Сабақтың тақырыбы: Ертегілер және оның түрлері



Дата27.03.2020
өлшемі23,62 Kb.
түріСабақ
16.01.2019

Мектепте бірінші күні мектеп директоры, оқу ісі бойынша мектеп дирекорының орынбасарымен және практикаға жауапты мұғаліммен таныстым. Практиканың алғашқы күні мектеп құжаттары, соның ішінде сыныптың оқу журналымен, сабаққа арналған күнтізбелік жоспармен таныстым.

Қазақ әдебиеті

5- сынып

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер және оның түрлері

Мақсаты:Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсіндіріп, сауатты оқуға машықтандыру және өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйрету.Сыныпта топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық орнату.

Сабақта қолданылатын әдістер:миға шабуыл жасау, жигсо, жұптық әңгіме,кубиз.

Сабақ өту барысында критерий бойынша, оқушылар өз білімдерін бағалады.Мұғалім рефлексия арқылы оқушылардың білімдерін тексерді,сонымен қатар жиынтық бағалады.

Оқушылардың ішінде Есім Алмат, Туралиев Әділет, Нұриева Алина өз білімдерін көрсетіп,топтық жұмыста да белсенді болды, жоғары бағаға ие болды. Ясымбек Айдана, Естібаев Қыран сынды оқушылар да сабақта ерекше көзге түсіп, белсене араласып отырды. Мұғалім сабақта оқулықпен қатар, суреттер, интернет материалдарын, кеспе қағаздарды пайдаланды.Оқушылардың осы сабақта барынша белсенді болғанын байқадым.Олар топтық жұмыста мұғалім берген барлық тапсырмаға үлгерді.

Үй тапсырмасына мұғалім әр оқушыға өзі таңдаған ертегісін оқып келуін бұйырды.

Қазақ тілі

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:Ана тілі .Тіл дыбыстары

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тіліндегі дыбыстар мен олардың түрлері жайлы мағлұмат беріп,жұмыс істеу арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын әдістер: Венн диаграммасы, сұрақ-жауап,диалог,миға шабуыл жасау, жигсо,топтастыру, Инсерт әдісі.

Сабақ барсысында оқытушы сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндірді. Оқушылардың барлығы дерлік тақырыпты меңгеріп,сабаққа белсене араласып отырды.Топтар бірін-бірі басбармақ, смайликтер арқылы бағалады.Бұл тақырып оқушылар арасында қызу талқыланды.Барлығы дерлік жоғары бағаға ие болды.Ана тілі жайында топтар өздеріне берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты.Оқытушы сабақта оқулықпен қоса, интерактивті тақта,интернет материалдарын,суреттер,қатты қағаздар пайдаланды.

Топтардың жетекшілері болған Айдынғали Дана, Жарас Мирас, Тұрдалы Әсел сынды оқушылар топтарын алға жетелеп,өздеріне артылған жүкті сабақ барысында жауапкершілікпен алып шықты.

Үй тапсырмасына топтарға жеке әртүрлі деңгейлік тапсырмалар бере отырып,тіл дыбыстары жайында ережелерді жаттап келу.

Қазақ әдебиеті 23.01.2019

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Керқұла атты Кендебай ертегісі. Ертегіні түсініп оқып, тақырыпты өмірмен байланыстыру арқылы ой өрісін дамыту.Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту.

Мақсаты: :Тақырыптың мазмұнын түсіндіріп, оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыру.Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйрету. Сыныпта топтық жұмыс арқылы ынтымақтас қарым-қатынас орнатуға үйрету.

Сабақта қолданылатын әдістер:Конверт-сұрақ әдісі,сәйкестендіру,миға шабуыл жасау,кім жүйрік

Сабақ барысында топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындады,бірін-бірі бағалады және өзін-өзі бағалады.Мұғалім үй тапсырмасын тексеріп, Нұртай Талап пен Маратұлы Айбек жоғары бағаға ие болды. Жаңа тақырыпты оқушылар жақсы меңгерді. Автордың айтпақ ойын түсінді.Сабақтың мақсаты осы сабақ барысында толық нәтижелі болды деуге болады.

Қолданылған көрнекіліктердің қатарында оқулық, суреттер,түрлі түсті стикерлер және бояу қаламдары болды.Мұғалім оларды әр топқа үлестіріп берді.

Үй тапсырмасына: Керқұла атты Кендебай ертегісін оқып келуге берді.

Қазақ тілі

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс деген не ?Дыбыс және әріп. Өз ойларын жетік пайдалануға дағдыландыру.

Мақсаты: Оқушыларға дыбыс және әріп анықтама тәсілдерін еркін түсіндіріп, топпен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,болжау,жигсо,рөлге бөлу,Венн диаграммасы.

Сабақ барысында оқытушы сабақты түсіндіріп болған соң, оларды топқа бөліп, сабақты одан әрі өрбітті.Оқушылар критерий бойынша бағаланды және топтар бір-бірімен кері байланыс орнатты.Оқытушы сабақты интерактивті тақтамен түсіндіріп, оқулықпен қатар интернет материалдарын,кеспе қағаздарын,суреттерді қолданды.

Үй тапсырмасына оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай сұрақтар мен тапсырмалар берді.

Қазақ әдебиеті 30.01.2019

5-сынып

Сабақтың тақырыбы:Батырлар жыры.

Тақырыпты түсініп оқуға, жырдың ой түйінін таба білуге үйренеді, тілін, сөздік қорын дамытады; зеректікке, білімді, ғылымды сүюге машықтары дамиды.

Мақсаты:Оқушыларға ойларын жүйелі жеткізуге үйрету, сөз қорлары мен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Қолданылған әдістер: Кім жылдам, кім жүйрік, сақина салмақ,аялдама ойыны,суреттер сөйлейді.

Сабақ барысында оқытушы оқулықпен қатар, интернет материалдарын, кеспе қағаздарын, маркер, стикерлерді көрнекілік ретінде пайдаланды.Оқушылардың ішінде үй тапсырмасын Айдынғали Дана, Жарас Мерей, Орынбасар Сымбат, Ниязбек Санжар, Дүйсенбаева Зере мазмұндап айтып, жоғары баға алды.Басқа оқушыларды критерий бойынша және екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады.Соған байланысты мұғалім олардың білімдерін рефлексия арқылы тексеріп,жиынтық бағамен бағалады.

Үй тапсырмасына оқушылардың білім деңгейіне қарай, тапсырмалар мен сұрақтар және кез келген батырлар жырын оқып келуге тапсырмалар берді.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Түркітектес халықтар. Тапсырмаларды пайдалана отырып, тапсырманы түсініп оқу арқылы мәтінмен жұмыс жасауды дұрыс дамытады.

Мақсаты: Тақырыпты меңгерте отырып, анықтамаларды қолдану арқылы мәтінге арналған тапсырмаларлы орындауға үйрету.

Қолданылатын әдістер:Топтастыру, тұжырымдамалар кестесі, семантикалық карта, жигсо, сұхбаттасу әдісі.

Сабақ барысында оқытушы жаңа сабақты түсіндіріп, үй тапсырмасын тексерді. Оқушылардың түгелге жуығы үй тапсырмасын толық орындаған. Бұл сабаққа белсене араласып отырды. Бұл жолы оқытушы үлгерімі төмен оқушыларға сабақ үстінде қосымша тапсырмалар берді. Мұғалім сабақ түсіндіргенде оқулықпен қатар, интернет материалдарын, маркер, суреттер, кеспе қағаздарын пайдаланды. Оқушылар өздерін және топ мүшелерін жеке және басбармақ әдістерімен бағалады. Оқытушы олардың білімдерін рефлексия әдісі арқылы тексерді.Оларды жиынтық бағамен бағалады.

Үй тапсырмасына түрлі деңгейлік тапсырмалар жазып келуге берді.

Қазақ әдебиеті 06.02.2019

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Қобыланды батыр жыры. Түсініп оқуға, танымдық қабілеттерін дамытады; зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға дағдыланады.

Қолданылатын әдістер: миға шабуыл жасау, ыстық орындық, суретпен әңгіме, жалғасын тап.

Сабақ барысында оқытушы маркер, стикер, суреттер, кесп қағаздарын, интернет материалдарын пайдаланды.Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, үй тапсырмасын сұрады. Оқушылар үй тапсырмасын мазмұндап айтып шықты. Сабақ барысында топтарға бөліп, әр топтан басшы сайлады. Олар өз топтарын жақсы алып шықты. Топтар өздерін критерий бойынша бағалады. Оқытушы топтардың арасынан ең үздік басшыны анықтады, ол Жарас Мерей болды. Тобын ең жоғары нәтижеге жеткізді.Оған сыныптағы үздік басшы деген ат берді.

Үй тапсырмасына осы тақырыпты мазмұндап айтуға берді және осы шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жазып келулерін тапсырды.Үлгерім төмен оқушыларға қосымша тапсырмалар берді.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Тілдік қатынас. Мәтіндерді орындау арқылы тапсырмалар мен тақырыпты түсініп оқып, мазмұнын ашады, ой өрісін дамытады.

Мақсаты: тақырыпты толығымен меңгертіп, тапсырмаларды орындауға машықтарын дамыту.

Қолданылатын әдістер: миға шабуыл жасау, автрорлық орындық, жигсо әдісі,бағдаршам, он сұрақ.

Сабақ өту барысында оқулықпен қатар, интернет материалдарын, кеспе қағаздарын қолданды.Жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасады.Топтар өздерін және қарсылас топты критерий және басбармақ, екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады. Сыныптағы белсенді оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Мұғалім рефлексия әдісі арқылы оқушылардың білімін тексерді.Оқытушы оларды стикер арқылы бағалап, оларға жиынтық баға қойды.

Үй тапсырмасына оқушыларға жеке тапсырма және топтық тапсырма берді.

Қазақ әдебиеті 13.02.2019

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Қобыланды батыр жырындағы кейәпкерлер образы. Түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйренеді, топ арқылы тапсырмаларды дұрыс орындауға пайдаланады.

Мақсаты: Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы білім деңгейлерін дамыту.

Қолданылатын әдістер: Оқулық суреттер, интернет - материалдары және кеспе қағаздар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында түрлі әдістерді пайдаланды. Оқушыларды топтарға бөліп, кішігірім қойылым түрінде өткізді. Бұл болашақта балалардың пайым - танымын дамыту мақсатында жасалған іс деп білемін. Тек сабақ қана өткен жоқ, сонымен қатар оқушыларды театр өнеріне де баулыды. Қойылымға қатысқан оқушылардың сабақты түсінуі де жақсы болды. Олар оқиға ішіне кіріп, әр кейіпкерді барынша сезіне алды. Мұғалім үй тапсырмасына жырдағы кеіпкерлерді талқылап жазып келуді берді.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Сөйлеу мәдениеті. Тақырыпты түсініп оқу арқылы тапсырмаларды меңгереді және білімдерін бекітеді, оны өз ойларын қорытып айтуда пайдаланады.

Қолданылатын әдістер: миға шабуыл жасау, ыстық орындық, суретпен әңгіме, жалғасын тап.

Мұғалім сабақ барысында осы ойындарды ойната отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, олардың ой - өрістерінің кеңейіп, тақырыпты басқа қырынан түсінуге мүмкіндік жасады. Жүйелі талдай білу және ой қорытындысын жасай білу дағдыларын арттыруға бар күшін жұмсады. Сабақта аса белсенді болған Тұрсынғазы Ырысдәулет, Январьбек Айсұлтан. Мұғалім үй тапсырмасына сөйлеу мәдениетінің өнері жайында біліп келуді берді.

Қазақ әдебиеті 20.02.2019

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жырындағы көркемдеу құралы. Тақырыпты түсініп оқу арқылы толық мағлұматтар алады, мәліметтерді жинақтай отырып, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйренеді.

Мақсаты:Қобыландыбатыр жырын тереңірек таныстыру, бейнеленген адамдар тағдыры арқылы танылатын өмір шындығын, жырдың идеясын ұғындыру

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, салыстыру картасы, Автор орындығы

Мұғалім сабақты сергіту сәтінен бастады. Ең алдымен оқушыларға авторды таныстырып өтті. Автор өмірінен біраз мәлімет алған оқушылар, енді автордың шығармасымен танысуды мақсат етті. Мұғалім шығарманы балаларға жақсылап түсіндірді де, оқушыларды топқа бөліп, жарыстырды. Әр топ өзара рөлге бөлініп, кейіпкерлер образдарын сомдады. Топтар арасындағы жарыста Болатқызы Әсел бастаған топ жеңіске жетті. Сабақ соңында мұғалім үйге жырдан қызықты деректер тауып келуді берді.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі . Қазақ тілінің дыбыстар жүйесінің жасалу жолдарын анықтайды, түсініктерін дамытады,тапсырманы орындауда топпен жұмыс істеу қалыптасады.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақ тілінің дыбыстар жүйесінің түрлерін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, Сәйкестендір, ЖИГСО, Бағдаршам.

Мұғалім сабақты үй тапсырмасын сұраумен бастады. Одан соң жаңа сабаққа кірісті. Сабақ оқушыларға қызықты болып өтуі үшін мұғалім жоғарыда көрсетілген әдістерді қолданды. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар Әубәкір Қуаныш, Амангелдиев Сырым, Айдынғали Даналар болды. Олар сабақ басталғаннан сабақ соңына дейін жаңа тақырыпты мұғаліммен қатар оқушыларға түсіндіруге тырысты.

Мұғалім үй тапсырмасына дыбыстар жүйесіне байланысты кітаптан тапсырма берді.

Қазақ әдебиеті 27.02.2019

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Мысал өлең және ерекшелігі мен қызметі. Өлең мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу. Өлеңнің мазмұнымен жұмыс істеуге, негізгі ойды таба білуге жағдай жасау.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, ЖИГСО, Трек сызбасы, Салыстыру кестесі, Эссе.

Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады. Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы оларды сабаққа қызықтыру мұғалімнің басты мақсаты болды. Сабақ соңында өткен тақырыпты үйге оқып келуге берді.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Лексикалық ауыз екі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтары. Тапсырмалар бойынша түсіну арқылы тапсырмаларды оқып мазмұнын аша отырып түсініктер қалыптастырады.

Сабақтың мақсаты: Лексикалық ауыз екі сөйлеудің түрлері және жасалу жолдарын, ұғымын меңгерту, ғылымға деген қызығушылығын ояту, оқушының пәнге қызғушылығын арттыру, білім алуға деген саналы көзқарастарын, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,дамыту.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, Сәйкестендіру кестесі, ЖИГСО, Бағдаршам. Кері әсер парағы.

Топтарда рөлдерді ауыстыру арқылы, түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы балалар қызығушылығын арттыруды мақсат етті. Жұмыс жайлы білімін тиімді қолдануға үйренеді. Шығармашылық қабілеттері әс - әрекеттерде көрінеді. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға жаңа сабақты барынша түсіндіруге тырысты. Үй тапсырмасына сөйлемдер құрап келуді берді.

Қазақ әдебиеті 06.03.2019

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев Менің атым-Қожа.Тақырыптың авторымен танысады. Шығарманы талдау арқылы өмірдегі құндылықтардың, қасиетті ұғымдардың парқын ажырата біледі.

Мақсаты: Халық жазушысы Бердібек Соқпақбаев туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Шығарманың мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу. Хикаядағы негізгі ойды түсіне білуге, ой қорытуға, бейнелі сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.

Қолданылатын әдістер: Кім жылдам, Аквариум, Семантикалық карта.

Оқушылардың өзін - өзі бағалауы және топтағы мүшелерді бағалау. Рефлексия арқылы білімдеріне талдау жүргізу. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту. Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын одан ары арттыру мұғалімнің мақсаты болды. Сабақта белсенді болғандар Тұрдалы Әсел, Ержан Динара, Ниязбек Санжар.

Қазақ тілі

5 - сынып

Сабақтың тақырыбы:Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру. Топпен жұмыспен бірге отырып, тақырып бойынша тапсырмаларды орындауда жаңа ой қалыптасады.

Мақсаты: Тақырыпты сырттай ұқсастықтарын және іштей өзгешеліктерін меңгерту, түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сюжет туралы алған білімдерін жинақтау.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ - жауап болжау, ЖИГСО, Венн диаграммасы.

Қалыптасу арқылы топтық жұмысқа дағдыланады. Сұрақтарға жауап бере алады. Сыни тұрғыдан ойлай алады. Диалог құрастыра алады. Басбармақ, смайликтер арқылы оқушылардың эмоциясымен жұмыс істей алады. Мұғалім осы әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.

Қазақ әдебиеті 13.03.2019

5-сынып


Сабақтың тақырыбы:Менің атым-Қожа кинофильмі

Мақсаты: Шығарманың мазмұны мен идеясын ашуға оқушылардың таным – мүмкіндіктерін анықтау, оқушылардың еркін сөйлеуіне, қорытынды жасай білуге жағдай туғызу.

Қолданылатын әдістер: миға шабуыл, ыстық орындық, жұптық әңгіме, кубиз.

Сабақта белсенділік танытқандар: Абай Марат, Асанғали Сайболат, Айдынғали Дана.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Әлеуметтік тұрмыстық,мәдени тақырыпқа байланысты диалог,монолог құрастыру.

Мақсаты: Диалог және монолог тақырыбы жайында жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады. Тапсырмаларды орындауда жаңа ойлар қалыптастырады.

Қолданылатын әдістер: Тұжырымдамалар кестесі мен семантикалық карта.

Қазақ әдебиеті 20.03.2019

5 – сынып

Сабақтың тақырыбы:Асан Қайғының жерге айтқан сыны турал аңыз әңгімесі.

Мақсаты: Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру. Көркем сөздерді жинақтау, пайдалану, байланыстыра сөйлеу дағдыларының жетілуіне жағдай жасау.

Сабақта белсенділік танытқан оқушылар: Аманғалиев Сырым, Алтынбекқызы Айжан, Әділ Амина.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша қолдану.

Мақсаты: Тақырыппен топта жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады. Бір біріне деген жақсы қарым қатынас қалыптасады.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ жауап, болжау, ЖИГСО, Рөлге бөлу, Венн диаграммасы.

27.03.2019

Ханзада апаймен қосымша тапсырмалар орындадым.

Қазақ әдебиеті 03.04.2019

5– сынып

Сабақтың тақырыбы:Асан Қайғы туралы деректер.

Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын түсініп, сөздік қорын молайтуға жағдай жасау, ой өрісінің дамып, сөз ұтқырлыққа баулу.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, спираль әдісі, Көкпар ойыны, Суреттер сөйлейді.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Ауыз екі стильдегі мәтіндердің мазмұнын және тілдік құралдарын салыстыру.

Мақсаты: Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас тақырыбын салыстыру туралы түсініктерін дамытады. Ұжыммен жұмыс істеуге деген қызығушылық қалыптасады.

Қолданылатын әдістер: ЖИГСО екінші әдісі, Аквариум, Миға шабуыл, Сұрақ жауап әдісі, БҰҰ кестесі.

Қазақ әдебиеті 10.04.2019

5-сынып


Сабақтың тақырыбы:Дулат Бабатайұлының шығармалары.

Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын түсініп, сөздік қорын молайтуға жағдай жасау, ой өрісінің дамып, сөз ұтқырлыққа баулу.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, спираль әдісі, Көкпар ойыны, Суреттер сөйлейді.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу арқылы мақсат бағыныңқы сабақтас тақырыбын зерттеу барысында қызығушылығы артады, тіл байлығы дамып, ойын еркін жеткізе алады.

Қолданылатын әдістер: Топтастыру, Миға шабуыл, Практикалық жұмыс, Аквариум әдісі, Жұптық әңгіме, Стикердегі диалог.

Қазақ әдебиеті 17.04.2019

5– сынып

Сабақтың тақырыбы:О,Ақтанжас,Ақтанжас өлеңі.

Мақсаты: Тақырыптың балаға ой саларлық идеясын баса ашуға мүмкіндік беру, өз бетінше қорытынды шығару дағдыларын дамытуға әдет ғұрыпты құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, Инсерт, сөздер банкісі, Ыстық орындық, Кім шапшаң.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Көп мағыналы сөздер.Омоним

Мақсаты: Көп мағыналы сөздер тақырыбын топпен түсіну арқылы тапсырмаларды пайдаланып, тақырыпқа арналған тапсырмаларды орындайды.

Қолданылатын әдістер: Бағдаршам, Арасындағы айырмашылық, Он сұрақ .

Қазақ әдебиеті 24.04.2019

5– сынып


Сабақтың тақырыбы:Даланың тұңғыш қоңырауы.Ы.Алтынсариннің өлеңі мен шығармалары.

Мақсаты: Тақырыптың балаға ой саларлық идеясын баса ашуға мүмкіндік беру, өз бетінше қорытынды шығару дағдыларын дамытуға әдет ғұрыпты құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістер: Миға шабуыл, Инсерт, сөздер банкісі, Ыстық орындық, Кім шапшаң.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Антоним және Синоним

Мақсаты: Антоним және синоним тақырыбын топпен түсіну арқылы тапсырмаларды пайдаланып, тақырыпқа арналған тапсырмаларды орындайды.



Қолданылатын әдістер: Бағдаршам, Арасындағы айырмашылық, Он сұрақ .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет