Сабақтың тақырыбы: ч ч дыбысы және әріпі



Дата26.06.2018
өлшемі19,82 Kb.
#44237
түріСабақ



Сыныбы: 1 а

Орындаған: Балмасова Х.

2015 жыл

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы және әріпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Ч дыбысы мен әріпін таныту. Ч әріпі бар сөздер мен

буындарды оқыту.

2. Тақырыпты оқуға, әңгімемен беруге үйрету.

Әріпті танумен қатар сөйлем құрауға, талдауға үйрету,

тіл байлықтарын дамыту.

3. Шапшаңдыққа, ойларын қозғауға , кішіпейілділікке

баулу.

Көрнекілік: Ч әрпіне жасалған суреттер жиынтығы, Қажымұқанның, Мұстафа Өзтүрік, Ғұсман Қосановтың суреті. Ауыр атлетикадан

Төрт дүркін әлем чемпионы, екі дүркін олимпиада чемпионы жерлесіміз Илья Ильиннің, Олимпиада чемпиондары

Мая Манеза, Зульфия Шинчанлоның суреттері.

Қима әріптер, буындар, киіз үй бөліктері, көктем көрінісі суреттері, баспатабақ.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Ц дыбысы мен әріпі.

- Балалар табиғаттың тамаша мезгілі де келіп жетті. Бұл мезгілді ұлы Абай атамыз: «Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы.

Масатыдай құлпырар жердің жүзі»

деп бейнелеген.

- Қазір қай ай?

- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Наурыз жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Наурыздың 22-сінде қой жылы кіреді. Бұл күнді келер жылдан үлкен үміт күтіп бар адам ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Бұл күнді Ұлыстың ұлы күні дейді. Жер жерде киіз үйлер құрылады.Бізде киіз үй тігейік.

- Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?

- Кереге шаңырақ, уық, есік, табалдырық, маңдайша.

- Ең бірінші есігін қоямыз.

Есігін алған оқушы артындағы сөзді оқып магнитті тақтаға іледі.

Есіктің артында – цирк, керегесінде – цех, уығында – цемент,

шаңырағында – циркуль деген сөздер жазылған.

Ц – қандай дыбыс?

Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Фонетикада сөйлеу мүшесінің қызметі бойынша: «Ц» тіл алды жуан, қатаң дауыссыз дыбыс. «Бәйге жарысы» ойынын ойнату.

Үйге берілген « Цирк» мәтінін үш қатар оқушылар тізбектеп оқиды.

«Ц» дыбысына сөздер ойлап тауып , сөйлем құрату.

«Клоун» өлеңін 4-5 оқушыдан жатқа сұрау.

Қай қатар жақсы оқыса, жеңген қатарға сыйлық беріледі.

III. Сергіту сәті.

Біз балдырған айдаймыз,

Уықтарды байлаймыз,

Керегені қалаймыз,

Үйімізді жайлап ап

Наурыз тойын тойлаймыз.



IV. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1. Бүгінгі өтетін тақырыпты, мақсатын хабарлау.



Жұмбақ шешу.

Ч ч әріпінің баспа және жазба түрін көрсетіп, ч дыбысы бар сөздерді атату.

Ч дыбысын ауада жазу, тақтада жазу, екі элементтен тұратынын айту.

«Ч» тіл алды, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп Орыс тілінен енген сөздердерде қолданады.



Оқулықпен жұмыс.

107 – бет.

А) Суретпен жұмыс. Мұғалімнің оқуы.

Ә) Бағандағы сөздердерді буынға бөліп оқыту.

Б) Өлеңді оқу, буынға бөлу .

Тізбектей оқыту

Саралап оқыту

Жеке-жеке оқыту

Хормен оқу.

«Кім шапшаң?» ойынын ойнату.

Жеделхат бойынша гүлшоғының тапсырмасын орындау.

Есте сақтау диктанты. (ауызша).

Чек, чемпион, чемодан, мичурин. 4-5 оқушыдан сұрау.



Тақтамен жұмыс.

Қажымұқан – әлем чемпионы.

1) буынға бөлу, 2) дауысты, дауыссызды ажырату.

Суретпен жұмыс. Чемпиондар суретімен таныстыру:

Қажымұқан Мұңайтпасов,

Мұстафа Өзтүрік,

Желаяқ Ғұсман Қосанов.

Чемпиондар екенін әңгімелеу, түсіндіру.

Қазіргі уақыттағы ауыр атлетикадан зілтемір көтеруден екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы жерлесіміз Илья Ильиннің суретімен оны зілтемірін сурет арқылы көрсету, түсіндіру.

Олимпиада чемпиондары Мая Манеза, Зульфия Шинчанлоның суреті бойынша таныстыру, әңгімелеу, түсіндіру.
Жазу

орталығы

Оқу

Буыннан сөз құрау: Чем-пи-он, чек, че-мо-дан.

Дәптермен жұмыс: Әріптерді көркем жазу. Әрбір сызықтардан асырмай әдемі, дұрыс жазуға үйрету.

Бинго ойыны.

Чек бойынша ойналады, әрбір сұрақтарға мұқият жауап берсе, чупа-чупс конфеті беріледі.



Қорытынды:

Қандай әріппен таныстық?

- Ч ч қандай дыбыс?

- Балалар әлемді аузына қаратқан әлем чемпиондарымен таныстық па? Сендер де осы кезден спортпен айналыссаңдар денсаулыққа пайдалы екен.

Күшті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.



Спортпен айналысу да, біліммен байланысты.

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, бағанды сөздерді буынға бөлу.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет