Сабақтың тақырыбы: Доңғалақ жұптарының қолданылуы,құрылысы және жіктелуі. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата12.03.2018
өлшемі197,03 Kb.
#38522
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні: 17.11.2016 ж Топ:13-ЭПС-4 Кабинет:№ 102
Пән: Тартымды жылжымалы құрам құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Доңғалақ жұптарының қолданылуы,құрылысы және жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға доңғалақ жұптарының қолданылуын, құрылысын, жіктелуін үйрету.

Дамытушылық: доңғалақ жұбының құрылысын атап айтуға, өз бетінше доңғалақ жұбының типін анықтай алуға үйрету .

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, отан сүйгіштікке баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: вагон арбасының макеті, суреттер, плакаттар.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, жылжымалы құрамдарды жөндеу технологиясы

Өндірістік байланыс: ЖШС « Қамқор вагон» вагон жөндеу депосы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (1-2 мин)

1. Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісханананың тазалығына, балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.

2. Сабақтың тақырыбын таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

ІІ. Үй жұмысын қайталау ( 20-25 мин)

1.Сұрақ-жауап

2.Әр топқа жеке вагон түрінің мозайкасын құрастыру және оған анықтама беру қажет.

3. Өткен тақырып бойынша әр топқа бір тапсырма беріледі және оны тірек-сызба арқылы орындау керек.

1-топ. Вагондардың негізгі бөлшектері.

2-топ. Вагондардың жіктелуі.

3-топ. Вагондардың негізгі түрлері.

4-топ. Вагон габариттері.


ІІІ. Жаңа тақырып.( 25-30 мин)
Жоспары:

  1. Доңғалақ жұптарының қолданылуы.

  2. Доңғалақ жұптарының құрылысы .

  3. Доңғалақ жұптарының жіктелуі.


Доңғалақ жұптары - вагондарды рельс бойымен бағыттауға және кузовтан түскен әр түрлі күштерді рельске және рельстен вагонға келетін күштерді өзіне қабылдап жіберу үшін арналған.

Доңғалақ жұптары екі доңғалақ бір біліктен тұрады. Доңғалақ жұптарының типі, негізгі өлшемдері және дайындалатын техникалық жағдайы мемлекеттік стандартпен белгіленеді, ал оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету теміржолды техникалық пайдалану ережелерімен, доңғалақ жұптарын жөндеу және куәләндіру нұсқаулығымен жүзеге асады.

Доңғалақ жұбының типтері біліктін типімен доңғалақтың диаметрімен анықталады. Роликті подшипниктерге арналған доңғалақ жұптары бірынғайландырылған, жолаушы және жүк вагондарында да қолданылады.

РУ1-950, РУ-950 және РУ-1050 типті доңғалақ жұптарында өстін шетіне подшипниктерді бұранда арқылы бекітсе, ал РУ1Ш-950 доңғалақ жұбында шайба арқылы бекітіледі. Бұндағы Ш әрпі « шайба» сөзін білдіреді.


Р- роликті

У- бірыңғайландырылған (унифицированный)

1-біліктің (ось)типі

Ш- шайба

950,1050- доңғалақтың диаметрі
Вагондағы доңғалақ жұптарының типі


Доңғалақ жұбының типі

Біліктің типі

Доңғалақтың диаметрі, мм

Доңғалақ жұбындағы подшипник типі

Ескерту

РУ1-950

РУ1

950

Тербеліс

1963 ж кейін салынған барлық жолаушы және жүк вагондарында

РУ1Ш-950

РУ1Ш

950

Тербеліс

1979 жж салынған барлық жолаушы және жүк вагондарында

РУ-950

РУ

950

Тербеліс

1964 ж дейін салынған барлық жолаушы және жүк вагондарында

РУ-1050

РУ

1050

Тербеліс

1959 ж дейін салынған жолаушы вагондарында

ІІІ-950

ІІІ

950

сырғанау

Төрт білікті жүк вагондарында

Доңғалақ жұптары вагонның ең негізгі бөлшектерінің бірі оның қалыпты жұмыс жағдайы пойыздың қауіпсіз қозғалысын қолайлы етеді. Сол себепті олар белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек.



Доңғалақ жұптарына қойылатын негізгі талаптар:

  • Беріктігі жеткілікті болу керек

  • Тозуға төзімді болуы керек

  • Салмағы аз болуы керек (доңғалақ жұбының салмағы аз болса вагонның тарасы жеңілдейді, тара жеңілдегеннен вагонның қозғалысы кезінде жолдың үстіңгі қабатына түсетін динамикалық әсер азаяды)

Пойыздардың қалыпты қозғалысы үшін доңғалақтарды білікке суық күйде пресстің көмегімен берік қылып орнатады. Доңғалақ жұптарының ішкі жағының ара қашықтығы: жаңадан шыққан жылдамдығы 120 км/сағ дейін жүретін вагондарда 1440+3 мм. 120 км/сағ-тан 160 км/сағ дейін 1440 +3,-1 мм. Бағыттамалық бұрмада доңғалақ жұбымен рельстердің жақсы жанасуы үшін өлшемдердің ең төменгі ауытқу - 1 мм болып табылады. Күштердің доңғалақ жұптарына бірқалыпты жіберілуі үшін өстің шеткі жағынан доңғалақтың ішкі жағына дейінгі ара-қашықтықтың айырмашылығы 3 мм аспауы керек. Бір өске бекітілген доңғалақ жұбының диаметрлерінің айырмашылығы 1 мм аспауы қажет.
Доңғалақ жұптарын өлшеуге арналған шаблондар:



Штихмас – доңғалақ жұбының ішкі жағының ара-қашықтығын өлшеуге арналған шаблон.



Абсолютті шаблон – гребеннің қалындығын өлшеуге арналған.
Кронциркуль – ободтың енін өлшеу үшін арналған.



ДК (скоба) – доңғалақтың диаметрін өлшеуге арналған.


Доңғалақ.
Доңғалақ үш бөліктен тұрады: Обод, диск, ступица.

Айналу шеңбері (круг катания) - дөңгелектің ішкі жағынан 70 мм қашықтықта орналасқан . Айналу шеңберімен дөңгелектің диаметрі және обыттың қалыңдығы өлшенеді. Ободттың ені – 130 мм.ободттың қалындығы 25 мм төмен болмауы керек. Доңғалақтың диаметрі 950,1050 мм.

Гребень – ободтың негізгі бір бөлшегі. Гребеннің қалындығы өшенеді. Жолаушы вагондарында 120 км/сағ тан 140 км/сағ дейін эксплуатацияга рұқсат етілген гребеннің ең төменгі қалындығы 28 мм, 140км/сағ тан 160 км/сағ дейін 30 мм.Жаңадан шыққан вагондарда 33 мм.
Білік.

Білік доғалақтарды орналастыруға арналған доңғалақ жұбының негізгі бір бөлшегі. Ол төрт бөліктен тұрады.


Білік


Шейка біліктің ортаңғы бөлігі предподступичная часть подступичная часть




Термин сөздер



Доңғалақ жұбы

Колесная пара

Доңғалақ

Колесо

Білік

Ось

Айналу шеңбері

Круг котания

Беріктігі жеткілікті

Обладать достатосной прочностью

Бірыңғайланған

Унифицированный

Тозуға төзімді болу керек

Износостойкость

Гребень

Гребень

Обод

Обод

Диск

Диск

Ступица

Ступица

Шейка

Мойын тірек


ІV. Жаңа сабақты бекіту: (15-20 мин)

  1. Әр оқушыға шаблон суреттері таратылады, оған атауын және сипаттамасын жазу керек.

  2. Алфавит әріптері таратылады ондағы әріптерге сабақта өтілген термин сөздерді жазу керек.

  3. Термин сөздердің қазақша атауын жазу.


V. Жаңа сабақты қорытындылау: (5-7 мин)

Бүгінгі сабақта не түсінді стикерге жазып жабыстыру.



VI. Бағалау. (2-5 мин).

VII. Үйге тапсырма. Өткен тақырыпты оқу, мазмұндау және қосымша мәлімет жазып келу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет