Сабақтың тақырыбы: Бастауыш



Дата06.07.2018
өлшемі47 Kb.
#47381
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Мерзімі: 16.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш

Сабақтың мақсаты: Бастауыш туралы білу, Бастауыштың сұрақтарын және шартты белгісін, қай сөз таптарынан жасалатындығы туралы білу.

Күтілетін нәтиже: Бастауыш туралы біледі, Бастауыштың сұрақтарын және шартты белгісін, қай сөз таптарынан жасалатындығы туралы біледі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау, топтық жұмыс, диалог,

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

3 мин

Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі: Топқа бөлемін, топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтамын.

Топтар:

Оқушылар топқа бөлініп,

өз қызметтерін алады.

Мозаикалық әдіспен суреттер арқылы

7 мин

Өткен материалды пысықтау үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы үй жұмысын талқылаймын.

Ой қозғау: проблемалық сұрақтар қою арқылы пысықтаймын.

Сұрақтар:

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміздің мағынасы неде?

  2. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді деп ойлайсыздар?

  3. Тұрлаулы мүшелерге қай мүшелер жатады екен?

  4. Баяндауыш қандай мүше?

  5. Анықтауыш қай мүшеге жатады деп ойлайсыз?

  6. Тұрлаусыз мүшелерді білесіз бе?

  7. Тұрлаулы мүшелер нені құрауға негіз болады?

  8. Бастауыш пен баяндауыш қандай мүшелер?


Кеспе қағаз тарата отырып үй тапсырмасын тексеремін. (Кеспе қағаздары оқушылардың білім деңгейіне сай беріледі)


Оқушылар топпен бірге сұрақтарға жауап береді. Берілген тапсырмаларға оқушылар жауап жазады және жауап береді. Топ жеткшісі бағалайды.

Инт. Тақта, слайд, кеспе қағаздары

15 мин

Негізгі бөлім. Мағынаны тану: Жаңа тақырыпты тақтаға жазып қоямын және оқушылар өз беттерімен ізденіп , тақырыптың мазмұнын ашуы керек
Жаңа тақырыпқа түсінік беремін:

Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.

  1. Зат есімнен болады.

  2. Есімдіктен болады.

Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.

  1. Сан есімнен болады.

Мысалы: Алты екіге бөлінеді

  1. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есімесімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады:

Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.

  1. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеуодағайшылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі.

Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.


Оқушылар оқулықтан ізденіп, тақырыптың мазмұнын ашады және басқа оқушыларға түсіндіріп береді. Тыңдайды.


Слайд, оқулық

Сабақ ережелері жазылған парақшалар

10 мин

Тапсырма орындатамын:

1-тапсырма.

Дәрігер науқас адамдарды емдейді.Құс аспанға ұшты.Аю қысқы ұйқыға қамданды.Арман тамылжыта ән салды. Сөйлемдердегі бастауыштардың астын сызып шығуды тапсыру

Постер дайындатамын.

Сөйлемдердегі бастауыштардың астын сызып шығады.

Постер дайындайды.

Слайд,

бағалау парақшалары, стикерлер.

5 мин

Қорытынды. «Қар жауды» ойынын ойнатамын. Бүгінгі сабақта өткен тақырыптан түсінгендерінен қағазға сұрақтар жазып, ұмаждап досына лақтыртамын. Екінші оқушыға оны ашып оқытамын және жауап бердіремін.

Оқушылар бүгінгі сабақта өтілген тақырып бойынша түсінгендерінен қағазға сұрақтар жазып, досына лақтырады және екінші оқушы оны ашып оқиды және жауап береді.

қағаздар

3 мин

Бағалау. Топтар бір-бірлерін берілген цифралар, яғни сандар арқылы бағалайды және жұмыстарының қорытындысы бойынша мен оларды әртүрлі смайликтер арқылы бағалаймын. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. Топтық жұмыстардың критерийлері жасалып , дескрипторлар арқылы жиынтық бағасы қойылады.

Табыс критерийлері

2 мин

Рефлекция. Кері байланыс: Инсерт әдісі

Өткен тақырып бойынша

өз пікірлерін жазады.

Стикер

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет