Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер, көзауықтар, тұқы балықтар. Балықтар байлығын үнемі пайдалану, оларды қорғау және көбейту Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата30.05.2017
өлшемі70,35 Kb.
#17192
Бекітемін: Күні: Сыныбы: 7Б

Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер, көзауықтар, тұқы балықтар.Балықтар байлығын үнемі пайдалану, оларды қорғау және көбейту

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі:Балықтардың кәсіптік маңызы мен балықтар байлығын үнемі пайдалану, оларды қорғау және көбейту жайында мағлұмат беру

Дамытушылығы: жаңа білімді игеру, сөйлеу шеберлігін, өз ойын қорытындылау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: оқушылардың белсенділіктерін арттыру, ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: жарыс сабақ

Көрнекілігі: бейнекөрініс, слайд,

Сабақтың жоспары:

І. Үй тапсырмасын сұрау



а) Сәйкестігін тап

1. Шеміршекті балықтардың дене жабыны а. тұтасбастылар

2. Тұлға мен құйрық бөлімдерінің арасын бөліп тұрады ә. желбезек

3. Жылдам жүзу әрекетін реттейтін ми бөлімі б. іштей

4. Шеміршекті балықтардың ұрықтануы г, манта

5. Балықтардың тыныс алу мүшесі ғ. мишық

6. Скаттардың ең ірі түрі д. плакоидты қабыршақ

7. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді балық е. клоака



Жауабы: 1 – д, 2 –е, 3-ғ. 4 –б. 5 – ә. 6 –г. 7 – а

ә) Сөздікпен жұмыс

Ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым

Бүйір сызық – жүзу бағытын анықтаушы, арнайы сезім мүшесі

Плакоид – тақташа пішінді қабылшақ

Клоака - тік ішектің кеңейген жері

Уылдырық – балықтардың болашақ ұрпағы

ІІ. Жаңа сабақ.

Кәсіптік балықтарды қолдан өсіретін орын балық өсіретін зауыт деп аталады.Қолдан ұрықтандыру үшін уылдырықтауға даяр аталық және аналық балықтарды судан аулап, арнайы ыдысқа аналықтың уылдырығын абайлап сығып шығарады, оған аталықтан алынған тұқым сұйығын – шоғал құяды.Қолдан ұрықтандырылған уылдырық арнаулысеңгелде (ваннада) сақталады, температурасы +14 -20 градус суда уылдырықтан бір аптада дернәсілдер пайда болады.Дернәсілдер бұл қауызда (бассейінде) 2-3 рет жемделгеннен кейін шабаққа айналады. Ал шабақтар табиғи тоғанға немесе суқоймаға жіберіледі. Қазақстанда Бұқтырма теңізі жанында уылдырық шашып, балық шабағын өсіретін арнайы шаруашылық бар.



Кәсіптік балықтардың топтары

  1. Майшабақтектестер отряды

  2. Сетінектер отряды

  3. Көзауықтар отряды

  4. Тұқы балықтар

Майшабақтектестер отряды

Теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі мұхит майшабағы. Жайық өзенінде кездесетіні еділ майшабағы. Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген.



Сетінектер отряды.

Балықтың кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтансетінек деп атаған. Еті, бауыр майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Құрамында Д витамні мол. Мешел ауруына қарсы ем ретінде қолданылады.



Көзауықтар отряды

Тұлғасы жалпақ, теңіздің түбінде тіршілік етеді. Оларды темір аулар салып аулайды. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені аулап, табыс көзіне айналдыруда.



Тұқытәріздестер отряды

Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран,мөңке,қаракөз,табан,ақмарқа,қаяз балықтары жатады.

Тұқы,мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларда өсіру тиімді әрі пайдалы. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық түрлері кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.(1996)

Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда.Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар. Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар.Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі.Балық уылдырығы (Балық тарысы) - балықтар мезгіліне қарай көшеді, қыс түсіп, мұз қалыңдағанда тармақ өзендегі балықтар ұлы өзенге, тереңге қарай тартады, ал көктемнен жазға дейін ағынды өзендерден уылдырықтың дамуына қолайлы тармақ өзендерге, суы жылы, ағыны баяу, таяз жерге жүзіп барып, уылдырық шашады.

Балық уылдырығы тарыға ұқсайтындықтан опы балық тарысы деп те атайды. Балықтың құнарлы, нәрлі болатын уылдырығын ұнға аунатып алып қуырып та жейді. Ал бекіре, қызыл балық уылдырығын сүзгіден өткізіп, шырыш ажыратып, шикілей сақтау арқылы тағам ретінде пайдаланылады.

ІІІ. Сабақты бекіту және қорытындылау



  1. Кестемен жұмыс

Қандауыршаға тән белгілер

Акулаға тән белгілер







  1. Қанайналу жүйесі – тұйық

  2. Бас қаңқасы бар

  3. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады

  4. Белсенді тіршілік етеді

  5. Іштей ұрықтанады

  6. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары бар

  7. Ішкі қаңқасы – желі

  8. Жұп жүзбеқанаттары бар

  9. Желісінің қалдығы бар

  10. Сырттай ұрықтанады

  11. аналь тесігі бар

  12. ас қорыту жүйесі колакамен аяқталады

  13. тоқ ішегінде оралма қатпар бар

ІІ топ Сүйекті балықтар тобы

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар







  1. Қортпа, пілмай, латимерия, бахтах

  2. скат, тұтасбалық, акула

  3. тоқ ішегі жуан әрі оның ішінде оралмалы қатпарлары бар

  4. терісі ірі қабыршақтармен қапталған

  5. терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған

  6. Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар

  7. Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады

  8. тоқ ішегі мен аш ішегінің шекерасында ұсақ тұйық өскіндері бар

  9. тұмсығы алға созылыңқы

  10. торсылдағы болады

  11. торсылдағы болмайды

  12. клокасы бар

  13. аналь тесігі бар

  14. іштей ұрықтанады

  15. сырттай ұрықтанады

  16. уылдырығының саны аз

  17. уылдырығының саны аз

  1. тест тапсырмалары

  1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:

а) маммология ә) герпетология б) ихтология

2. Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар

а) сүйекті балықтар ә) шеміршекті балық б) шортан

3. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған

а) акула ә) скат б) аратұмсық

4. Қызыл кітапқа тіркелген сүйекті балық

а) Іле шермайы ә) балқаш алабұғасы б) еділ майшабағы

5. Балықтардың бүйір сызығы анықтайды

а) судың жылылығын ә) судың тұздылығын б) су ағысының күшін,бағытын, тербелісін

6. Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады

а) жауынан қорғану ә) дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өту б) жауынан жасырыну

7. сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі

а) бүйрек ә) несепағар б) қуық

8. Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады.

а) уылдырық-балық ә) дернәсіл –балық б) уылдырық-дернәсіл – шабақ

9. Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

а) жүрек, қантамырлар ә) өкпе, желбезек б) жұтқыншақ, өңеш

10. Қара уылдырық алынатын балықтар

а) албырттектестер ә) бекіретектестер б) майшабақтектестер

11. Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы

а) қаны бар жануарлар ә) салқынқанды жануарлар б) жылықанды жануарлар

12. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы.

а) қағанақсыздар ә) қағанақтылар б) құстар

Жауаптары: 1-б, 2-ә, 3-а, 4- б, 5-б, 6-ә, 7-б, 8-в, 9-а, 10-ә, 11-б, 12-а

IV.Үйге тапсырма беру.

Мәдениет ауылының өзен-көлдеріндегі балықтар тіршілігі туралы хабарлама дайындап келу.



V.Оқушыларды бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет