Сабақтың тақырыбы: «Энергетика туралы жалпы ұғым»



Дата12.03.2018
өлшемі60,89 Kb.
#38969
түріСабақ
Пән: Кәсіби қазақ тілі

Топ: ЭМ-22

Сабақтың тақырыбы: «Энергетика туралы жалпы ұғым»

Мақсаты:

а) білімділік. Өздерінің мамандықтарын талпынып оқуға және сөздіктер арқылы білімдерін әрі қарай жетілдіре білуге үйрету.Қазақша-орысша сөздіктерді жаздыра отырып білімін тексеру. Мәтінмен жұмыс істей отырып, энергетика туралы толық мағлұмат беру.

ә) тәрбиелік.Мәнерлеп сауатты жаза білуге баулу, әріптердің жазылуын емілесін есте сақтау. Өз ойларын өз сөзімен айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баули ала отырып, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.

б) дамытушылық. Оқушылардың танымдық деңгейін көтеріп, ойлау белсенділігін,ой өрісін, сөздік қорын молайту және қазақ тілінде сауатты оқу және жазу, сонымен бірге екі тілді еркін аудару дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың құрал-жабдықтары: оқулықтар, кеспе қағаздар, кластер. Слайд.

Пәнаралық байланыс: Физика.

Сабақтың әдісі: Деңгейлік оқыту технологиясы, проблемалық оқыту әдісі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Менің жұмыс уақытым»

І-деңгей.

  1. Мәтінді оқып аудару. (Еденге сағат суретін салып мәтін арқылы жүру)

«Ақша-қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақыт бәрінен қымбат»,- деген А. В. Суворовтың дана сөзі мектеп қабырғасынан есімде.

Мен таңертең сағат 7- де (жетіде) тұрамын. Ертеңгілік жаттығулар жасап, жунып, таңертеңгілік асымды ішемін. Сағат 7.30- да үйден шығып, аялдамағ келемін. Сабақ 8.30-да басталып, 13.45-те аяқталады.

Сабақтан соң үйге келемін, тамағымды ішіп демаламын. Сағат 3-тен 4-ке дейін үй шаруасын атқарамын. 4-тен 6-ға дейін сабаққа дайындаламын, кітапханаға барамын.

Кешкі асты ішкеннен кейін жолдастарыммен кездесемін. Мен кешкілік теледидар көріп, кітап, газет, журналдар оқуға да уақыт бөлемін. Сағат 11-де ұйықтауға жатамын. Міне, менің бір күнім осылай өтеді.



ІІ- деңгей

Көп нүктенің орнына тиісті Қ (қатаң), Ғ (ұяң) дауыссыз дыбыстарды жазыңыз.

Мен биыл о... у... а түстім. Бұл орта о...у орны. Са... ат үште жиналыс болады, жиналыс... а кешікпеуім керек. Ма...ан маманды.... ым ұнайды. Мен болаша...та жа...сы маман бол...ым келеді. Ол үшін уа...ытты дұрыс пайдаланып, көп о...у керек. Жаңа о...у жылына о... у-...ұралдарын дайындауым керек. Саба ... ...ыркүйек айында басталады. Жаңа о...у жылын асы...а күтудемін.

ІІІ- деңгей

Диолог (екеуара сөйлесу) құрастырыңыз.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын берілген әріптерден сөз құрау арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып тауып аламыз. Онда назар аударайық.



  1. Берілген әріптертен сөйлем құраңыз.

а) н, е, т, к, а, э, р, г, е, и.

ә) а, ы, р, т, л, у

б) л, ж, п, ы, а.

в) ғ, м, ұ, ы

2. мәтінді оқып аудару

Энергетика- ауқымды ұғым. Энергетика (немесе энергетика шаруашылығы) дегеніміз- энргетикалық қорлар мен энергияны өндіру, жақсарту, өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау, тарту және пайдалану. Пайдаланылған энергияның негізгі түрлері:

а) жылу және электр.

Жылу және электр энергиясын алуды, түрлендіруді, тасымалдауды және пайдалануды зерттейтін энергетика салаларын жылу энергетикасы және электр энергетикасы деп атайды;

б) су энергетикасы.

Су қуатын электр қуатынаайналдыру мәселелерін зерттейтін энергетика саласын су энергетикасы дейді;

в) Атом энергетикасы.

Атом ядросының қуатын зерттеу, пайдалану саласын атомдық немесе ядролық энергетика дейді

г) жел энергетикасы.

Қозғалатын ауа қуатын пайдалану мәселелерімен жел энергетикасы айналысады. Жел қуаты негізінен механикалық түрде пайдаланылады;

д) дәстүрлі емес қуат көздеріне күн энергиясы, жер асты су энергиясы және т.б қуат көздері жатады.

Қазақстанда электр энергиясының 90 пайыз жылу электр стансалары (ЖЭС) арқылы, ал қалған 10 пайызы электр стансалары (СЭС)арқылы өндіріледі. Республикамызда тек Ақтау қаласында ғана шапшаң нейтрон негізінде жұмыс істейтін атом электр стансасы болды. қазір оның жұмысы тоқталған.



ІV. Жаңа сабақты бекіту

3. Мәтінді жазып , оқып, талдау жасау. Келесі сұрақтарға жауап беру.

  1. Энергетика дегеніміз қандай ұғым ?

  2. Энергетика дегеніміз не?

  3. Пайдаланылатын энергияның негізгі түрлері қандай?

  4. Қазақстанда электр энергиясының неше пайызы жылу электр стансалары арқылы және қанша пайыз су электр стансалары арқылы өндіріледі?

4.Жаттығу жұмыстары .

1.Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрап жазыңыз.

Мүмкіндік жасау, назар аудару, электр жүйесі, табысқа жету, қолдау көрсету, жолға қою.



  1. Сын есімнің жасалуын түсіндіріңіз.

Бақытты адам, механикалық, суық су, ауқымды ұғым, ядорплық, энергетикалық.

  1. Мәтіннен кез келген 4 зат есімді тауып, тәуелдік жалғауы бойынша тәуелдеңіз.



  1. Сөздікпен жұмыс. «Баламасын тап» ойыны.

  2. Ауқымды Ресурсы

  3. Қорлар отрасли

  4. Түрлендіру занимается

  5. Тарату обширное

  6. Жылу және электр эненргиясы преобразование

  7. Салалар распределять

  8. Су энергетикасы тепло и электро-энергия

  9. Жел энергетикасы производится

  10. Айналысады приостановлена

  11. Шамамен быстрый нейтрон

  12. Өндіріледі около

  13. Тек гидроэнергетика

  14. Шапшаң нейтрон ветроэнергетика

  15. Тоқталды только



  1. Жауабы:

  2. Ауқымды - обширное

  3. Қорлар - ресурсы

  4. Түрлендіру-преобразование

  5. Тарату –распределять

  6. Жылу және электр энергиясы- тепло и электро энергия

  7. Салалар – отрасли

  8. Су энергетикасы – гидроэнергетика

  9. Жел энергетикасы –ветроэнергетика

  10. Айналысады – занимается

  11. Шамамен- около

  12. Өндіріледі- производится

  13. Тек- только

  14. Шапшаң нейтрон- быстрый нейтрон

  15. Тоқталды- приостановлена

V. Қорытындылау. Енді сабағымызды кластер арқылы қорытындылаймыз.


Энергетика шаруашылығы дегеніміз не?


VI.Үйге тапсырма

Мәтінді оқи отырып тест құрастыру.



VIІ.Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет