Сабақтың тақырыбы Азық-түлік дүкенінде Жалпы мақсаты



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі0,51 Mb.
#18628
түріСабақ
  1   2
Ақтау қаласы, №6 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Избергенова Роза Шығырбаевна



Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Азық-түлік дүкенінде

Жалпы мақсаты

Оқушының сөйлеу мәдениетін, өз ой-пікірін ашық баяндай білу шеберлігін, ортамен қарым-қатынасқа түсе білу ептілігін, жылдам ойлап, тіл табыса білу, пікірталас мәдениетін меңгертуге ықпал жасау;

Кез келген ортамен қазақша диалогке түсе білу мәдениетін қалыптастыру;

оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой түйіндеуге дағдылындыру;

Алған білімін өз бетінше жұмыста қолдана алуға жағдай жасау.

Топта бір-біріне деген сенімділік пен құрметтеу көзқарастарын қалыптастыру


Дереккөздер

Оқулық, интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар, бағалау бетшесі.

Оқыту нәтижесі

Ойлау және сөйлеу мәдениетін дамиды;

Дарынды және көшбасшы оқушылардың қабілеті танылады;

Оқушылардың бір-біріне көмектеседі, бірін-бірі тыңдау қасиеттері дамиды.


Орындалатын іс-әрекеттер




І. Сергіту.

ІІ. Топқа бөлу. Сұрақтар беру арқылы топ жетекшісін анықтаймын, санау арқылы топқа бөлініп, өздеріне тиісілі қызыл, сары, көк түстердің бірін топ жетекшісі таңдап алады.

ІІІ.Дүкендегі оқиға. Видео ролик көрсету.

ІҮ. Қимыл іс-әрекетке құрылған тапсырмалар орындау. Тапсырмалармен таныстыру.

1 - топтың тапсырмасы:

1) М. Әуезовтың шығармалар жинағының 75 - бетін ашып қараңыз.

2) Сіздің үйге қонақ келеді. Дүкенге барып азық- түлік сатып алу үшін, тізім жасаңыздар.

3) Дүкенге барып сатып алыңыз. Ол үшін дүкенші және тұтынушы диалогын құрастырыңыз.



2 - топқа тапсырма:

  1. Есік жақтан санағанда бесінші компьютердің жанында тапсырма бар.

  2. Асханаға барып, түскі ас мәзірін біліп келіңіздер. Асханадағы қайнаған су қойылған үстелдің астында тапсырма бар.

  3. Асхана сатушысымен сатушы мен тұтынушы диолгын құрастырыңыз.

3 - топтың тапсырмасы:

  1. Тапсырма ортаңғы терезенің алдында

  2. Не қанша тұрады? сұрағына жауап іздеңдер. тағамдардың бағасын көрсетіп жазыңдар ( плакатқа бағанға сызып толтырыңдар) тапсырманы орындап болып тақтада топпен түсіндіріңдер

  3. Бүктеп келесі адамға бер. Мысалы: Кеше мен .................. дүкеніне бардым.

Ү. Диктант жазу. Қабырғада әр топқа арналған мәтіндер ілінген. Топ болып мәтіндегі сөйлемдерді бір парақтың бетіне қатесіз, жазып шығуы керек. Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды

1-топ

Әдетте, біз қажетті азық түлік тағамдарын қаладағы көтерме дүкендер мен гипермаркеттерден сатып аламыз. Көтерме дүкендерде азық-түліктер мен заттар арзан болады. Осылайша менің ата-анам отбасы бюджетін үнемдейді. Қалада «Арзан», «Дастарқан», «Магнум», «Метро» және басқада гипермаркеттер бар. Дүкенге ата-анам жұмыстан шыққан кешкі уақытта не демалыс күндері барамыз. (45сөз)



2-топ

Біз дүкенге шығар алдында қажетті азық- түліктің тізімін жасаймыз. Дүкенде көп заттарды сатып алғың келеді. Ал тізім жасау қажетсіз шығыннан сақтандырады, отбасының бюджеті үнемделеді. Сонымен қатар қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік тудырады және жарнамадағы тағамдарды сатып алудан сақтандырады. Әрине азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден алуға болады. Бірақ онда бағалар қымбатырақ.(49 сөз)



3-топ

Біздің отбасылық бюджетіміз ата-анамның табысынан құралады. Ол ата-анамның еңбегінің нәтижесі. Олар табысқа қол жеткізу үшін еңбек етеді. Табыстың көзі еңбекте. Ата-анам отбасының айлық кірісі мен шығысын есептеп, үнемі отбасы бюджетін жоспарлап отырады. Көбінесе отбасы бюджетін бір айға жоспарлайды. Бюджет – белгілі бір уақыт ішіндегі барлық кіріс пен шығыстың жиынтығы. (48 сөз)



Бағалау


Топтар бір - бірін бағалайды

Бағалау парақшасы ( 1-5 ұпай аралығында бағалаймыз)

«5»-17-20ұпай

«4»-14-16үпай

«3»-10-13 ұпай


Топтың түсі...




Ұпай саны

баға

1-тап.

2- тап.

3- тап.

4-тап.

сөздік диктант



қатесі

Сөз саны

ұпай




1.

лидер


























2.
























3.

























4.

























5.

























6.


























рефлексия

Бүгінгі сабақ туралы өз ойларын ортаға салады.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет