Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандармен көркем жазуды кірістіру Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата08.06.2018
өлшемі1,02 Mb.
#41766
түріСабақ

58 жалпы орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Гасанова Зохра Атахановна

Пәні:Информатика

Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы:Графикалық нысандармен көркем жазуды кірістіру


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға WordArt нысанын, клип, файлдан сурет қосу құралдарын пайдаланып, құжатқа растрлық бейнелеу, сызбалар, векторлық графикалық бейнелерді енгізу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: MS Word мәтіндік процессорына нысандар түрін енгізуді, әртүрлі нысандарды қосу бұйрықтарын біледі.


Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндік құжатқа графикалық редактордан сурет, WordArt нысанын, клип, файлдан сурет қоса алады


Кейбір оқушылар: Кез-келген құжатқа графикалық нысандарды қоса алады


Тілдік мақсат

MS Word мәтіндік процессорында нысандар түрін енгізуді, әртүрлі нысандарды қосу бұйрықтарын түсіндіріп береді




Негізгі сөздер тіркестер: Wordart, рисунок, картина, фигура батырмалары




Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Графикалық редакторда құрылған суретті қалай қосамыз?

2.Қандай пернелер ашылған терезелердің бойымен жылжуға мүмкіндік береді?

3.Бейнебаян коллекциясынан сурет кірістіру алгоритмін сипаттаңдар?


Жазылым бойынша:

-Сіз ... неліктен екен екендігін айта аласыз ба?

-Сіз осы тапсырманы қалай орындадыңыз?


Осыған дейінгі меңгерген білім

Кестелерді пішімдеу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-3 минут


4-7 минут


8-10 минут

Оқушыларды түгелдеу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында

Оқушылар жұмсақ ойыншықты қарсы тұрған оқушыға беру арқылы, оның есімін атап, жылы лебіздерін білдіреді.

«Мен саған бүгінгі сабақта белсенді танытуыңды тілеймін».

Оқушыларды «мозайка әдісі» арқылы 3-топқа бөлемін.Оқушыларға суреттің қиындылары таратылады. Оқушылар сурет қиындыларын жинау арқылы топтасып орындарына отырады.

1-топ «Мәтін»

2-топ «Кесте»

3-топ «Графика»


Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық»

1.Мәнер дегенді қалай түсінесің?

2. Кестені мәнерлермен әрлеуге қандай бұйрықтар көмектеседі?

3. Қаламұштың жуандығын не үшін өзгертеді?

4.Кестенің айналасын қосарланған сызықпен қалай қоршаймыз?

5.Түстер тізімінде жоқ түсті қалай қолданамыз?

6.Құжат бетінің айналасындағы жиекті қалай қосамыз?.

Өткен тақырыптарды қорытындылау



Оқушылар батырмалардың аттарын қазақша, орысша, ағылшынша атап шығады.


Ойыншықтар

Сурет қиындылары

слайд


смаиликтер


Ортасы

11-20

21-24

25-35


36-40

41-43



Жаңа сабақ

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы «ТВ-шоу » әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын. Жүргізуші, екіншісі бағдарлама қонағы болады.Жүргізуші мен көрермендер қонаққа сұрақтар қояды.

1.Суреті бар құжат қалай жасауға болатынын.

2. Фигураларды қалай кірістіруге болады?

3. Декоративтік мәтінді қалай құруға болады?

Осылайша оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын сыни ойлау арқылы сұрақтарға жауап беріп өздері ашады.



«Өзің оқып үйрен» әдісі.

Шарты: Оқушылар мәтіннің

бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушыларға тақырыпышаларды бөліп беріп алгоритм құруды ұсынады.

  1-топ

Декоративтік мәтінді кірістіру.



2-топ

Суретті файлдан кірістіру

3-топ

Фигураларды кірістіру



Жеке жұмыс

«Компьютерлік тәжірибелік жұмыс» Оқушыларды келесі тапсырманы орындауға беремін. Оқулықтағы А, В,С деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау.

А-деңгейі

1.Мәтінді оқып шығыңдар.



EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Оны сөйлемдерге бөліңдер.

3.Мәтіннің иллюстрациясы болатын сурет кірістіріңдер.

4.Мәтінге тақырып қосыңдар.

5.Құжатты сақтаңдар.

В деңгейі

Кестенің көрсетілген ұяшықтарына суреттерді кірістіріңдер,

және осы суреттердің астыңғы жазуын жазыңдар.



С-деңгейі

EXPO 2017 «Болашақ қуаты» тақырыбының эмблемасын дайындау

Оқушыларды дескрпторлар арқылы бағалау

Дескриптор

Декоративтік мәтінді, файлдан суретті, фигураларды қолданып сурет сала аламын- 4

Кесте ұяшықтарына сурет енгізе аламын.-3

Иллюстрациялы суретті енгізе аламын– 2

Графикалық нысандарды енгізу алгоритмін білемін – 1

Сергіту сәті

Оқушылар «қара жорға» биіне биелйді.

Сабақты қорытындылау

«Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланамын. Оқушыларға декоративті мәтіні бар, файлдан кірістірілген суретті көрсетемін оқушылар толық мағлұмат береді.



Слайд


оқулық

постер

компьютер



слайд

компьютер

графопроектор

слайд







Бағалау

Топтық бағалау ережелерімен таныстырамын. Өзара бағалау және

өзін-өзі бағалау парағын таратып орындалу ретімен таныстырамын.
Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі

«қызыл»-түсінген жоқпын

«сары»-әліде сұрақтар бар

«жасыл»-барлығы түсінікті

Бағдаршамға стикерлерін жапсыру арқылы қаншалықты түсінгендерін бағалайды.





Бағалау парақшалары
Стикер

Аяқталуы

44-45 минут



Үйге тапсырма: §25 бақылау сұрақтарына жауап беру

Күнделіктеріне жазып алады

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет