Сабақтың тақырыбы: Дастарқанға бата беру. Мұғалімі: Матайбаева Жадыра Серікбекқызы Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі185,39 Kb.
#17604
түріСабақ
  1   2
10 «Д»сыныбы. Қазақ тілі сабағы.

Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі

Сабақтың тақырыбы: Дастарқанға бата беру.

Мұғалімі: Матайбаева Жадыра Серікбекқызы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақ халқының бата – тілектерімен таныстырып, олардың түрлерін ажырату арқылы білімдерін толықтыру, дастарқанға бата беру түрімен таныстыру.

 2.Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық ізденісін арттыру

3.Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, сақтауға, құрметтеуге  үйрету.

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа сөздермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, аудио жазба

Сабақ түрі: жаңа білім беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1)Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.

2) Жаңа сабақты түсіндіру.



ІІ. Жаңа білімді меңгерту. Жаңа тақырыпты тақтаға жазу.

 Бата беру дегеніміз не? Батаны қай кезде береді? Кім береді? Қандай бата берудің түрлерін білесіңдер?

Бата

Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын алғыс сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады.

Бата, ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастауы. Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуге баулиды. Дәулетті, бақытты, кешірімді болуын тілейді. Жерін, елін қорғауға, талапты боп ержетуге талпынтады.

Тілек-бата сөздер – халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Батаны ақсақалдар той-мерекелерде береді.


2.Бата беру туралы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс жасау.
 благословение; напутствие; доброе пожелание
ақ бата → благословение при помолвке
ақ батасын беру → искренне благословить

атасыз үй — батасыз, анасыз үй — панасыз → погов. семья без деда — семья без благословения, семья без бабушки — семья без заступницы
оң бата → благое пожелание; благословение
оң батасын беру → благословить
теріс бата → пожелание зла; проклятие
теріс бата беру → проклинать (вытянув полусогнутые руки ладонями вниз)
бата беру → дать благословение; благословить
дастарқанға бата беру → произнести доброе пожелание после угощения
батасын алу → получить благословение (начиная дело)
бата бұзу → нарушать клятву; нарушать обет

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

Ақ бата- шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиет. Ақ бата көбінесе жаңа туған нәрестеге, өміргежаңа қадам басқан ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі бастаушыларға, басқа да түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойлара беріледі. 

Теріс бата (қарғыс бата)- Қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Батаның бұл түрін ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан - ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарға халық сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтарып алуы үшін жұртты жинап, теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса ата-анасы: « Теріс батамды қайтып алдым», - деп айтқан. 

( Ас батасы, Жол батасы, «Наурыз» батасы,Рамазан батасы, Ерік батасы , Ақ бата, Теріс бата )
Мағынасы: Ас батасы — ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Рамазан батасы — үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет.
Жол батасы — ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады .

Серттесу батасы (Баталасу) - құдалықта, серт пен уәдеде, елщілікте, ел арасындағы маңызды үдкен шараларда жасалатын рәсім. Ол - хан, ақсақалдар, билер алдында қол алысып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «батаны бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды - елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. 

Батаны беретіндер - көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, аузы дуалы билер, атақты, сыйлы, ісі үлгі болатындай адамдар. Қазақ халқында бата берудің орны мен жолы, жөні мен жосығы бар. Батаны халық арасында үлкне адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы,жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді Әйелдер арасында сөз білетін кішкене ер бала отырса, әуенлі сол бата беруге тиісті. Қуаныш пен тойдың ретіне қарай лайықты бата беріледі. 

Бата берген кезде жиналған жұрт қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!» - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір – бірімен сөйлеспеуге, күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті. 


Сергіту сәті.

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

2.Асқа бата беру. Мән-мағынасын түсіну, аудару. Асқа бата беру – дәстүрлі ас-тағам мәдениетіндегі этикет түрі, әдетте, кәделі ас келгенде жасалатын рәсімнің атауы, дастарқан басында отырған жасы үлкен құрметті қонақтың тілек айтып, бата беруі. Асты қабылдаудың алдында жасы үлкен құрметті адам немесе өзіне кәделі сыбаға арналған адам асқа бата жасайды. Сонымен қатар ас желініп болған соң дастарқаннан кәделі табақты келін сәлем салып алар алдында сыйлы қонақ немесе жасы үлкен адамдардан ас иесіне, отағасына, оның отбасына арналған жылы лебіз, ыстық ықылас, жақсы ниет, ізгі тілекті айтқызу мақсатында қауым тарапынан бата сұралады. Мұны астан кейін айтылатын бата болғандықтан, шартты түрде ас қайыру деп атайды. Бата тілек ұйқасты, мазмұнды сөзбен айтылады. Ас қайырғанда дастарқан басында отырғандар түгелімен қолын жайып, бата тілекке қосылады.



Аудио жазбаны тыңдау. Қандай бата оқылғанын сұрау.

Асың,асың асыңа

Бақыт қонсын басыңа

Бірлік берсін басыңа

Береке берсін басыңа

Жақсылыққа жақ болып,

Ас қосылсын асыңа

Бас қосылсын басыңа

Жас қосылсын жасыңа!

Денсаулығын зор болсын,

Дастарханың мол болсын!

Қайда барсаң алдында

Жарқыраған жол болсын.

Армандарың алдынан

Саған шығып қол берсін.

Дұшпаның саған құл болсын,

Үйің толған ұл болсын!

Әумин!


Сұрасаң бата берйін,

Үстем болсын мерейің,

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройын зор болсын.

Үйдің әрбір кернесін,

Мол қуаныш кернесін.

Ұл қызың ер жетіп,

Білімге құлаш сермесін.

Туған-туыс, жекжатың

Жаманшылық көрмесін!




ІҮ.Қорытындылау.

Бата дегеніміз не? Қай кезде бата беріледі? Қандай бата түрлерін білесіңдер? Батаны кім береді? Дастарқанға бата беру дегеніміз не?



Ү. Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ҮІ. Үй тапсырмасын беру.

Бата түрлері туралы реферат әзірлеу.



YII. Рефлексия:

Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.




Каталог: uploads -> doc -> 093e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
093e -> Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту
093e -> Сабақтың тақырыбы: Астанаға ақ бата. Бата сөз. Диқан Әбілев Пәні
093e -> "Lesson Study" үдерісінің жоспары Фокус тобы отырысында


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет