Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр Ұстазы Жетістіктер. Кемшіліктер



Дата24.04.2017
өлшемі71,9 Kb.
#15081
түріСабақ
Ибрагимова Сауле Елмуратовна,

№22 жалпы орта мектебінің педагог- психологы.

ОҚО,Түркістан қаласы

Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр Ұстазы (Жетістіктер. Кемшіліктер.

Шешу жолдары)
Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру

саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.

Міндеттері:

- Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыыққа,үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру;

- Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың

ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін

калыптастыру;

- Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып, құлшынысын ояту.

Түрі: пікір алмасу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі

парақтар.

Шарты: қатысушыларды топтарға бөлу.

Сабақтың барысы :

Психологтың кіріспе сөзі.

1.Сергіту сәті. Өзіңді тереңірек тани біл!

Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс-жидектер өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады.

Таңдаған жеміс-жидектің өзіңізге ұнайтын себебін түсіндіріңіз.

Кілті: Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта, еш нәрсеге шағымданбайды.Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.



Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиын келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, әсіресе, анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адамдармен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді. Сізден сыпайлық пен мадениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.

Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгеніңде сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласыз, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.

Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз.Сізге сыпайылылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен, қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.

Сіз алманы өте ұнататын болсаңыз, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Мұғалімдерді топқа бөлу. Алдарыңызда кітап, қоңырау және глобустың суреттері берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суретті таңдап, топқа бөлінулеріңіз сұралады.

ІІ. Постер қорғау. Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

І топ. «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер».

Мақсаты: Білім саласын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық – педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.

ІІ топ. «Білім берудегі қиындықтар, оны шешу жолдары».

Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып, мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.

ІІІ топ. «Мұғалім беделі».

Мақсаты: Мұғалім кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.

ІІІ. Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау. Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап, суретті сөйлету керек.


  1. Тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.

  2. Тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.

  3. Тапсырма. Түнгі аспан жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.

Кілті: 1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады».

2- тапсырма бойынша: «Ұлты басқа болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді».



  1. тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғаны мен мектепте де, үйде де, ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді».

IV. Қорытынды ой. Білімді сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», - деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

V. Педагогикалық қабілетті психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Нұсқау: Сіздердің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқауға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды білдіріңіз.

1-ситуациялық сұрақ: Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», деді.

Сіз не деп жауап бересіз?


  1. «Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».

  2. «Әрине мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».

  3. «Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар».

  4. «Шындығына келгенде сенің оқығың келмейді».

  5. «Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».

  6. «Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?»



2 – ситуациялық сұрақ: Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыстап түсіне алмай мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?».

Мұғалім не деп жауап беру керек?



  1. «Шынымды айтсам, күмәнім бар»

  2. «Әрине, сен бұған күмәнданбай ақ қой».

  3. «Қабілетің жақсы мен сенен үлкен үміт күтемін».

  4. «Неге сен өз- өзіңе сенбейсің?»

  5. «Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық»

  6. «Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істегенімізге байланысты».



3 – ситуациялық сұрақ: Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мені не алаңдататынын айттым, мұның себебін және не істеу керектігін айтыңызшы».

Мұғалім не деу керек.



  1. «Меніңше, сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты»

  2. «Бұған алаңдайтын ешнәрсе жоқ»

  3. «Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын жағдайды тереңірек біліп алуым керек»

  4. Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз».

  5. «Мен саған қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек»

  6. «Алаңдама, мен де, сендей кезімде дәл осындай қиындық болған»



Педагогикалық жағдайлардың реттік саны

Таңдап алынған нұсқа және оның ұпайлық бағасы


1

2

3

4

5

6

7

1 – ситуациялық сұрақ

2

2

3

3

5

5

-

2 – ситуациялық сұрақ

2

3

3

4

5

5

-

3 – ситуациялық сұрақ

2

2

3

4

5

5

-

Егер сіз 10-15 ұпай жинасаңыз. Онда педагогикалық қабілетіңіз жоғары деңгейде деп есептелінеді. Орташа ұпай 8-9 ұпай аралығында болса, педагогикалық қабілетті орта деңгейде дамыған болып есептелінеді. 6 ұпай жинаса педагогикалық қабілеті төмен деңгейде

VI. Қорытынды. Арман Дүйсеновтың «Ұстазым» деген өлеңінде ұстаздардың шәкірт үшін уақыт аямайтын тіпті өзін ұмытып, «ұстаз» деген ұғымды биік қоятын тұлға екендігін шебер жырлаған.



VII. Рефлексия. (Кері байланыс)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет