Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің қара және түсті металлургиясы



Дата27.07.2017
өлшемі25,35 Kb.
#22191

Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің қара және түсті металлургиясы

  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Конструкциялық материалдар кешенінің маңызы мен құрамы туралы білім беру, оның шаруашылықтағы маңызын анықтау.
  • Дамытушылық: Тақырыптық карталарды, сызба – нұсқа, статистикалық мәліметтер берілген кестелерді талдау біліктіліктерін қалыптастыру, кешен салаларының орналасуын түсіндіру.
  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа және туған табиғатын аялауға тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: саяхат сабақ
  • Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, баяндау
  • Сабақтың көрнекілігі: компьютермен жұмыс, сызба – нұсқа
  • Пән аралық байланыс: информатика, жаратылыстану

Сабақтың барысы

  • Сабақтың барысы
  • 1 аялдама. Металлургия саласына саяхат. Қара және түсті металлургия
  • 2 аялдама. Шартты белгілер аялдамасы
  • 3 аялдама. Аймақтағы металлургия зауыттары
  • 4 аялдама. Металлургия саласының даму болашағы
  • 5 аялдама. Қазақстан металлургиясы және 2030 жыл

І аялдама. Металлургия саласына саяхат

  • Металлургия
  • Қара
  • Түсті
  • көмір,
  • темір кені,
  • марганец,
  • хром
  • алюминий,
  • мыс
  • полиметалл,
  • никель

Қара металлургия

  • Қара металлургия
  • Қара металлургия - өндірістің басқа салаларымен, атап айтсақ тау – кен, көмір, энергетика, түсті металлургия және химия мен тығыз байланысты. Қазіргі кезде қара металлургия кәсіпорындарының кокстелетін көмір алаптарына, темір кен орындарына, теңіз порттарына жақын орналасуы басым болып отыр. АҚШ - тағы, Ресейдегі, Қытай мен Украинадағы, Германиядағы байырғы металлургия орталықтары алғашқы фактордың ықпалымен қалыптасқан. Шойын қорытудағы негізгі отын тас көмірден алынатын металлургиялық кокстың дүние жүзі өндірілуі көлемі жоғары. Оны өндіруден Қытай алдыңғы орында.
  • Тапсырма. Қалай ойлайсыңдар? (сұрақ жауап)
  • 1.Қара металдар өндіру кезінде қандай экологиялық проблемалар пайда болады?
  • 2. Қара металлургия саласы қандай салалармен тығыз байланыста?
  • 3.Қазақстан Республикасында қандай қара металлургия кәсіпорындары бар? Олар қандай өнім шығарады?
  • Түсті металлургия - өндірісі кен құрамынан 70 – тен астам түсті металлдарды бөліп алады. Өнім көлемі жылына 20 млн т құрайды. Олардың арасында өндірілуі жағынан жетекші орын алатын алюминий болып табылады, ол түсті металлургия өнімдерінің жартысына жуығын құрайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында, құрылыста кеңінен қолданылады, “ақ” металды алудың технологиясы күрделі. Сондықтан өндірістің жеке сатылары әр түрлі елдерде, тіпті аймақтарда орналасады. Түсті металлургия саласын көбінесе авиация мен ракета техникасында, автомобиль жасауда, жеңіл конструкциялық материалдар өндіруде және басқа да көптеген шаруашылық салаларында көп қолданылады.
  • Тапсырма. Түсті металдар тобы. Кестені толтыру
  • Ауыр
  • Жеңіл
  • Қымбат бағалы
  • Сирек және шашыранды
  • Орналасу типтері
  • Шығатын жерлерде
  • Өнімді тұтына
  • тын аудандар
  • Негізгі орталық
  • тары
  • Шикізат
  • Энергия, отын
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • Толық циклді прокатты металлургия комбинаттары
  • Ферроқорытпа зауыттары
  • Қайта қорыту металлургия зауыттары
  • Мыс балқыту зауыттары
  • Алюминий зауыттары
  • Қорғасын – мырыш зауыттары
  • Металлургия саласы аялдамасы бойынша тапсырма
  • Кестені толтыру

2 аялдама. Шартты белгілер

  • 2 аялдама. Шартты белгілер
  • кокстелген көмір
  • темір кені
  • М марганец
  • хром
  • алюминий
  • никель
  • мыс
  • полиметаллдар
  • Тапсырма. Адасқан шартты белгілер ойыны
  • X
  • A
  • тамақ өнер-бі
  • химия
  • табиғи газ
  • жеңіл өнеркәсібі
  • алюминий
  • ағаш өңдеу
  • темір кені
  • Тапсырма. Шартты белгілермен жұмыс.
  • Қара металлургия саласының таралған аудандарын картадан көрсет
  • М
  • М
  • М
  • М
  • М
  • Шартты белгілер
  • алюминий
  • мыс
  • полиметаллдар
  • никел
  • Түсті металлургия
  • Солтүстік Америка – дамыған елдерінің өнеркәсібінің өзекті саласы – металлургия болып табылады. Қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы ұзақ уақыт бойы шикізат көздеріне тәуелді болып келді. Аппалач алабының кокстелетін көмірі мен Ұлы көлдер маңындағы темір кен орындары негізінде Чикаго, Кливленд, Питсбург сияқты осы саланың орталықтары қалыптасты. Түсті металлургия кәсіпорындары, негізінен кен орындарына жақын орналасады, дегенмен көп энергия жұмсалатын өндірістердің Колумбия және Теннеси өзендерінің энергетикалық кешендері негізінен дамуы да байқалады.
  • 3 аялдама. Аймақтағы металлургия зауыттары

Шығыс Еуропа елдері - соғыстан кейінгі кезеңде аймақ елдерінің барлығында дерлік қарқынды дамыды. Қара металлургия өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізатты пайдаланады. Польшадағы Краков, Чехиядағы Острава мен Орталық Чехия металлургия базасы, Шығыс Словакия комбинаттары аймақтағы ең басты қара металлургия базалары болып табылады. Венгрия әлемге ірі боксит – алюминий өнеркәсібімен әйгілі. Ол боксит өндіру, алюминий қорыту және одан әрі әртүрлі бұйымдар жасау сияқты төрт сатыдан тұрады. Сонымен қатар алюминий өндірісі Словенияда да жақсы жолға қойылған.

  • Шығыс Еуропа елдері - соғыстан кейінгі кезеңде аймақ елдерінің барлығында дерлік қарқынды дамыды. Қара металлургия өнеркәсібі сырттан әкелінетін шикізатты пайдаланады. Польшадағы Краков, Чехиядағы Острава мен Орталық Чехия металлургия базасы, Шығыс Словакия комбинаттары аймақтағы ең басты қара металлургия базалары болып табылады. Венгрия әлемге ірі боксит – алюминий өнеркәсібімен әйгілі. Ол боксит өндіру, алюминий қорыту және одан әрі әртүрлі бұйымдар жасау сияқты төрт сатыдан тұрады. Сонымен қатар алюминий өндірісі Словенияда да жақсы жолға қойылған.
  • Азия – металлургия саласы шеттен әкелінетін шикізатқа негізделген. Сондықтан металлургия зауыттары, негізінен, Тынық мұхит жағалауындағы өнеркәсіпті белдеуде шоғырланған. Дүниежүзілік нарықтағы қара металлургия өнімдерінң 23% Жапонияның үлесіне тиесілі. Жапония жылына 103 млн т болат балқытады. Сала кәсіпорындарының техникалық жабдықталу деңгейі мен өндірістік қуаты жоғары, кейбір кәсіпорындар жылына 10-15 млн т дейін болат балқытады.

Оңтүстік Америка – қара және түсті металлургия жергілікті шикізат базасы негізінде және шетел қаржысының қатысуымен дамуда. Бұл салаларда соңғы кезде жаңа технологияларды пайдалану және экспортқа бағдарлану жобалары жүзеге асуда. Болат балқытудан Бразилия (жылына 26,7 млн.т), Мексика (14 млн.т) Венесуэла мен Аргентина (әрқайсысы 4 млн.т) көзге түседі. Алюминий өндірісіне қажетті мол боксит қоры, арзан электр энергиясы бар Бразилия бұл салада жетекші орын алады. Қазіргі кезде Латын Америкасына әлемдегі таза мыс өндірісінің 25% тиесілі. Мыс өндіруден Чили жетекші ел болып саналады, ол “қара” (тазартылмаған) мыс өндіруден дүние жүзінде бірінші орын, ал таза мыс өндіруден АҚШ-тан кейін екінші орын алады.

  • Оңтүстік Америка – қара және түсті металлургия жергілікті шикізат базасы негізінде және шетел қаржысының қатысуымен дамуда. Бұл салаларда соңғы кезде жаңа технологияларды пайдалану және экспортқа бағдарлану жобалары жүзеге асуда. Болат балқытудан Бразилия (жылына 26,7 млн.т), Мексика (14 млн.т) Венесуэла мен Аргентина (әрқайсысы 4 млн.т) көзге түседі. Алюминий өндірісіне қажетті мол боксит қоры, арзан электр энергиясы бар Бразилия бұл салада жетекші орын алады. Қазіргі кезде Латын Америкасына әлемдегі таза мыс өндірісінің 25% тиесілі. Мыс өндіруден Чили жетекші ел болып саналады, ол “қара” (тазартылмаған) мыс өндіруден дүние жүзінде бірінші орын, ал таза мыс өндіруден АҚШ-тан кейін екінші орын алады.
  • Африка – ең күшті дамыған сала – түсті металлургия, олар, негізінен, кен өндіретін өнеркәсіп аудандарында шоғырланған. Оларға алғашқы және тазартылмаған мыс өндіретін, металдық алюминий өндіру, полиметалл кендерін байыту кәсіпорындары жатады. Замбия елі мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді “қызыл металл елі” деп атайды. Өнімнің басым көпшілігі сыртқа жөнелтіледі. Қара металлургия кәсіпорындары, керісінше өз қажеттерін өтейтін өнімді ғана өндіреді.
  • Тапсырма. Дүние жүзі елдері арасында
  • қара және түсті металлургияны сыртқа шығаратын
  • елдерді картадан көрсет
  • Металлургия кендерінің дамуы
          • 4 аялдама Металлургия саласының даму болашағы
  • 5 аялдама. Қазақстан металлургиясы және 2030 жыл
  • Металдар тобы
  • ауыр
  • сирек кездесетін
  • баяу балқитын
  • қымбат
  • жеңіл
  • Мыс
  • Қалайы
  • Қорғасын
  • Мырыш
  • никель
  • Вольфрам
  • Молибден
  • Алюминий
  • Күміс
  • Платина
  • Уран
  • Германий
  • және басқалар
  • Алтын
  • Күміс
  • Платина
  • Республикамызда металлургия зауыттары кен өндіру және металл қорыту
  • жұмыстарын іске асырады. Қазақстанда түсті металлургия өнеркәсібінде түсті металдарды өндіру, байыту, балқыту, прокат алу және металл қалдықтарын өңдеу іске асырылады. Қара металлургия 2 д.ж соғыс кезінде қалыптасқан өнеркәсіптің жас саласы. Қазіргі кезде оның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар.
  • Қазақстан қара және түсті металлургияның дамыған аудандары
  • Түсті металлургия: Алтайда қорғасын мен мырыш, Риддер полиметалл кендері,
  • Қармсақбай мыс қорыту зауыты, Жезқазған, Саяқ, Қоңырат, Бозшакөл, Жыланды, Ұлытау жерлерінде мыс кен орындары орналасқан. Жезқазған аймағының қазынасын зерттеген академик Қ.И.Сәтбаев мыс кенінің мол қорын Жыланды жерінен ашты.
  • Қара металлургия: Ақтөбе қаласында ферроқорытпа зауыты, Қарағанды кокстелген көмір, Торғай алабындағы темір кені, Атасу, Қаражал темір кендері бар.
  • Картамен жұмыс
  • Қазақстан аумағында таралған
  • металлургия зауыттарын картадан көрсет.
  • Шартты белгілерін бейнеле
  • Сабақты бекіту
  • Саяхатымыздың соңын тапсырмалар
  • арқылы бекітеміз.
  • 1 тапсырма. Эссе жазу
  • “Металлургия саласының болашақта дамуы...”
  • 2 тапсырма Инсерт таблицасы
  • Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
  • 3 тапсырма. Қосымша материалдардан металлургияның қазіргі жағдайы мен болашағы туралы жинақтап келеді.

Каталог: uploads -> doc -> 0fa0
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fa0 -> Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру
0fa0 -> Сабақ негізделген оқу мақсаты
0fa0 -> «Жас сақшылар» отрядының жылдық тақырыптық жұмыс жоспары
0fa0 -> Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты
0fa0 -> Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы. Мақсаты
0fa0 -> Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын меңгерту. Әнші, сазгер Жаяу Мұса мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың жастық шағы жай
0fa0 -> Сабақ барысында
0fa0 -> Сабақтың тақырыбы Менің елім- Қазақстан. Нәтиже сабақ Мақсаты
0fa0 -> Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет