Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»



Дата04.07.2018
өлшемі83,33 Kb.
#46358
түріСабақ
Күні: 10.01.2017 оқу жылы

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Білімділік:  Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,

ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;



Тәрбиелік: оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.


І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
«Ыстық орындық» әдісі.

ІІІ.Жаңа тақырып . Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

Ғабит Мүсірепов –өнер өрісінің әр белесінде жаңа сыр ашқан, әр кезеңінде жаңа түр тапқан. Бұл зергердің қолынан шыққан бұйымдарының жұрт таныған асыл қасиеті осында жатыр.

(З.Қабдолов )

Ғабит Мүсірепов әдебиеттің ең күрделі жанрларына қалам тартып, соның бәрінде де өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырды. Оның қаламынан шыққан алуан түрлі жанрдағы туындылар әдебиетіміздің үздік үлгілері болып қала бермек.

(Н.Назарбаев)


Ғабит Мүсірепов (1902-1985)



  • қазақ халқының танымал жазушысы;

  • белгілі қоғам қайраткері ,

  • академик

  • Социалистік Еңбек Ері,

  • Екі мәрте Ленин және Қызыл Ту ордендерінің иегері.

  • Қазақстанның халық жазушысы.

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ауыл молдасынан оқып, хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай оязының Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі.

1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетіне түседі.

Білімге деген ынта оны Омбыдағы ауылшаруашлық институтына әкеледі.

Болашақ қаламгер орыстың А.С.Пушкин , М.Ю.Лермонтов, Н.В.Гоголь,М.Горкий, Н.А.Некрасов сынды ақын-жазушыларын ,сонымен қатар шетел классиктерін көп оқиды.

Алғашқы туындысы - "Тулаған толқында", атты повесін жазады. "Қос Шалқар", "Көк үйдегі көршілер", "Шұғыла", "Талпақ танау" әңгімелері қазақ прозасына жаңа лирикалық сарын әкеледі.

"Кездеспей кеткен бір бейне" атты кітабы үшін Абай атындағы сыйлыққа ие болады.

"Жапон балладасында" атом бомбасының адамзатқа әкелер қасіретін көркем тілмен көрсетеді.



Қазақ даласында жұмысшы табының пайда болуын Ғ.Мүсірепов "Оянған өлке" романында жан-жақты көрсетеді.


ІV.Оқулықпен жұмыс.

  • Оқушыларға жазушының «Автобиографиялық әңгіме» атты шығармасын оқыту.

  • «Автордың орындыға» ойынын өткізу. Ол үшін әрқайсысымыз өз өмірбаяндарымызды әңгіме түрінде жазуымыз керек.


Сөзмаржан

Қалжа сүйегі –дүниеге нәресте әкелген әйелге арнап сойылған қойдың сүйектері

Баланың тілін сындыру-оқыту,сауатын ашу.

Қисса-ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, сюжетті жыр, дастан, кітаби эпос.

Инспектор-тексеруші
Сұрақтар

  1. Мен ескіше жыл басы деп есептелетін қандай жағдайда,қай күні туыппын?

  2. Біздің елдердің бірсыпырасы қыс айларын қандай үйде өткізеді екен?

  3. Ол күні күн қандай болды?

  4. Әрине ,ол күннен менің есімде қалғаны бар ма?

  5. Қайсар, жыламайтын ең деп кім айтып отырушы еді?

  6. «Балалардың тілін сындыру үшін» кімді жалдапты?

  7. Ол молда балаларды қалай оқытты?

  8. Молданың оқуынан балалар миына бірдеңе алып қала алды ма?

  9. Молдадан неше жыл оқып, қанша мал алып еліне қайтсада балалар бірдеңе ұқты ма?

  10. Көрші ауылда екі сыныптық орсша мектеп бар екен.мені бірінші сыныпқа кіргізді? Осы мектеп көп ұзамай кімнің қолына көшті?

  11. Ол қандай оқытушы еді?

  12. Ол білімді қалай берді? Ол берген білім балаларға ұнадыма? Қандай әдіспен беруші еді?

  13. Бекеттің өзі айтқандарынан есте қалған бірауыз сөз?

  14. Бекет Өтетілеуов қай жылдары туған және кім?

  15. Менің осы мектепте оқып жүргенде қандай мінезім болды?

  16. Мектепке инспектор келгенде қандай жағдай болды? Портреті? Инспектор туралы әңгімелеп бер?

  17. Инспекор берген тапсырмалар?

  18. Осы жыл біткен соң келер жылы қандай мектепке қандай пәннен сынақтан өтіп түстім?

  19. Осы мектепті нешінші жылы бітірдім?

  20. Ол мектептегі қандай есте қалған естеліктерді еске алдым?


Топтастыру


VІ.Үйге тапсырма.

Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме» оқу, әңгімелеу



Өздеріміздің өмірбаянымызды Автобиографиялық әңгіме секілді етіп жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 08c0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c0 -> Сабақтың тақырыбы : Көз көру мүшесі Сабақтың мақсаты : Білімділік
08c0 -> Сабақ жоспары №24 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: Тобы: по-17 Сабақтың лексикалық тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет