Сабақтың тақырыбы: Газдың ішкi энергиясы. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Термодинамикадағы жұмыс



Дата04.08.2017
өлшемі67,21 Kb.
#22965
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Термодинамика

Сынып:

10 А

Сабақтың тақырыбы:

Газдың ішкi энергиясы. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.Термодинамикадағы жұмыс

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Идеал газдың ішкі энергиясы, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері, термодинамиканың І заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.


Оқыту мақсаттары

Барлық оқушылар: ішкі энергияның анықтамасын, оны өзгерту тәсілдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: формуланы пайдаланып есеп шығарады.

Кейбір оқушылар: оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: ішкі энергияның мағынасын, анықтамасын түсіне алады, формуланың тұжырымдамасын түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: ішкі энергия, жұмыс, жылу берілу, біратомды идеал газ

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Ішкі энергияны өзгертуге бола ма? Термодинамиканың І заңын қалай тұжырымдайды? Дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін қандай параметрлерін өзгерту керек?

Жазылым бойынша ұсыныстар: атомның еркіндік дәрежесін білу, белгісіз шаманы табу үшін формуланы түрлендіру, есеп шығарудың алгоритмін сақтау

Жетістік критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Механикалық энергияны сипаттайтын шамалардың мағынасын, формуласын біледі. Оларды есеп шығаруда пайдалана алады



Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі.

Энергияның түрлерін, оларды сипаттайтын шамаларды біледі, бірақ формуласын ұтымды пайдалана алмайды



Құндылықтар

Жауапкершілік, өзара сыйластықты қалыптастыу

Пәнаралық байланыс

Математика, биофизика

Алдыңғы оқу

Молекула-кинетикалық теорияның негіздері, газ заңдары

Жоспарлан-ған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Кіріспе

Басталуы

2 мин
Өткен тақырыптар

ды еске түсіру.
5 мин


Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Өткен сабақта жазған бақылау жұмыстарына қысқаша тоқталып өту.


Анықтама кестесі


Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

М.К.Т. теңдеуі










Зат мөлшері










Молекулалар концентрациясы










Менделеев-Клапейрон теңдеуі










Изопроцестер










Дальтон заңы













Интерактивті тақта,

Анықтама кестесі




Ортасы
«Ой қозғау»

5 мин.
«Мағынаны тану»

15 мин

Физикалық диктант



5 мин

Есеп шығару

10 мин



Термодинамика туралы түсінік беріледі.

Ой қозғау сұрақтары қойылады:



Ішкі энергияны қалай түсінесіздер?

Ішкі энергияны өзгертуге бола ма? Қалай?
Ішкі энергия


молекулалардың ретсiз қозғалыстарының

кинетикалық энергиясы



Молекулалардың өзара әсерiнiң потенциалдық энергиясы


U= R T і- еркіндік дәрежесі

U= R T –Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы

U= R T - екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы

U= R T - үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы

Берілген дененің ішкі энергиясын қалай өзгертуге болатынын анықтайды. Термодинамиканың І заңын тұжырымдайды.

Термодинамиканың бірінші заңы: егер газға қайсібір жылу мөлшерін берсе, онда ол ішкі энергияны өзгертуге және сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруға жұмсалады.

Q = ∆U + A

Жұмысты есептеу формуласын қорытады: Қозғалмалы ортаның көлемi өзгергендегi iстелген жұмыс мынаған тең болады



А = p·(V2-V1) = p·ΔV

Ұлғаю кезiнде (V2 > V1) газ оң жұмыс жасайды: А>0. Сығылу кезiнде V2<V1, сондықтан оның жұмысы терiс болады: А<0.

Қажетті формулалар мен мәліметтерді жазып алады.

№1 жұмыс Сұрақтарға жауап беріңдер, толықтырыңдар.

... ... ... жылулық құбылыстар деп аталады.

Термодинамика дегеніміз ... ... ...

Дененің ішкі энергиясы деп ... ... ...

Формуласы:U =


1)2*105 Па қысымдағы газ көлемі 0,9 *10-3 м3 –ге изобаралық ұлғайғанда қандай жұмыс атқарады?

2)Температурасы 270С біратомды идеал газдың ішкі энергиясы 15 кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар



ОӘЖӘ парағы


Электронды оқулық

оқушы дәптері




Аяқталуы

3 мин


Үйге тапсырма

Бағалау


Рефлексия

§ 5.1 , 5.2



Өз-өзін бағалау парақшаларын толтырады

Оқулық, күнделік


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет