Сабақтың тақырыбы: «Біз не үйрендік?»



Дата21.07.2020
өлшемі234,04 Kb.
#63589
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: « Біз не үйрендік?»

Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау,

                                сандарды (тура, кері) санауға,  атай білуге үйрету

                                мақсаты көзделді.

                                 Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсінік

                                терін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздер

                                ді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын

                                байыту.

                               Оқушылардың бойына  үлкенді сыйлап тыңдай

                                 біліп, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғау

                                ға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ



Көрнекілігі:  суреттер слайд түрінде, түрлі түсті қағаздар мен қарындаштар

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар

-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа  барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз    «Біз не үйрендік?» деп аталады.  Бүгінгі тақырыпта  сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).

-Балалар сендер білесіңдер ме?

-Неше жыл мезгілі бар?

-Кәне, кім маған айтып берем дейді?

-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.

Қазір бізде қандай мезгіл?

-Дұрыс, қыс

-Қыста қандай мереке болады?

Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?

Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы сауат ашу сабағынан

-дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?(дыбысты естиміз,ауызбен айтамыз ,ал әріпті көреміз ,оқимыз және жазамыз )

1.

-дыбыстар нешеге бөлінеді?



- ал дауысты дыбыстар қалай айтылады?(еркін,созылып айтылады .)

-ал дауыссыз дыбыстар созылып айтылмайды

-қандай түспен боялады?

2 Мына сөздерді буынға бөл

Ба-қа , бал-ға, бал-та, ба-ла, тон, ке-се,ат

3 Мына сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Ата ,әже ,әке , әпке ,маса
Дидактикалық ойын : «Ғажайып текше»

Шарты : текшенің 6 жағында дыбысқа байланысты суреттер жабыстырылады. Текшені айналдырып ,ортаға лақтырады .Қандай сурет түссе ,сол суретті байланыстырып сөлем құрау керек .
-Келесі жыл мезгілі қандай?

-Дұрыс, көктем.

-Көктем  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша  дайындаған тапсырмасын орындайық.

1. Тура, кері санау.

2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару

3.Салыстыру



                                     

Сергіту  сәті:

1,2,3   қарлығаш боп ұш,

4,5,6   қарлығаш боп шалқы,

7,8,9,10 қарлығаш боп қон.

-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?

-Дұрыс, жаз

-Жаз  мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?

-Орманға барып, не тереміз?

Ал енді жаз мезгілінің тіл дамыту сабағы бойынша  тапсырмасын орындайық.

-сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Жұмбақ жасыру:

Ағаш толы сары шымшық,

Сілкіп көрсең түседі ұшып.

                                                                     (Жапырақтар)

-Дұрыс,жапырақтар. Сонда келесі мезгіліміз?



-Дұрыс, күз

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күзде нелер піседі?

-Жақсы, енді күз мезгілінің жаратылыстану сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.

-табиғат дегеніміз не?

-табиғат нешеге бөлінеді?

-тірі табиғат және өлі табиғат?

Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?

Қорытынды:



Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет