Сабақтың тақырыбы: Етістік тақырыбын жүйелі қайталау



Дата27.12.2016
өлшемі126,78 Kb.
#6262
түріСабақ
Жетписбаева Гулзат Жаксылыковна

Жарқайың ауданы «Өмірлік орта мектебінің» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Етістік тақырыбын жүйелі қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында етістік тақырыбы бойынша тест түрлері, талдау, тапсырмаларды орындау, сабақ үстіндегі оқушылардың жұмысын бағыттау.

Сабақтың міндеті: Оқушылардың ұмытып қалған, не түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіру, қайталау, өтілген материалды жан-жақты түсінуге жағдай жасау;

Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іздену дағдыларын дамыту, белсенділігін арттыру;



Жұптастыра, топтастыра отырып оқушыларды ұжымшылдыққа, топта қарым-қатынас орнатуға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар қазақ тілі пәні бойынша тестті сәтті тапсырады, берілген тапсырманың мазмұнын түсіне алады, өздігінен білім алуға үйрену қызметі қалыптасады; алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қоладана білуге үйренеді.

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО элементтері, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточка, тірек-сызбалар

Сабақ түрі: қайталау сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу, оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.

Психологиялық сәт: Балалар бүгін «Етістік» тақырыбына байланысты жалпы қайталап өтеміз. Алдымен етістікті қатыстырып, ҰБТ-ға байланыстыра отырып мақсатымызды айқындап алайық. Оқушылар мақсатты өздері қояды.

Қызығушылықты ояту. Тіке жауап тесті арқылы екі топқа сұрақ қоямын, оқушылар қолдарын көтеріп, тез-тез жауап береді.
Тіке жауап тесті

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?

  4. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  5. Етістік болу-болмауына қарай нешеге бөлінеді?

  6. Етістіктің неше райы бар, ата.

  7. Етістіктің неше шағы бар?

  8. Есімше дегеніміз не, жұрнағы?

  9. Көсемше дегеніміз не, жұрнағы?

  10. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?


Мағынаны тану. Етістік тақырыбын қайталау мақсатында оқушылар тесттің түрлері бойынша тапсырмалар орындайды. Оқушылар қате кеткен жағдайда жұппен, топпен бір-біріне түсіндіреді.

Балама тест

Сұрағы

«Иә» немесе «жоқ»

Етістік заттың іс-әрекеттің қимылын білдіреді ...




Етістік не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді...




Етістік мағынасына қарай үшке бөлінеді...




Ойла, ақылдас, байы сөздері негізгі етістік болады...




Кетпе, барған жоқ, келген емес тіркестері болымсыз етістік болады...





Анықтау тест

Тапсырма

Жауап

Есімшенің жұрнақтарын жаз.




Көсемше жіктеліп келіп қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?




Етістіктің шақтарын ата.




Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіретін келер шақтың түрі




Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып, қай сөйлем мүшесі болады?





Ашық тест

Тапсырма

Жауап

Сабақты етістіктің ережесі




Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді, қандай?




Болымды, болымсыз етістіктің жасалу жолдары...




Жедел өткен шақтың жасалу жолы




Мезгіл мағынасын білдіретін –са, -се жұрнағына мысал келтір.





Толықтыру тесті

І топ

Наурыз қыз

Күннің Наурыз деген кішене қызы __________ . Ол жерді жақсы көруші __________ . мәңгі мұз бас қан жерді _____________ , гүлдендірсем деп ылғи __________. Бір күні Наурыз қыз тәуекел деп жолға ___________ . Боран __________ , қаһарланып қатты ___________ . Қалайда қаршадай қызды көздеген жеріне жеткізбеуге ____________.



ІІ топ

Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы ___________ , ал еңбектің қарапайым түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі _________ жетіле__________ . Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай _________ , ерікті күшін жігерін соған __________ , өзін-өзі ___________ , үлкен жетістіктерге ________ , қоғамда өз орнын _______ _______.


Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып мәтіннен бір етістікті алып сатылай кешенді талдау жасау.

Етістік 1. Бұл сөз неше құрамнан тұр?

2. Тұлғасына қарай қандай сөз?



  1. Құрылысына қарай қандай сөз?

  2. Мағынасына қарай?

  3. Берілген етістік қандай сұраққа жауап береді?

6. Сөзде неше лексикалық мағынасы, неше грамматикалық мағынасы бар?

7. Лексикалық мағынасы...

8. Грамматикалық мағынасы...

9. Сөйлемде атқаратын қызметі?


Екі топқа бірдей реттік тест беріледі. Сәйкестендіру арқылы дұрыс жауапты белгілейді.

Реттік тест

І топ


  1. Сабақты етістік 1. бала өкпеледі

  2. Салт етістік 2. әңгіме айтты

  3. Негізгі түбір етістік 3. ала кел, келе жатыр

  4. Туынды түбір етістік 4. көр, кел, оқы

  5. Күрделі етістік 5. баста, ойла, жазар

  6. Болымды етістік 6. -ған, -ар, -атын, -мақ, -мек

  7. Болымды етістік 7. -а, -ып, -ғалы, -п, -й

  8. Көсемше 8. оқы, жазады, айтқан

  9. Есімше 9. барма, келген жоқ, айтқан емес

  10. Бұйрық рай 10. Мен барайын


ІІ топ


  1. Шартты рай 1. Оқығым келеді

  2. Ашық рай 2. Мен қалаға барсам, ...

  3. Қалау рай 3. Мен келдім

  4. Болжалды к.ш. 4. –а, -е, -й

  5. Мақсатты к.ш. 5. –ар, -ер, -р

  6. Ауыспалы к.ш. 6. –мақ, -пек, -бақ

  7. Жедел ө.ш. 7. –ған, -кен, -ып

  8. Ауыспалы ө.ш. 8. –ды, -ті, -ді

  9. Бұрынғы ө.ш. 9. –атын, -етін, -йтін

  10. Нақ осы шақ 10. келемін, барамын, ойнаймын

  11. Ауыспалы о.ш. 11. отыр, жүр, тұр, жатыр


Қорытынды: барлық балаларға бірдей жабық тест беріледі. Оқушылар жеке-жеке орындайды. Қатесін презентацияда көрсетіліп тұрады, оқушылар тексереді.
Жабық тест

1. Болымды етістікті анықтаңыз.

A) Айқайлама. B) Айтқан емес. C) Берген жоқ. D) Ойна. E) Келтірме.

2. Нақ осы шақтағы сөзді көрсетіңіз.

A) Істейді. B) Айтқан. C) Жатыр. D) Бармақ болды. E) Жазады.

3. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Сізді шақырамыз. B) Біз келеміз. C) Ол бізге келсе екен.

D) Мен барлаушымын. E) Сендер оларға көмектесіңдер.

4.Туынды етістікті табыңыз.

A) Шегеле. B) Жүгір. C) Айт. D) Отыр. E) Секір.

5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

A) -мақ,-мек. B) -па, -пе. C) -ар, -ер, -р. D) -қан, -кен. E) -ғалы, -гелі.

6. Есімшені табыңыз.

A) Отыр. B) Айтты. C) Келген. D) Жат. E) Жүгір

7.Етістіктің құрамына қарай бөлінуін белгілеңіз.

A) Есімше, көсемше. B) Салт, сабақты. C) Дара, күрделі.

D) Болымды, болымсыз. E) Негізгі түбір етістік, туынды түбір етістік.

8. Қалау райдың жасалу жолын табыңыз.

А) –ғай, -гей В) –сын, -сін С) –шы, -ші Д) –а, -е Е) –лық, -лік

9. Етістіктің сөйлемде атқаратын қызметі қандай?

А) бастауыш В) басндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш

10. Қалып етістігі қай шаққа тән?

А) өткен шақ В) осы шақ С) жедел өткен шақ Д) нақ осы шақ Е) ауыспалы осы шақ

Қате жіберген оқушыларға үлестірмелі карточкалар беріліп, түзету жұмысы жүргізіледі.



Үйге тапсырма: Оқушылардың жіберген қателері бойынша жеке тапсырмалар беріледі.

Бағалау. Диагностикалық карта арқылы оқушылардың жіберген қателерін анықтай отырып, оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Бағалау шкаласы

0 – 4 = ‘2’

5 – 6 = ‘3’

7 – 8 = ‘4’

9 – 10 = ‘5’
Диагностикалық карта

Тақырыбы

Болымды етістік

Нақ осы шақ

Бұйрық райдың сөйлемдегі қызметі

Туынды етістік

Көсемшенің жұрнағы

Есімше

Етістіктің құрамы

Қалау рай

Етістіктің қызметі

Қалып етістігі

Оқушының аты-жөні



Абайділдә Н.































Айтжан Ә.































Бримжанова Б.































Бримжанова Д.































Дәулетов А.































Жанмукашева Ж.































Сабитова А.































Тлесов А.































Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

«2»

«3»

«4»

«5»

Абайділдә Н.













Айтжан Ә.













Бримжанова Б.













Бримжанова Д.













Дәулетов А.













Жанмукашева Ж.













Сабитова А.













Тлесов А.













Қорытынды













Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет