Сабақтың тақырыбы: Ілияс Есенберлин Сабақтың мақсаты



Дата09.11.2016
өлшемі41,69 Kb.
#1336
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Есенберлин

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ілияс Есенберлиннің  өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

Дамытушылық: Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Ілияс еңбектері арқылы туған елін,Отанын сүю,құрметтеу сезімдеріне әсер ету. Адамгершілік,эстетикалық тәрбие беруді жалғастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлиннің портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс:  тарих, мәдениеттану, қазақ тілі
Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру: 

- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

(сыныпты сабаққа әзірлеу);

- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;

- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

- Қатемен жұмыс;

Тест алу, жаттау сұрау.

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:

- Өткен сабаққа шолу

- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру

- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.



4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.

Өмір жолына шолу.


1915 жылы - Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған
1940 жылы - Тау - кен институтын бітірген, ССРО - Германия соғысына қатысқан
1947 - 67 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі
1967 - 71 жылдары - «Жазушы» баспасының директоры
1971 жылдан бастап - Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары
1983 жылы - Алматыда 68 жасында қайтыс болды
Қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия.
Шығармаларының жарық көруі: «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1940 жылы - Алғашқы өлеңдері жарық көрді
1945 жылы - «Айша», «Сұлтан» поэмалары жарық көрді
1949 жылы - «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1959 жылы - «Біржан сал трагедиясы» дастанын жазды.
«Адам туралы жыр» повесі жарық көрді
1961 жылы - «Өзен жағасында» повесі жарық көрді
1965 жылы - «Толқиды Есіл» повесі жарық көрді
1966 жылы - «Айқас» романы жарық көрді. «Айқас» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды
1968 жылы - «Айқас» романы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді
1967 жылы - «Қатерлі өткел» прозасы
1968 жылы - «Ғашықтар» романы
1969 жылы - «Қаһар»
1971 жылы - «Алмас қылыш»
1972 жылы - «Алтын құс» романы
1973 жылы - «Көлеңкеңмен қорғай жүр»
1974 жылы - «Жанталас»
1978 жылы - «Маңғыстау майданы», «Аманат» романдары жарық көрді
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Ілияс Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы 1958 жылы қытай тіліне, «Ғашықтар» романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармаларды орыс тіліне аударылды.


«Көшпенділер»- тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады
7. Жаңа сабақты қорытындылау:

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.
8. Үй тапсырмасы:

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығын оқу, өлеңін жаттау.

9. Сабақты бағалау кезеңі:

Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.
Каталог: uploads -> doc -> 027f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
027f -> Сабақтың тақырыбы: Презентация құру кезінде анимациялық эффектілер қосу және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет