Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата28.01.2018
өлшемі9,24 Mb.
#35476
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Мектеп: ММИ Жамбыл атындағы мектеп

Пән мұғалімі: Октябрь Наурызгүл

Пән: Информатика

Сынып: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы оқушыларға түсінік беру, бума мен жарлық құруды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын жетілдіріп, белсенділігін дамыту, пәнге деген қызушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білім мен икем дағдыны бекіту сабағы

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі: Оқу құралдары, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезең.( 2 мин )

II. Үй тапсырмасын тексеру.( 2 мин )

III. Өткен тақырыпты қайталау. (Ауызша-Ғажайып алаңы) ( 6 мин)

IV. Жаңа сабақты меңгерту. ( 5 мин )

V. Жаңа тақырыпқа арналған тапсырмалар (15 мин)

VІ.Жаңа сабақты қорытындылау. (Тест) (10 мин)

VІІ. Үйге тапсырма. (1 мин)

VІІІ. Бағалау. ( 2 мин )

ІХ. Қортындылау. (Түйіндеме) ( 2 мин )


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны түгендеу, сабаққа даярлау. Оқушыларды екі топқа бөлу:

1. «Ақпарат» тобы (І қатар оқушылары)

2.«Компьютер» тобы (ІІ қатар оқушылары)



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

(10-шы тақырып бойынша №10 тест.)



ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

«Ғажайып алаң» ойыны (ауызша сұрақтар).

Сұрақтар:

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

(Операциялық жүйе компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)

2. Сіздер қандай ОЖ-ны білесіңдер?

(Windows XP, Windows 7, Windows 8 т.б.)

3. Терезе дегеніміз не?

(Терезе – экранның қоршауларымен шектелген тікбұрышты аймағы)

4. Терезелердің түрлерін атаңыздар?

(бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері)

5. Білім туралы мақал-мәтел айт

6. 2,4,8, - қандай сандар ? ( жұп)

7. 3,5,7, қандай сандар ? ( тақ )

8. Мәтінді шығару құрылғысы (принтер)

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * < > |



Бумалар (папка) ақпаратты және файлдарды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты аты және мөлшері бар.

Бумалардың түрлері:



1. Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады, мысалы: - жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі

2. Жұмысшы бумалар. Пайдаланушылардың өздері құрады. Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Олар келесідей стандартты белгімен жабдықталады:

Мұндай бумаларды олардың белгішелерін екі рет шерту арқылы ашады.



Жарлықтар (ярлык)– нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.

Ол келесідей түрде белгіленеді.

Каталог: uploads -> doc -> 06d9
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d9 -> Сабақ тақырыбы: Әлемнің құрылысы. Күн жүйесінің пайда болуы
06d9 -> Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Мұқаева Арнагүл Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет