Үй тапсырмасына : «Ашық микрафон» әдісін пайдаландым.
1.Ч. Дарвин ілімінің қалыптасуына негіз болған әлеуметтік алғышарттарды атаңыз
2. Ч.Дарвиннің эволюциялық көзқарастарын сипаттаңыз
3.Табиғи сұрыпталудың нәтижесі
4. Өзгергіштік дегеніміз не?
5. Ч.Дарвин өзгергіштіктің қандай түрлерін ажыратты
6.Тіршілік үшін күрестің мәні
Түсіну:Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында «өрмекші» әдісі арқылы топтық жұмыс орындатамын.
1-топ: Қолдан сұрыптау туралы ілім
2-топ: : Қолдан сұрыптау түрлері
3-топ: Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың айырмашылығы
Дескриптор:
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс тапсырмасын толық орындайды.
– Сұрыптаудың түрлерін біледі
– Қолдан сұрыптаудың түрлерін сипаттап береді.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс жүргіземін:
«Қосжазба» әдісі. Термин сөздерді жазып, оларға түсініктеме беріңіз.
Дескриптор:
-Жаңа сөздерді анықтайды, оларды сипаттайды
«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы.
1.Қолдан сұрыптау адамның қатысуын қажет етпейді (жалған)
2.Селекцияның негізгі әдісі қолдан сұрыптау (шындық)
3.Селекция – үй жануарларының жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым саласы (шындық)
4.Ең алғаш мысықты қолға үйретті (шындық)
5.Ірі дәндерден ұн жасалады (жалған)
6.Жағымсыз қолдан сұрыптауға әлсіз даралар жіберіледі (жалған)
7.Жағымды қолдан сұрыптауға тек жақсы қасиетке иелерін ғана іріктеп алады (шындық)
8.Жаппай сұрыптау айқас тозаңданатын дәнді дақылдарға қолданылады (шындық)
Берілген сұрақтарды түсініп оқып, сұрыптаудың қай түріне жататынын әрқайсысының тұсына бас әрпін қою арқылы жауап кайырындар.
"Т" — табиғи сұрыпталу, "Қ" — қолдан сұрыптау.
1.Сұрыптау кезінде организмдегі белгілердін төзімділігін арттырады.
2. Жаңадан пайда болғап белгілер организм үшін зиянды
3. Адам егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастаған соң колға алынды.
4. Нәтижесінде жана түр түзіледі.
5. Нәтижесінде қолтұкымдар мен іріктемелер алынады.
6. Жүруі білінбейді, көзге көрінбейді.
7. Қажетті деп тапқан белгіні өзгерту үшін жоспар құрады.
8. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүріп отырады.
9. Пайда болган белгілер организмге пайдалы.
|