседі. 

Сабаққа қатыспай қалған балаларға қосымша 7-тапсырмамен жұмыс жүргізу.

Сергіту сәтін орындайды
Футбол клубтарын атап өтеді

Әр топтан бір бала шығады


Қорытындылау Кері байланыс. БББ кестесін аяқтаймыз.

Екі жұлдыз, бір тілек. Әсерлерімен бөліседі.
Сабақ туралы өз қорытындылары
Үйге тапсырма Оқулық бойынша 3-тапсырма «Өзің білетін спорт түрі бойынша шағын мәтін құрастыру». 41бет «Футбол» өлеңін жаттау.Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Бағалау Жұлдызшалары бойынша, ауызша бағалаулары бойынша бағаланады
Каталог: uploads -> doc -> 084c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
084c -> Сабақ: Тіл дамыту Тақырыбы: Наурыз
084c -> Сабақ жоспары «Менің отбасым және достарым» Мектеп: №32 жнббм
084c -> Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы Тақырыбы: Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімдік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет