Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі164,84 Kb.
#30814
түріСабақ
  1   2
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

«__» _____________2015 ж.
Пән аты: Информатика

Класы: 6 «Ә»

Уақыты: 24.11.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Алгоритм, циклдік алгорим, алгоритмнің түрлерін, анық түсіндіру;

Дамытушылық: Ресурстар орындау барысында ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелілік: Ресурсты ұқыпты, тиянақты, шапорындауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: ашық сабақ, жаңа сабақ, пысықтау, қорытындылау;

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, қима қағаздар, бағалау парақшасы, слайд, флипчарт, ISpring Suite

Пәнаралық байланыс: Математика


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру 

а) Амандасу;

ә) Түгендеу /Жоқ оқушыны белгілеу/;

б) Топқа бөліну /Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер тобы/:

Оқушыларға сұрақтар беру арқылы топтарын анықтау.

  1. Сызықтық алгоритм тобы: «кез-келген екі санның қосындысын табу, үй тапсырмасын орындау, жұмыртқа қуыру алгоритмдері қалай аталады?»

  2. Тармақталу алгоритмі тобы: «қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін алгоритм қалай аталады?»

  3. Циклдік алоритм тобі: «алгоритмді жүзеге асырушы?»

в) Бағалау парақшасын түсіндіріп өту. Әр топ өз арамызда басшы сайлап аламыз. Осы басшыларға бағалау парақшасын беремін. Топтарындағы сабаққа қатысқан, тапсырмалар орындауға атсалысқан оқушыларды бағалап бересіздер.

г) Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау. А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.
ІІ. Үй тапсырмасы
Әр топқа тапсырмалалар беріледі. Постер қорғаймыз.
І топ «Сызықтық алгоритм» тобына

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не, мысал келтіріңіз.

/1. Алгоритм дегеніміз – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы. 

2.Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Кез келген төртбұрыштың периметрін, ауданын табу алгоритмдері/

ІІ топ «Тармақталған алгоритм» тобына

  1. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? 

  2. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не, тармақталған алгоритмнің толық түріне мысал келтіріңіз.

/ 1. Алгоритмді жүзеге асырушы орындаушы деп аталады..

2. Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм. /

ІІІ топ «Циклдік алгоритмдер» тобы

  1. Алгоритмді қандай формалалармен жазуға болады?

  2. Алгоритмді жазуға арналған графикалық әдіс қалай аталады? Тармақталған алгоритмнің толық түріне мысал келтіріңіз.

/1.Алгоритмді ұсыну формалары:

  • Сөздік

  • Графикалық

  • Алгоритмдік тіл

  • Программалау тілінде

2.Алгоритмді жазуға арналған графикалық әдіс блок-схема деп аталады./
IІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе. Оқушылар біз күнделікті өмірде қандай әрекеттер жасаймыз? Таңертең тұрамыз. Беті қолымызды жуамыз. Сосын .....?

Міне, мысал ретінде алып отырғандай осындай күнделікті өмірде қайталанып отыратын іс-әрекеттер тізбегі циклдер деп аталады. Ал осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады.

Барлығымыз экранға назар аударайық. Электрондық оқулық арқылы тыңдату.
Рахмет, көргеніміздей циклдік алгоритмнің анықтамасымен таныстық. Блок-сызбада циклдік алгоритм шарты алтыбұрышты фигураға жазылады. Шарт циклдік алгоритмнің басында немесе соңында келуі мүмкін.





Жоқ

Шарт


Серия

Шарт

Серия

Жоқ

Иә


Иә

Шарт басында келетін циклдік алгоритм Шарт соңында келетін циклдік алгоритм
Мысалы, Қоржынға салынған асықтардың ішінде қызыл асықты табу алгоритмі. Оны мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асық біртіндеп алып қарайыз және т.с.с. Қызыл асық табылғанша осы әрекет орындала береді.

Блок-схемасын құрсақ:


цикл айнымалысының бастапқы мәнін көрсету
Шарты басында келетін циклдік алгоритмдер көбінесе математикалық есептерде кездеседі. Мысал 2, 1-ден 8-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары есептеп шығару. Бұл жерде бірдей амалдар 8 рет орындалады.





барлығы да атқарылды ма? соны тексеру



квадрат есептейміз


i := i + 1;




нәтижесін шығару



келесі i-ге өту


IV. Пысықтау. Өзіндік тапсырмалар.

Үш топқа үш блок схема беріп ішін толтыртып, түсінігін аламын. Толтырған блок-схемасын интерактивті тақтаға орындайды. Бұл жерде алгоритмнің түрлерінің блок схемаларын сызып, ережелерін айтады.

1 топқа 2 топқа 3 топқа



V. Жаңа сабақты бекіту. Сөйлемді толықтыр

Әр топқа таратпа қағаздар беріледі. Топпен ақылдасып сөйлемдерді толықтыру.

І топ – «Сызықтық алгоритм» тобына

Алгоритмнің бірнеше рет орындалуы _________________ деп аталады.

Блок-сызбада циклдік алгоритмнің шарты _________________ фигураға жазылады.

Тармақталу алгоритмінің формасы __________ және _________________ болуы мүмкін.

ІІ топ – «Тармақталу алгоритмі» тобына

_________________ - берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.

Алгоритмді орындаушы адамды _________________ деп атайды.

Кез –келген алгоритм ________ деген бұйрықпен аяқталады.

ІІІ топ – «Циклдік алгоритм» тобына

Алгоритмнің ___ түрі бар, олар: _________________, _________________, _________________

_________________ алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда ондай алгоритмді _________________ дейміз.
VІ. Сергіту сәті: 



- Балалар бұл суреттегі қай қаланың суреті? 

- Астана

- Астана қандай қала? 

- Бас қала. Еліміздің астанасы. 

- Ұлтымыз қандай?

- Қазақ

- Жақсы балалар олай болса Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» өлеңіне билеп, серігіп алайық. 

Өте жақсы, сергіп алсақ барлығымыз орындарымызға отырамыз.



Каталог: uploads -> doc -> 0c65
0c65 -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c65 -> Сабақ Пәні: Өзін-өзі тану 6 «Б»Сынып Күні: 13. 02. 2015жыл Тақырыбы:«Өмірің өз қолыңда» Сабақтың мақсаты
0c65 -> Қазақтың ұлттық ойындары. Алтыбақан Ақсүйек Бестас Арқан тарту Тоғыз құмалақ Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет