Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»



Дата26.08.2017
өлшемі241,39 Kb.
#28627
түріСабақ
Жамбыл облысы.Қордай ауданы.Қайнар ауылы.№32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бейсенова Алиша Асылбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.
Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыны жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, қызығушылығын ояту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жинақтау - бекіту - талдау
Түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Бердібек Соқпақбаев портреті, кітаптары. «Менің атым - Қожа» фильмінен алынған суреттер.
Әдісі: Сұрақ - жауап, Рафт - 2, «Топтастыру»

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа
назарын аудару.
Сабақтың жоспары:
1. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. (Үй тапсырмасы )
2.«Білген сайын келеді біле бергім…» (Жаңа сабақ)
а) «Түбінде адам болатын бала» (Қожа бейнесі)
б) «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»
(Шығармашылық жұмыс)
3. Не үйрендім, не білдім. (Сабақты бекіту)
4. Бақытты балалық шақ. (Сабақты қорыту)

(Кинодан кішкене үзінді беріледі?)
2. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» хикаяты
- Балалар, үйге берілген тапсырманы біз бәйге түрінде өтеміз.
Мен ойын шартымен таныстырайын.

Сызба орналасқан әрбір ұяшықта Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» хикаятының желісі бойынша сұрақтар жасырылған
1. Оң жақтағы 10. Хикаят қалай басталатын еді?
2. Cол жақтағы 10. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді?
3. Оң жақтағы 20. Мектеп жанындағы кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп еді, одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды?
4. Сол жақтағы 20. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған болатын?
5. Оң жақтағы 30. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабағында Жантас не үшін сөгіс алды және бұл жайтқа Қожаның көзқарасы қандай?
6. Сол жақтағы 30. Қай оқиғадан кейін сынып жетекшісі Майқанова сабаққа екі күн қатарынан келмей қалды?
7. Ортадағы 40. Тәртіпсіздігінен кейін анасы Қожаға өз ренішін қалай білдірді?
8. Ортадағы 50. Сәйбек қарт Қожаға әкесі жөнінде қандай естеліктер айтып берді?
9. Ортадағы 60. Қожаның әдепті жолға түсуіне себептерді ата?

Жаңа сабақ «Білген сайын келеді біле бергім…»
Қазақ прозасына қайталанбас соны леп, өзгеше өрнек, ғажайып сыр - сипат әкелген көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі - Б. Соқпақбаев.
Б. Соқпақбаев - нәзік психолог, бала жанын терең зерттеген қаламгер. Шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған құнды дүниелер. Сондай шығармаларының біріМенің атым - Қожа» хикаятымен таныспыз. Бүгін шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасаймыз.

4. Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізу.
Кесте толтыру.

Белсенді кейіпкерлер: Қожа, Жантас, Миллат МайқановаҚожа, Жантас, Миллат Майқанова
Тасадағы кейіпкерлер: Жанар, Оспанов
Белсенді кейіпкерлер

5. Енді «Қожа қандай баладеген сұраққа жауап іздейміз. Менің байқауымша, сіздердің пікірлеріңіз әр түрлі. Соған байланысты сынып екі топқа бөлінген.
1топ қарары: «Қожа - жақсы бала»
2топ қарары: «Қожа - тентек бала»

«Қожа - жақсы бала»
Қожа - алғыр бала
- ақылды бала
- әділетті бала
- мейірімді бала

«Қожа - тентек бала»
Қожа - өтірікші бала
шыдамсыз бала
- бұзық бала
- тиянақсыз бала

«Теріп алу» стратегиясы
Алғыр, пысық -------------- әділетті
өтірікші ---------------------- ақын
ақылды ---------------------- әзілқой
сотқар, тентек ------------- арамза
мейірімді ------------------- тапқыр
қу, зымиян ------------------ қателіктерді түсіне біледі
шыдамсыз ------------------ жағымсыз
тиянақсыз

«Топтастыру» стратегиясы
Қожа
Жантас

7. «Қай сәт бейнеленген
1) «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін»
(Бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесер сәт )
2) Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес, алты жыл бұрын өз қолымызбен отырғызылған теректер. Бір теректің басына маймылша өрмелеп шығып алдым. (Пед. Кеңес болып жатқан сәт)
3). Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде басыма сап етіп, бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сөмкесіне сүңгіттім де жібердім. (Сөмкеден бақаның шыға келу сәті)
4). Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен бір керемет улы газ өңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. Жер дүние төңкеріліп бара жатты. (Қожаның темекі тартқан сәті)

8). «Мынау кім
- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш. (Жантас)
- Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа)
- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін.(Майқанова)
- Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың?
- Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Сәйбек қарт)
- Келесі сабаққа қайсысың бақа ұстап әкелесіңдер. (Оспанов)

9. «Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас»
(Шығармашылық жұмыс)
Рафт - 2
Рөл: Қожа
Аудитория: Сынып бөлмесі
Форма: Ішкі ой
Тақырып: Түбі адам боламын.
10. «Түбі адам болатын бала» көрініс.
Қожаның қаулысы

Сабақты бекіту.
11. «Не үйрендім, не білдім
Осы сабақтан «Жүрегіме не түйдім
12. Үйге тапсырма: «Бақытты балалық» ойтолғау
13. Оқушыларды бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет