Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер. Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі190,86 Kb.
#27800
түріСабақ
  1   2
2.Күні________айы_________ нешінші сабақ__________сынып__________


  1. Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер. Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер.

  2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Элементар бөлшектерді еске түсіре отырып, ғарыштық сәулелердің қалыптасуын түсіндіру. Ядролық күш ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың элементар бөлшектер туралы білімдерін тереңдете отырып, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
III. Сабақтың жабдықталуы:

а) көрнекілігі: плакат, сурет.

б) әдебиет: Физика 11-сынып

IV. Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру (1-2)

3. Жаңа сабақ (15-20)

4. Жаңа сабақты бекіту (3-5)

5. Берілген суретпен жұмыс (3-5)

2. Үй тапсырмасын сұрау (7-8)

6. Үй тапсырмасын беру (1-2)

5. Білімдерін бағалау, сабақты қорыту (2-3)


1. Ұйымдастыру: Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар. Кітап, дәптер, қаламдарыңды дайындаңдар. Бүгін кім кезекші? Кім жоқ?

2.Жаңа сабақ.

Біз бүгін жаңа тарау бастаймыз. Жаңа тарау «элементар бөлшектер» деп аталады. Біз қандай элементар бөлшектерді білуші едік? Алдыда біз осы және басқа тбөлшектер туралы толық қарастыратын боламыз. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі тақырыпты жазайық: «Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер».



Ғарыштық сәулелер деп Жер атмосферасы мен бетіне Әлемнің барлық бөліктерінен келіп түсетін және олардың әсерінен Жер атмосферасында түзілетін зарядты және зарядсыз субатомдық (атомды құрайтын) бөлшектер ағынын айтады. Олардың біріншісін- Жерге Әлемнің барлық бөлігінен келетін нұрларды бірінші реттік, ал екіншілерін – Жер атмосферасында түзілетіндерін екінші реттік ғарыштық сәулелер дейді. Екінші ретті бөлшектер құрамына барлық белгілі элементар бөлшектер кіреді.

Мына суретте Жерге жақын, бірақ атмосферадан тыс ғарыштық сәулелердің бірінші ретті компанент құрамы көрсетілген. Тсуреттен бірінші ретті сәулелердің құрамына 90 пайыз протондар,-бөлшектер (7 пайыз) және басқа атом ядролары, тіпті ауыр ядроларға дейін кіретіні көрініп тұр.

Бөлшектердің басқа бөлшектермен немесе атом ядроларымен соқтығысуы нәтижесінде бұрын белгісіз жаңа элементар бөлшектер пайда болады. Бірінші рет 1927 жылы ағылшын физигі П.дирак бірінші антибөлшек – позитронның болуы туралы болжам айтқан. 1932 жылы американ физигі Карл Дейвид Андерсон -квант ауыр ядролармен әрекеттескенде позитрон пакйда болатыны және оның үнемі электронмен қатар пайда болатынын анықтаған.

Каталог: uploads -> doc -> 1092
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1092 -> Ажимбетова Каламкас Байкеновна Оқу мен оқытудағы өз тәжірбиенізде енгізгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп Еңбек жолымды дәстүрлі сабақ
1092 -> Сабақ: №30 Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы
1092 -> Сабақтың тақырыбы: Спорт-өмір көркі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша алған білімдеріне
1092 -> Геоэкология үйірмесінің жұмыс жоспары
1092 -> Маңғыстау облысы. Мұнайлы ауданы. №3 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бегенішева Фархад Бесінбайқызы Әдебиеттік оқу. 3 сынып Тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев “Халыққа жеткіз күйімді”


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет