Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық пішіндер әлемінде»



Дата25.08.2017
өлшемі9,13 Kb.
#26156
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық пішіндер әлемінде»
  • Түзете-білімділігі: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып салыстыра білуге баулу. Дьенеш блогы қолдану арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Түзете-дамытушылығы: Геометриялық пішіндерді құрастыруға жаттықтырып, саусақ моторикасын және танымдық қабілетін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін санамақ, математикалық ойын арқылы дамыту.
  • Түзете-тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру, ойын және Дьенеш блог технологиясы.

  • Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс: әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру, ойын және Дьенеш блог технологиясы.
  • Қажетті- көрнекі құралдар: проектор, слайд;
  • Қажетті-құралдар: суреттер, Дьенеш блогы әр балаға;
  • І. Ұйымдастыру кезеңі:
  • 1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
  • ІІ. Шаттық шеңбері:
  • Ойын: “Тұрып қал”
  • Шарты: Балалар шеңбер бойымен ырғағымен жүріп, әуен тоқтағанда тұра қалады.
  • - Жарайсыңдар балалар, ойынды қызыға ойнадыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ

  • ІІІ. Жаңа сабақ
  • Қызығушылықты ояту.
  • Балалар, бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз және геометриялық пішіндер туралы білімдерімізді көрсетеміз.
  • Санамақ
  • Саусақтарға қарап-ақ,
  • Қане-қане санайық.
  • Санын біліп алайық.
  • Оң қолымда бес саусақ,
  • Сол қолымда бес саусақ,
  • Беске бесті қосқанда,
  • Болып шықты он саусақ.
  • Жұмбақ жасыру:
  • Атына сай балалар,
  • Үш бұрыш үш жағы бар!
  • Ол пішінді кім табар? (үшбұрыш)
  • Допқа өзі ұқсайтын,
  • Ерекше бір пішін бар,
  • Атын оның атаңдар. (дөңгелек)
  • Төрт бұрышы бар,
  • Төрт қабырғасы бар,
  • Бұл қай пішін? (төртбұрыш)
  • Дөңгелек
  • Дидактикалық ойын:
  • “Пішіндірге қандай заттар ұқсайды?”
  • Үшбұрыш
  • Шаршы
  • Тіктөртбұрыш

Золтон Дьенеш

  • Венгерлық теоретик және практик, «Жаңа математика» әдістемесінің авторы

Дьенеш блогы

Дьенештің логикалық блоктары

  • Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтон Дьенеш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жуандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал.

Дидактикалық ойын: “Кім шапшаң”

  • Дидактикалық ойын: “Кім шапшаң”
  • Шарты: Балалар Дьенеш блогтарды пайдаланып , геометриялық пішіндерді дұрыс орналастыру керек.
  • ІҮ. Сергіту сәті
  • Төртбұрышты қолданып,
  • Үшбұрышты қолданып,
  • Үй жасаймыз көрініз,
  • Жаңа қоңыс, жаңа үйге,
  • Куанышпен кіріңіз!
  • Ү. Дидактикалық ойын: “Қандай геометриялық пішіндерден құралған?”
  • Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту
  • Шарты: Балалар геометриялық пішіндер- Дьенеш блогтар арқылы суреттер құрастыру.
  • ҮІ. Қорытынды
  • Сұрақ-жауап
  • ҮІІ. Бағалау
  • - Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.
  • ІІІ. Жылулық шеңбері:
  • Достарды біз қолдаймыз,
  • Қиын шақта қорғаймыз.
  • Біздің топта ұл-қыздар,
  • Тату-тәтті ойнаймыз.

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет