Сабақтың тақырыбы: ф дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі45,8 Kb.
#38878
түріСабақ
Алпамыс батыр атындағы

№40 мекиеп гимназиясының

Бастауыш сынып мүғалімі

Зияева Гульмира Адырбековна


Ф дыбысы мен әрпі

 

 Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі


Сабақтың мақсаты: 
Білімділік мәні: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Сөйлем ішінен ф әрпі бар сөздерді тауып жазу, ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді, дарынды, озық ойлы болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету



Әдіс тәсілі:  мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ жауап,дыбыстық талдау
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа, жазба түрі, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: а) Психологиялық дайындық


«5»болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп
Өсе берсін санамыз
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.
1.Бағдарлау- мотивациялық кезең
Өтілген тақырыпты пысықтау

-В дыбысынан келетін қандай сөздер білесіңдер?

- В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
-«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
Ойын «Әріптер әлемі» Шарты: өткен әріптерді пысықтап олармен сөз, сөйлем ойлату. Тақтада бірнеше әріптер берілген, осы әріптерді қатыстырып сөз, сөйлем ойлаймыз. Х, ю, һ, в. Хат, ою, жиһаз, вокзал. Ағам хат жазды. Әжем ою ойды. Біз жиһаз алдық. Вокзал үлкен және әдемі.
Жаңа сабақ

«Үш торай» атты ертегіден бастау.


  • Ағайынды үш торай болыпты. Олар – Наф-Наф, Ниф-Ниф және Нуф-Нуф .Наф-Наф кірпіштен, Ниф-Ниф қамыстан, Нуф-Нуф бұтақтан үй салады.

Бір күні қасқыр Ниф-Ниф пен Нуф-Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф-Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.

-Балалар, қасқыр қалай үрледі?

-Ф-ф-фу ! –деп барлығы үрлей бастайды.Сол кезде Ф әрпін көрсетіп, таныстыру.

Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызып жаттығу.


- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Көк дөңгелекшемен
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

- Мынау не?


- Фонтан (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо н-тан
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты

Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?


Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

«Жалғасын тап» ойыны. Шарты: сөздің алғашқы буындарын айту, соңғы буынын оқушы тауып, сөзді айту керек.Мысалы:

Фут-..., фон-..., теле-...,ко-..., фо-..., бу-...

Футбол өлеңін оқып беру.

Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сендерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз?
- Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
- әл - Фараби өлеңін оқып бері, түсіндіру.
- әл - Фараби – ғұлама, данышпан, ғалым.
Бала болсаң талапты,
Біліп өскін Фарабты.
Әбу Насыр қаланың
Әлемге атын таратты.

2. Операционалдық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс

Футбол, әл - Фараби өлеңдерін оқыту.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Қолды белге қояйық

Бір отырып , бір тұрып,

Бір тынығып алайық,

Дәптермен жұмыс:


Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.

Шығармашылық тапсырма.
1 топ «Сөз ойла, тез ойла» (берілген әріптерден сөздер ойлау, жазу.)
2 топ «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
3 топ «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
4 топ «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)

3. Рефлексиялық –бағалау кезеңі
Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон)

Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып. ( Футбол)

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды. (Футбол)

Телефон сөзін буынға бөлдіру, ф дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу.



Осы сөзді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыру.

- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар
Каталог: uploads -> doc -> 09b7
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b7 -> Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: айтылым, оқылым, тілдесім, жазылым Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
09b7 -> Сабақтың өтілу моделі Бағдарлау мотивациялқ кезеңі
09b7 -> Ковыленка негізгі орта мектебі Тақырыбы: Өткізген : Жантасова А. Б
09b7 -> Тушанова Айнагуль Хазтайқызы
09b7 -> Қолданбалы курс 11 класс Қазақстан тарихы Тақырыбы: «Тарихи таным» Түсініктеме
09b7 -> 12 сәуір Ғарышкерлер күніне арналған «Жас ұшқыштар» спорттық мерекесі Спорттық мерекенің тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет