Сабақтың тақырыбы Фотосинтезге қажетті жағдайлар



Дата23.11.2019
өлшемі0,51 Mb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


5.3 А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Мектеп: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы Нұрбапа Өмірзақов ат. о/м

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Куберова Г.Д

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Фотосинтезге қажетті жағдайлар



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.4.2.7 - фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын зерттеу

Сабақтың мақсаты




Барлық оқушылар : фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларды сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: фотосинтез жүруінің қажетті жағдайларын зерттейді.


Кейбір оқушылар: Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды

Анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі


Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды

Анықтайды


Тілдік мақсаттар


Оқылым: мәтінді оқи отырып, фотосинтез үдерісімен танысады.

Тыңдалым: оқушылар бір-бірін тыңдай отырып, фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын сипаттайды.

Айтылым, жазылым: суреттермен жұмыс жасай отырып, фотосинтезге қажетті жағдайларын тәжірибе түрінде анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фотосинтез үдерісі

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:


  1. Фотосинтез дегеніміз не?

  2. Фотосинтездің атқаратын қызметі қандай?

  3. Фотосинтез үдерісінің маңызы?

Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып, өмір бойы білім алу, өз атқарған жұмысына жауапкершілікпен, ұжымдық командада жұмыс істей алу, топта жұмысты ынтымақтастықпен орындау, алған білімдерін сыныптан тыс жерде пайдалана алу, өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелейді.

Пәнаралық байланыс

Биология, экология, табиғаттану пәндерімен, химия, физика.

Алдыңғы білім

Спиральдық қағидатқа байланысты, оқушылар бұл тақырыппен таныс


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер,

Ресурстар

Сабақтың басы


- Оқушылармен амандасу


- Оқушыларды түгендеу

зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:

тренинг «Топтық әдемі тілектер»

сыныпты «Судың үш күйі арқылы» үш топқа бөлеміз


Сабақтың ортасы

20минут

Тапсырма №1 Мәтінмен жұмыс . (ТТ) «Ойлан,жұптас,бөліс»


Фотосинтез барлық тірі организмге қажет. Өсімдіктер фотосинтез арқылы қоректенеді, ал жануарлар мен адамдарға тыныс алу үшін таза ауа қажет. Бірақ фотосинтез жүру үшін кейбір шарттардың болуы қажет.

Фотосинтез жүру үшін:



    1. Күн сәулесі

    2. Көмірқышқыл газы

    3. Су

    4. Өсімдік жапырағының хлорофилі

Фотосинтез жүру үшін қажетті жағдай автоматты түрде әртүрлі табиғи үдерістер мен тірі организмдер арқасында жасалады. Себебі, жапырақ энергиясы Жер бетіне Күннен келеді, өсімдіктер көмірқышқыл газын атмосферадан алады, ал суды топырақтан алады.

Дескриптор:

  • Мәтінді оқиды

  • Түсінгені бойынша қорғайды

  • Өз ойларын ортаға салады

Қалыптастырушы бағалау: «От шашу»

Тапсырма №2 (ЖТ) «Кестенің тілін тап...»

1. Суретке қарап фотосинтездің жүруіне қажетті



жағдайларды атаңыз және негіздеңіз. Жауапты кестеге толтырыңыз.

Қажетті жағдайлар

Қажеттілік сипаты































Дескриптор:

- суретпен жұмыс жасайды

- қажетті жағдайларды сипаттайды



- қажеттілік сипатын айқындайды

Қалыптастырушы бағалау: «Жұдырық-алақан»

Тапсырма №3 (ЖТ) «Суреттегі үдеріс»

2. Суретке қарап, қандай үдерістердің жүргенін және оларға қандай жағдайлардың қажет болғанын анықтап, қорытынды жасаңыз.



Дескриптор

- фотосинтезге қажетті ішкі жағдайларды жазады;

- фотосинтезге қажетті сыртқы жағдайларды жазады;

- қажетті жағдайларды сипаттайды;

- зерттеу жұмысын жасайды;

- жұмыс барысында қандай үдерістердің жүргенін анықтайды;

- үдерістерге қандай жағдайлардың қажет екенін анықтайды;

- қорытынды жасайды.



Қалыптастырушы бағалау: «Бармақпен»



Жаратылыстану оқулығы


Алматы кітап баспасы

2017жыл


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

5-сынып


Сабақтың соңы


Рефлексия: «Смайликтермен» кестесімен жұмыс



Саралау – тапсырмалары мен оқушының әр түрлі қажеттіліктері ескерілуі тиіс,сол себепті мен оқушылардың білімдерін практикамен

Ұштастырып отыруымыз қажет. Осындай мақсатта мен оқушыларға «Суреттегі үдеріс» тапсырмасын бердім. Бұл тапсырманы беру себебім деңгейі жоғары оқушылар сабақ арасында бос отырып қалмауы үшін жоғары деңгейлік тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытамын.


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сабақ барысында талқылау мен сұрақтар қою.Сұрақ қоюдың қайта бағыттау әдісін қолдана отырып еркін диалогқа бағытап, еркін диалогқа шақыру . сабақ барысында бағалаудың түрлері «Бармапен» және «От шашу» және «Жұдырық - алақан» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалаудың тәсілдерін жүргіздім.


Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

География кабинетінде жұмыс істеудің жалпы ережелерін сақтау.

Тәжірибемен жұмыс жасуда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет