Сабақтың тақырыбы: д дыбысы мен әрпі



Дата21.07.2020
өлшемі19,88 Kb.
#63614
түріСабақ

Қыдырменова Сапаргүл Бозтайқызы

Мектепалды даярлық тоб мұғалімі

Зеренді ауданы Сейфуллин ОМ
Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Д дыбысы мен әрпін таныстыру, Д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

Көрнекілігі: оқулық, қима әріптер, суреттер, слайд, ойыншықтар.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

ә) сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


  1. Өткен сабақты қайталай отырып, сұрақтарға жауап алу.

  2. 1-слайд. Қ әрпіне берілген сөздерді оқыту.

III. Білімді тексеру кезеңі:

2-слайд. «Тиісті әріпті жаз» ойыны

  • Қ дыбысы қандай дыбыс?

  • Қ дыбысының айтылуы мен жазылуын, сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау.

3-слайд. Жұмбақ жасыру:

Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (доп)
Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (домбыра)

Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атау керек.

Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету

( дауылпаз, домбыра)

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»



IV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Оқушылармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу. Суреттегі балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы оқушыларға сөйлем құрату.



  • Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?

  • Д дыбысы. Д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Д дыбысын тақтаға іліп, бас әрпі мен кіші әрпін ажырата білу және хормен қайталап айтқызу.

4-слайд. Д әрпін интерактивті тақтадан көрсету.

Добым, добым – домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Доп, дала, доға, долана, дода сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.


  • Д дыбысы дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Көркем етіп жазайық.

Д әрпінің үлкен және кіші әрпін жазу, дос сөзін көркем етіп көшіріп жазу.

Сергіту сәті:

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойыз келеді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Бәрі жол береді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Жүгіріп өтпе.

Тұра тұршы шетте.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк!

Пойызды өткіз.



V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1) Д дыбысы – дауыссыз дыбыс.

2) Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?

VI. Бекіту кезеңі:

«Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту. Кеспе әріптерден сөз құрастыру. (дос, доп, доға, дала)

VII. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Әкелінген ойыншықтарды кезек-кезек таңдап алып, сол ойыншықтың атын айтып сөйлем құрастыру (доп, дәптер, домбыра, қуыршақ, қасқыр, қоян, қарындаш, қасық) ойынымен сабақты аяқтау.



VIII. Қорытынды.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет