Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ. Ауғанстан Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ауғанстан мемлекетінің



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі428,84 Kb.
#16153
түріСабақ
  1   2   3
275 орта білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Ауғанстан

Сыныбы: 11 «Ә»

Пән мұғалімі: Жаханова Роза Мақұлбекқызы

Байқоңыр қаласы

Күні: 28.01.2016 ж.

Сыныбы: 11 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ. Ауғанстан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ауғанстан мемлекетінің

экономикалық , әлеуметтік, саяси дамуы.

Ауған соғысы, соғысқа қатысқан қазақтардың ерлігі

жайлы білім беру.



Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын

қалыптастыру, дамыту.



Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Акт, баяндау, сұрақ-жауап, репродуктивтік әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. саяси картасы, тірек сызбалар,

хронологиялық кесте, интер белсенді тақта.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV.Жаңа сабақты бекіту

V.Жаңа сабақты қорыту

VІ. Үйге тапсырма беру

VІІ. Оқушыларды бағалау



І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Оқу-құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту

ХХғ. Түркия

1. Түркияның соғыстан кейінгі дамуы

2. Әскери төңкерістер

3. Биліктің демократиялануы, Тұрғыт Озал үлгісі

4. Түркияның қазіргі жағдайы



Үй тапсырмасын бекіту:

Хронологиялық кесте




Даталар



Оқиғалар

1946


Түркия демократиялық партиясы құрылды.

1952


Түркия НАТО - ға мүше

1983


Тұрғыт Озалдың Отан партиясы

1960-1970


металл, химия, мұнай, автомобиль. т.б.


1980

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңес билікті өз қолына алды


2001-2007- 2014


Реджеп Тайип Эрдоган билік құрған жылдар

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ХХ ғ. Ауғанстан

Жоспары:

1.Ауғанстанның саяси-әлеуметтік дамуы

2.Жаңа конституцияны қабылдау

3. Ауған соғысы



Ауғанстанның саяси- әлеуметтік дамуы

1941 жылдың қараша айында Ауғанстан патшасы барлық топтар өкілдері қатысқан жалпы халық жиылысын шақырды. Осы жиында Ауғанстанның «толық бейтарап» саясаты жөніндегі қаулы жарияланды. Аталған қаулыда Ауғанстан «барлық елдермен, әсіресе іргелес мемлекеттермен» бейбітшілік-татулық қатынастарды жақтайтындығын мәлімдеді.



1950 -1960 жылдары үкімет басына Мұхаммед Дауыдтың келуі, оның мемлекеттік капитализм саясаты, елдің жағдайын едәір тұрақтандырды. 1954 жылы жарияланған мемлекеттік бағдарламада ұлттық өндірістің молығуын, халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оның өмірлік деңгейін көтеру шаралары белгіленді. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін. Инфляцияны кеміту, валюта толқуын бақылау, кредит беруді кеңейту, маңызды мемлекеттік шаруашылық салалардағы кәсіпкерлік әрекеттерді мадақтау әдістері қаралды.

1955 жылы қаракөл терісі мен жүннің бағалары қымбаттатылды. Мақта мен қант қызылша өндіретін шаруашылықтардың несие алуға шамасы келді. Ұлттық экономиканы ойдағыдай іске асыру үшін мемлекет бесжылдық жоспарлар іс-әрекетін қолдады. 1946 жылы Кабул университеті, ал 1963 жылы Джелалабад қаласындағы екінші мемлекеттік университеті ашылды.



Жаңа конституцияны қабылдау

1964 жылғы жаңа конституция Ауғанстанды конституциялық монархия, патшаны дара басшы деп жариялады. Саяси өмірде партияларға және әртүрлі ұйымдардың жұмыс істеуіне мүмкіншілік берілді. 1964 жылғы заң негізінде сайлау тікелей және жасырын дауыс беру негізінде өтті. Депутат болу үшін белгіленген сайлау цензасы (жас шарты) 30 жастан 24 жасқа төмендетілді. 1964 жылғы конституция ескі феодалдық топтардың үстемдігін әлсіретіп, ел ішіндегі капиталистік шаруашылықтың кеңеюіне жол ашты. Бірақ халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейі төмен күйінде қалып қойды.

1978 жылы 27 сәуірде Ауғанстанның Халықтық-демократиялық партиясының (АХДП-1965ж. құрылған) жетекшілігімен болған мемлекеттік төңкерістің нәтижесінде Ауған Демократиялық Республикасы жарияланды. 27 сәуірдегі қарулы көтерілісті бастапқы кезде ауған қоғамының әртүрлі топтары: жұмысшылар, қызметкерлер, саудагерлер, Кабул қаласының төңірегіндегі ауыл тұрғындары қолдады. АХД партиясын коммунистік партия деп есептеді. Бұл партияны халық бұқарасы қолдады деген пікір асырасілтеушілік екенін байқамады. Буржуазиялық топтардың одағынан бас тартып, оларды «солшыл» ұрандармен шошытып алды. Мысалы, партия «социализмді тезірек құру» бағытын қолдады. Революцияның жетекшісі ауған пролетариаты деп сендірді. Сәуір төңкерісін ресми түрде «ұлы сәуір революциясы» деп мадақтады. Партия басшылары бұл төңкеріс «Қазан революциясынан кейінгі екінші ұлы қозғалыс» деп уағыздады. Шын мәнінде партия қатарындағы жұмысшылар мен шаруалардың арасалмағы 5%- дан аспаған еді. АХДП-ның ішінде екі кереғар фракция болды. Бірі Нұр Мұхаммед Тараки бастаған пулитундар (этнос) және Хафизулла Амин бастаған тәжіктер. 1979 жлы қыркүйекте Х.Амин жасақтары Таракиді қастандықпен өлтіріп, билік Х.Амин қолына өтеді.

Ауған соғысы

Мұсылман дінін қорғау ұраны негізінде үкіметке қарсы оппозициялық майдан шебі қалыптасты. Х.Амин ислам оппозициясына қарсы күресу үшін КСРО-дан әскери көмек көрсетуді сұрайды.



1979 жылы желтоқсанда КСРО-ның «шағын мөлшердегі» әскері Ауған жеріне енгізілді. Кеңес әскерлері Бабрак Кармаль, ал 1986 жылдан бастап М.Наджибулла (1947-1996) басқарған социалистік тәртіпті жақтайтын үкіметтерді қолдады. Мұндай заңсыз акт оппозициялық топтардың әректтерін күшейтіп, ел ішіндегі қайшылықтарды үдете түсті. Ауғандағы жанжалға АҚШ, Пәкстан, Иран, Сауд Арабиясы және басқалар да аралысты. 1979 жылы Ауғанстандағы 26 провинциялық 18-інде орталық үкіметке қарсы топтар әрекет етті, оппозициялық ұйымдардың әскери күштері құрылды.



Кеңес Одағынан:



  • 5 462 555 адам Ауған соғысына алынды

  • 13 833 жауынгер ерлікпен қаза тапты

  • 49 985 адам жарақат алды

  • 6 669 адам мүгедек болып оралды

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет