Сабақтың тақырыбы Балықтардың көбейуі және дамуы. Мінез -құлығының ерекшеліктері. Кәсіптік маңызы



Дата13.08.2017
өлшемі60,65 Kb.
#23346
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:Наурызбай батыр Құтпанбетұлы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ


Күні: 07-09.02.2017ж Мұғалім: Ахмуратова Шырын Туленовна
Сынып: 7б, в Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Балықтардың көбейуі және дамуы. Мінез –құлығының ерекшеліктері. Кәсіптік маңызы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттар(оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы біледі.

Балықтардың көбеюінің өзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қамқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастырады, тану біліктілігі дамиды.

Су ортасындағы жағдайға тәуелділігіне байланысты экологиялық әр түрлілігі және шығу тегі жайында ұғым беру.


Сабақ мақсаттары

Балықтардың көбеюінің өзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қамқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастырады, тану біліктілігі дамиды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Балықтардың ерекшеліктерін меңгереді, ұқсастықтарын ажыратады өзі түсіне отырып, өзгелерге де түсіндіре алады. Берілген тапсырма арқылы тапсырманы орындай алады.

Негізгі сөздермен тіркестер: Өрістеу. Қоректік өрістеу.Қыстап шығу өрістеуі. Көбею өрістеуі.

Сыныптағы диалог: Оқушылар электронды оқулықтан тыңдағандарын қолдана отырып постерге түсіру кезінде ортақ мәмілеге келеді.

Пәнаралық байланыстар

География пәні. Карта бойынша балықтар мекен ететін ірі мұхиттар мен өзен, теңіздерді көрсету.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интербелсенді тақтаға жазады,суреттер арқылы жұмыс жасайды.

Бастапқы білім


Сүйекті балықтар класының жіктелуі және жеке отрядтары туралы біледі. Саулеқанатты және қалаққанатты балықтар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

5минут Қайталау сұрақтары:

1.Балықтарға жалпы сипаттама

а) Балықтарды неше класқа бөлеміз?

ә) Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

б) Балықтардың дене бөлімдерін ата

2. Шеміршекті, сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы қандай?

а) Денесінің бөлімдері

ә) Жүзбе қанаттары

б) Терісі

3. Шеміршекті, сүйекті балықтардың ішкі құрылысы қандай?

а) Ми бөлімі

ә) Асқорытуы

б) Тыныс алуы

4.Балықтардың сезім мүшелерін ата

Топқа бөлу.Оқушыларды түс арқылы топқа бөлу:

1.тапсырма «Өзіңді тексер».

Төменде берілген шеміршекті балықтармен сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қою арқылы кестені толтыру.



2 тапсырма. «Сурет арқылы жұмыс жасайды».Қандауыршаның ішкі құрлысын сипаттайды .8минут

3- тапсырма

Суретте берілген сандарға сәйкес сүйекті балықтың ішкі мүшелерінің атауларын жазу.



АКТ, слайд,

электронды оқулық,

интербелсенді тақта. презентация, кесте «Балықтың ішкі құрылысы», видео,


Сабақтың ортасы


ІІ.Жаңа тақырып.

«Миға шабуыл»

Балықтар қалай көбейеді? Олардың адам өміріндегі маңызы қандай? Балықтың өрістеуін табиғатта көрдіңдер ме?

Балықтар туралы электронды оқулықтан көрсетіледі.

Бағалау таратып,түсіндіріп беремін.Оқулықпен жұмыс:

1-топ Көбею мүшелері

2- топ Өрістеуі.

3-топ Балықтардың кәсіптік мәні

V. Жаңа сабақты бекіту:

І. «Балық аулау» ойыны. Балықтуылдырықдың суретін алып ондағы сұрақтарға жауап беріп, шелекке жинайды

1. Ұрықтанудың түрлерін ата

2. Өрістеу деген не?

3. Өрістеудің қандай түрлері бар?

4. Кәсіптік мәні бар балықтарды қалай көбейтеді?

5. Өрістегіш балықтарды ата

Жауабы: бекіре, албырт, жыланбалық

6. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын балықтарды ата

Жауабы: Шортан, сазан, треска, сутіл

ІІ. Биологиялық диктант:


  1. Балықтар........ жынысты жануарлар

  2. Теңіз алабұғысы ғана ........

  3. Аналық безде.......деп аталатын майда жұмыртқа ...... жетіледі

  4. Сүйекті балықтар ........ ұрықтанады

  5. Кейбір балықтар көбею кезінде.....

  6. Аталық безден бөлінетін ....... деп аталады

ІІІ. Балықтың шын атын тап

Берілген басқатырғы бойынша дұрыс жауаптарын табады

Жауап: Шармай, Қортпа, Химера, Бекіре, Сүйрік, Шаншар, Шортан, Таутан, Треска, Албырт

ІV. Өрістегіш балықтар сызбасын толтыр:


  1. Өзеннен теңізге қарай

  2. Теңізден өзенге қарай




Сабақтың соңы

VІІІ.Бағалау . Өзін-өзі бағалау (2 минут) (Формативті бағалау)

Оқушыларға таратылып берген парақша арқылы:



Кері байланыс:Рефлексия. (2 минут). Бүгінгі сабақта не ұнады ?Не ұнамады?Оқушылар балық стикерлеріне өздерінің сабақ қалай откені туралы жазып,Тақтада шығып тұрған су асты суретіне алып барып жабыстырады. Өте жақсы балалар !Сендердің балықтар туралы білімдерін осы су астындағы өмірде мәңгі қалқып жүреді дегім келеді.

VІІ..Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Балықтарға байланысты сөзжұмбақ құрастыру




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?Қосымша тапсырмалар беремін.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Қалыптастырушы бағалау.

Топтардың бірін-бірі бағалауы, критериалды бағалау.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Каталог: uploads -> doc -> 0cf8
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf8 -> Сабақ жоспар Биология пәні Сыныбы: 7 сынып Сабақтың тақырыбы
0cf8 -> Сабақ Тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу
0cf8 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар! (Балалар хормен). Сәлеметсіздер ме!
0cf8 -> Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі кмм 5 сынып бойынша музыка пәнінен оқушы білімін тексеру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет