Сабақтың тақырыбы: Бастауш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Сабақтың мақсаттары: Білімділік



Дата27.07.2017
өлшемі64,3 Kb.
#22016
түріСабақ
Күні: 27.11.2013 ж Пәні: Қазақ тілі Сыныбы 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Бастауш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушылшарға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрудатың сөйлем құрудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Баяндауыш туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Қазақ тілінің сөз байлығы арқылы оқушылардың тілін дамыту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ой шапшаңдығын дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ұқыпты-лыққа, тиянақтылыққа, ұлтжандылыққа, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру. Ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқушының күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру, ой-өрістерін ұштау, ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жалпылау, түсіндіру, өткенді пысықтау.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс, ой қозғау, сұрақ – жауап, салыстыру.



Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка.

Сабақтың көрнекілігі : Үлестірмелі қағаз, ұлттық ойындардың суреті, мақал-мәтелдер, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің». Сәлем беріп бір-бірімізге жылылық сыйлайық. Бір-біріне жылы сөздер айтады. Құрал-жабдықтарын алып даярланады.



Қызығушылығын ояту: Оқушылардың өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау. Оқушыларды білімді, саналы түрде меңгеруге дайындау. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Мұғалімнің сөзі:

- саламатсыңдарма балалар, елбасымыз Н. Назарбаев: «Сабақтан қалмай, сапалы да, саналы білім алу» деген ұлағатты сөзін ұстана отырып, бүгінгі сабақта сендердің сапалы білім алып шығуларыңды тілеймін.



Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар, біз сабағымызды мына ұранмен бастайық. (Оқушылар хормен айтады)

Қазақ тілім – өз тілім дана тілім.

Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені.

Болашағым, бақытым қазақ тілім

- Балалар, қазір қай мезгіл?

- Күз мезгілі

- Иә дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінің адамдар үшін ерекшелігі қандай?

- Күн суиды, құстар жылы жақа кетеді, жеміс – жидектер піседі.

- Дұрыс айтасыңдар балалар, жеміс-жидектер піседі. Мен сендерге күзгі дақылдарды жинап алып келдім. Сендер сабақ барысында берілген тапырмаларды орындасаңдар осы жеміс-жидектерді үлестіріп беремін.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ етіп өткіземіз. Ол үшін бірінші топқа бөлініп аламыз. Сабағымызды ана тілі сабағымен байланыстыра отырып, топтың атын ұлы түлғалардың есімімен атасақ. Бірінші топ «Ыбырай ауылы» деп аталады.Екінші топ «Жамбыл ауылы», Үшінші топ бізде «Абай ауылы», ал төртінші топ «Ахмет ауылы» деп атаймыз.



- Өткен сабағымыздағы алған білімдерімізді тиянақтау мақсатында математика сабағымен байланыстыра отырып, сөзжұмбақ шешеміз.

- Балалар, сызықша қай кезде қойылады?



- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Досжан – студент. Абай – халық ақыны.

Оқушыларға слайдтта берілген өлеңді мәнерлеп оқыту, көркем етіп дәптерлеріне жаздыру.

Отан – туған үйіміз,
Отан – туған жеріміз.

III. Ой қозғау.


  • Бұл тапсырмада әр топ өздерінің топтарымен аталатын ақын жазушылар туралы қысқаша мағлұмат береді.

IV. Сергіту сәті.

  • - Ал, балалар, бойымызды сергітіп алайық.

  • Торғай-торғай тоқылдақ

  • Жерден тары шоқып –ап

  • Бөтегесі томпайып

  • Шиқ-шиқ етіп отырмақ

  • V. Оқулықпен жұмыс. 56 – жаттығу бойынша жүмыс жүргізу. Оқулықтағы сөйлемді төрт оқушыға оқытып, әр топ оқушылары сурет бойынша сөйлем құрастыру.

  • VI. Активстудиомен жұмыс. Берілген сөздерді екі себетке салу.

  • Шарты: Бастауышпен баяндауышы зат есімге жауап беретін сөзерді қызыл себетке, етістікке жауап беретін баяндауышты көк себетке жинап салу керек.

  • VII. «Жүйріктен жүйрік озар»

  • - Бұл ойын балалар, сендердің жылдамдықтарыңды арттырады.

  • Шарты: Берілген сөздердің жалғасын тауып сызба арқылы көрсетулерің керек.

  • VIII. Қорыту.

  • - Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді және сұрақтары қандай?

  • (Ережесімен толықтырып айтады)

  • - Бастауыш, баяндауыш.

Бастауыш Баяндауыш


Кім? Кімдер?

Не? Нелер?



Не істеді?

Қайтті?


Не қылды?

Тұрлаулы мүшелер


  • Тест бойынша жұмыс жүргізіледі.

  • 1. Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:

  • А)Зат есім Ә)Бастауыш Б)Баяндауыш

  • 2. Қандай жағдайда сызықша қойылады?

А) Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса

Ә) Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса



  • Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса

  • 3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

  • А)Сөз таптары дейміз Ә)Сөйлем мүшелері дейміз Б)Сөз дейміз

  • 4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А) Кім? Не?кімдер?нелер? Ә) Қандай?қай? Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

  • 5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөді тап:

А)Етістік Ә) Зат есім Б)Баяндауыш

  • 6. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай?қай? Ә)неше?нешіші? Б)Кім? Не?кімдер?нелер?



  • Қайталау.




Әр топқы үш ұяшықтан беріледі. Оқушылар ұяшықта берілген сұрақтарға жауап береді.



IX. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.

Күнделікті енді ашайық


Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

59 – жаттығу. Екі әріптен тастау отырып мақал құрастыру. Мақалдың мағынасына қарай сөйлем құрастырып келу.



Х. Оқушыларды бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет