Сабақтың тақырыбы «Домбыра» биі Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі87,19 Kb.
#34441
түріСабақ

Шалқар ауданының «Оқушылар сарайы» ММ

би үйірмесінің жетекшісі Әлібекова Салтанат Темірғалиқызы


Сабақтың тақырыбы «Домбыра» биі
Сабақтың мақсаты:

-Домбыра аспабымен таныстыру. Музыка ырғағымен домбыра аспабын ұстау, қағу әдісін үйрену. Би қимылын қосу әдісін көрсету.



Міндеті:

-Би қимылдарын музыкамен үйлестіре орындауға машықтау.

-Қол икемділігін, аяқ алымын дамыту.

-Би өнеріне баулу.

Көрнектілер-домбыра.

Сабақ барысы жәй әуенмен үлкен айналым жасау арқылы белдеменің қасына тұру.

Дайындық бөлімі:

-Қазақ би қимылы арқылы амандастәжім

-Дене қыздыру жаттығулары:

. Дененің иілгіштігі мен икемділігін дамытуға арналған жаттығулар

2. Аяқтың күшін арттыруға арналған жаттығулар

3. Секіру түрлері.

4. Айналу түрлері.
Негізгі сабақ.

Жаңа сабақ «Домбыра» биі.

Мұғалім- бүгіңгі үйренетін биіміз, ол «Домбыра» биі. Қазақта «әу» демейтін қазақ жоқ және домбыра аспабында ойнайтын аға- апаларымыз көп. Міне, бүгіңгі сабақта, бізде домбыра аспабын ұстап би билеуді үйренеміз.
Би қимылдары

I. тұрыс- сахнаға шығу, домбыра қағысымен, оң жаққа бір қадам, сол жаққа бір қадам айналу.

II. тұрыс- Дөңгеленіп жиналу, ішке дөңгелене кіру, сыртқа ауыспалы қадам жасап шығу.

III. ыс- Бір қатардың бойында тұру, оң аяқпен қадам жанға, сол аяқпен қадам жанға, алға екі қадам, артқа екі қадам.

IV. тұрыс- Ауыспалы қадам айналумен, домбыраны жоғары көтеріп.

V. тұрыс- Жерге отырып домбыра қағыстары.

VI. тұрыс- Алдыңғы қатарда тұрған оқушы сыррта тұрған оқушымен иық түйістіре айналу, бұл қимыл келесі жаққа қайталанылады.

VII. тұрыс- Музыка ырғағымен домбыраны екі жәй, екі жылдам қағу.

Үйренген би қимылдардың бәрін бір-бірімен байланыстырып «Домбыра» биінің кішігірім этюд

Қорытынды бөлім:

-оқушыларды орындарына тұрғызу;

-қоштасу.



Сабақтың тақырыбы: Аққу биі
Мақсаты:

-Оқушыларға «Аққу» биінің қимыл-қозғалыстарын үйрету.



Міндеті:

-«Аққу» би шығармашылығымен таныстыру, қоршаған ортаның әдемілігі мен әсемдігін қабылдауға үйрету. Өнерде және өмірде сұлулықты дұрыс қабылдап, қажетсінуін жетілдіру;

- Өнерге деген өзіндік қызығушылығын арттыру, рухани байлығын дамыту;

Ерінбей еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Би жайында даналық ойлар жазылған плакаттар; мүсіні сұлу; көркі келіскен бишілердің түрлі-түсті суреттері салынған бүктемелер, үнтаспа, бейнетаспа, теледидар.

Дайындық бөлімі:

-оқушыларды орындарына тұрғызу;

-сәлемдесу (қазақ би қимылымен);

-дене қыздыру жаттығулары;

Негізгі бөлім:

Мұғалім би шығармашылығы халықтық, көркемдік ойдан туған форманың бір түрі. Өзінің эстетикалық, пластикалық қимылдары арқылы билеушінің дене бітімінің сымбатты болып өсуіне ықпалын тигізеді. Би өнерінің қыры мен сыры, ойы мен сезімі қазақ халқының дәстүрлі істерін суреттейді. Қане, айтып жіберейік, халықтың мінезін, салт-дәстүрін, көңіл-күйін суреттейтін қандай би үйрендіңдер? (Қара жорға, Киіз басу, Бес қыз, Қос алқа, Ауылдағы той, Қазақы дастархан).

Балалар, «Сұлулық»сөзін айтқанда көз алдарыңызға не елестейді? (Әркім сұлулық туралы жеке ойларын айтады, жұптасып кеңесіп болғаннан кейін топтасып ойларын ортаға салады)

Ықтимал жауаптар:

-Көркемдік гимнастика, мәнерлеп жүзу, әдемілік, көркемдік, сұлу бейне, әдемі көз жанары, табиғат көрінісі, қырды жаулаған қып-қызыл қызғалдақтар, гүлге қонған сансыз түрлі көбелектер, айдын көлге қонған аққу құсы, толқын үстінде ұшқан ақ шағала, жан мен тәннің жарасымы т.б.

Мұғалім сұрағы: Аққу құсын білесіңдер ме? Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша аққу құсының суреттерін көрсете отырып, өз ойларын ортаға салады.

«Аққу» әніне би қою. Аққу құсының қимылдарын би қимылдары арқылы көрсету.

Біздің халқымыз ежелден айналадағы табиғат сұлулығын сезіне біліп, ән мен жырға, би мен күйге қосқан. Бүгіңгі сабақта табиғаттағы әсемдік пен сұлулықты бейнелейтін Аққу құсының қимылдарын би қимылдары арқылы көрстеміз.

Би жаттығуларын орындау.

Мұғалім сұрағы: Аққу қандай қимылдар жасайды?

Ықтимал жауаптар: қанатын қағады, қанатын бірқалыпта ұстап көл бетінде ұшады.

Мұалім Аққудың қанат қағысын, қанатын бір қалыпта ұстап ұшу қимылын көрсетеді. Оқушылар қайталап орындайды.

Мұғалім сұрағы: Әннің мағынасына қарап, тобынан адасып қалған Аққу қандай қимыл жасауы мүмкін? Қалғандарының су жағасына қонғандағы қимылдары қандай болуы мүмкін?

Ықтимал жауаптар: Жеке қалған аққу дабыл қағып ары, бері ұшып тобын іздейді.

Қалған аққулар су жағасына қонып, қанаттарын жуады, қағады, суды қызықтайды, суға жүзеді.

Мұғалім жеке қалған аққу, су жағасына қонған аққулардың қимылдарын би қимыл-қозғалыстарымен көрсетеді.

Мұғалім сұрағы: Жеке қалған аққудың өз тобына қосылу қуанышын қандай қимылдармен білдірер едіңдер?

Ықтимал жауаптар: Шыр айнала ұшып келіп тобына қосылады, суға шомылады, қанатын жазады, сілкілейді, тазалайды, қуанып барлығы бірге ұшады.
Мұғалім оқушыларға шыр айнала ұшып келіп тобына қосылған аққудың суға шомылғанын, қанатын жазғанын, сілкілегенін, тазалағанын, қуанып барлығы бірге ұшқандарын би қимылдары арқылы көрсетеді. Оқушылар қайталайды.

Үйренген би қимылдарын жинақтап орындау. «Аққу» биі орындалады.

Қорытынды бөлім:

-оқушыларды орындарына тұрғызу;

-қоштасу.

Сабақтың тақырыбы: Өзбек биі


Мақсаты: Өзбек биінің негізгі қимылдарын үйрету әрі әдемі жасауға дағдыландыру

Міндеті: Би қимылдарын әуенмен үйлестіре орындауға машықтау. Қол икемділігін, аяқ алымын дамыту. Биге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы
Дайындық бөлімі:

-Өзбек би қимылы арқылы амандасу

-Дене қыздыру жаттығулары:

1. Дененің иілгіштігі мен икемділігін дамытуға арналған жаттығулар

2. Аяқтың күшін арттыруға арналған жаттығулар

3. Секіру түрлері

4. Айналу түрлері
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ «Өзбек биі»

Мұғалім- бүгіңгі үйренетін биіміз, ол өзбек биі.


Би қимылдары
1. Сол аяқтың ұшын солға бұрылып артқа қарай тастап, сол қолды алға қарай созып, оң қолды құлақ шекесіне қойып, иықпен қимыл жасайды.

2. Оң аяқтың ұшын оңға бұрылып артқа тастап, оң қолды оңға қарай созып, сол қолын құлақ шекесіне қойып, иықпен қимыл жасайды.

3. Қайталап сол аяқтың ұшын солға бұрылып артқа қарай тастап, сол қолды алға қарай созып, оң қолды құлақ шекесіне қойып, иықпен қимыл жасайды.

4. Оң аяқтың ұшын оңға бұрылып артқа тастап, оң қолды оңға қарай созып, сол қолын құлақ шекесіне қойып, иықпен қимыл жасайды.

5. Аяқтың ұшына салмақ түсіріп алға еңкейеді, қолдарын алға айқастырады.

6. Қолдарын артқа шалқая ашып, иық, қол білезіктерін қимылдатады.

7. Шеңбермен айналып секіріп келіп, қатарласа төрге тізерлеп, оң қабырғаға қарап отырады, қолдарын жоғары көтеріп, иықпен билейді.

8. Оң қолды құлақ шекелеріне қойып, сол қолды солға қарай созады, иықпен билейді(оңға-1), (солға-2), (оңға-3), (солға-4).

9. Енді оңға қарай жасайды. Солқолды құлақ шекелеріне қойып, оң қолды оңға қарай созады, иықпен билейді (оңға-1), (солға-2), (оңға-3), (солға-4).

10. Оң тізелерін (көрермендерге қарай) алға қойып, қолдарын айқастырады(саусақ шыртылдайды). Бас, мойын қимлыдайды.

11. Тізерлеп отырады, артқа қарай шалқайып, екі қолын екі жанына ашып, иық буындарымен қимылдайды(алға-1, артқа-1), (алға-3, артқа-4).

12. Бәрі бірге аяқтың ұшына салмақ түсіріп алға еңкейеді, қолдарын айқастырады.

13. Қолдарын артқа шалқая ашып, иық, қол білезіктерін қимылдатады.

14. Солға қарай, оң аяғын алға, сол аяғын артқа секіріп қойып, қолдарын көтеріп, мойын иықтарын қимылдатады.

Үйренген би қимылдарың бәрін бір-біріне байланыстырып өзбек биін билеу.
Қорытынды бөлім:

-Оқушыларды орындарына тұрғызу

-Би қимылы арқылы қоштасу.

Торсықпен би


Биге жұп сандағы бірнеше қыздар қатысады. Қыздар қазақтың ұлттық киімінде, оң қолдарына торық ұстайды.
1-бөлім

1. Залдың екі жақ қабырғасында бір-біріне қарама-қарсы тұрып, биді бастайды. Қарама-қарсы бағытта жүре отыра шеңбер бойымен ауыспалы адыммен аяқтарын жеңіл баса жүреді. (1-сурет)

2. Қыздар екі қатарға тізіле тұрады. Торсықтарын оң жақ иыққа қойып, сол қолдарын білезік буынынан айналдырады. Оң аяқты өкшеге қойып, оң жаққа сәл иіледі, осы қимыл сол аяқтан басталады. (2-сурет)
2-бөлім

1. Торсықты көтере оң жақ иықпен бірге айналады. Тізерлеп отырып, торсықты екі қолмен ұстап, оң жаққа, сол жаққа әуен ырғағымен ауыстырады. (3-сурет)

2. Алдыңғы қатар мен артқы қатар орын ауыстырады. Торсық оң жақ иықта. Барлығы отырып, торсықтарын тізелеріне қойады.

3. Бір қатарға тізіліп, үлкен шеңбер құрап ауыспалы адыммен жүреді. Бос қолдарын білезіктен бұрап, «қымыз құйғандай» қимыл көрсетеді. (4-сурет), буынынан айналдырады. (5-сурет)


3-бөлім

1. Зал ортасымен бір сызық бойымен жүріп келіп, бірінің артынан бірі тұрады. Жұп сандағылар оң жаққа, тақ сандағылар сол жақ жандарына бұрыла, бос сол қолдарын жоғары-төмен баяу қимылдатады. (6-сурет)

2. Осы бағытпен оң және сол жаққа иіріле айналып, екі қатарға бөлінеді. Бұл кезде торсықтарын екі қолмен ұстап жоғары көтереді. (7-сурет)
4-бөлім

1. Торсықтарын түйістіре жоғары ұстап, екеуден бір орында айналады. Бос қолдары білезік буынынан айналады. (8-сурет)

2. Екі қатарға тұрып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта шеңбер бойымен жүреді. Ауыспалы адыммен жүріп, торсықтарын оң иықтарына қойып, жеңіл қимылдайды. (9-сурет)

3. Екі қатар түзеп, түзу сызық бойымен тұрады. Оң аяқтың өкшесі оң жаққа қойылып, сол қол төменнен жоғарыға буыннанқозғала көтеріледі. Керісінше сол аяқтың өкшесі сол жаққа қойылып, сол қол төмен түсіріліп, буыннан қозғалады. (10-сурет)



4. Әуен соңында алдыңғы қатар тізерлеп отырып, торсықтарын иықтарына қояды. Артқы қатар түзу тұрып, екі қолмен торсықтарын жоғары көтере биді аяқтайды.


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет