Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: а Білімділігі



бет1/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,66 Mb.
#44862
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
IV-тоқсан № 1 Айы, күні___________________

Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі.

Ақын І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұмат беру. Шығармаларының мән-мағынасын түсіндіру. Жырларындағы композитор, ақындар, күйшілердің өмірі жайынан кеңінен мағлұмат беру.



ә) Тәрбиелігі. қазақ өнерінің, күй өнерінің қара қобызы домбырасының қасиетін дәріптеу.

б) Дамытушылығы: танымдық қызығушылықты оята дамыту, өнерді сүйуге, қабілеттілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, «Шығармалар жинағы» 3 томдық .

Тарихи тұлғалар жайлы интерактивті тақтамен қысқа көрсету.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест сұрағы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау

ІІІ тоқсанда өткен материалдарды қайталау.

1) «Бес арыс» деп кімдерді айтамыз?

2) «Жыр алыбы» атанған ұлы ақын туралы не білеміз?

3) Қазақтың тұңғыш ағартушысы туралы қандай мәлімет білесің?

4) Қазақ әдебиетінің негізін қалаған кім еді?

5) Ж.Аймауытовтың қандай романдары бар? т.б.

І. Жансүгіровтің өмірі, ақындық әлемі жағынан сөз қозғап, «Күйші» поэмасынының негізгі басты кейіпкерлері – Кенесары, ханның қарындасы Қарашаш пен күйші өнері, өмірі туралы кеңінен танысатын боламыз.



Жаңа сабақ: Интерактивті тақтадан ақын Ілияс Жансүгіров өмірін, шығармашылығын тыңдау.

«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі арқылы І.Жансүгіровтің өмір жолын, шығармашылығын айтып өтемін.

1894ж І. Жансүгіров

1905-1911ж.ж 1916ж 1920ж 1925ж 1928ж 1934-1936ж 1938ж



  1. 1894ж Талдықорған облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

  2. 1905-1911 жылдары алғашқыда әксінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алды.

  3. 1916ж «Әншіге» өлеңін жазады

  4. 1920ж Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.

  5. 1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.

  6. 1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» ( қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.

  7. 1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.

  8. 1938ж Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

Сабақты қортындылау:

«Жігітке жетпіс өнерде аз»

«Өнерді үйрен де, жирен»

«Ел іші-алтын бесік»



Үйге тапсырма: «Ел іші-өнер кеніші» тақырыбына шығарма жазып келу.

IV-тоқсан № 2 Айы, күні___________________

Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі.

Ақын І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұмат беру. Поэманың мән-мағынасын түсіндіру. Поэмадағы басты кейіпкерлер туралы, өмірі жайынан кеңінен мағлұмат беру.



ә) Тәрбиелігі. қазақ өнерінің, күй өнерінің қара қобызы домбырасының қасиетін дәріптеу.

б) Дамытушылығы: танымдық қызығушылықты оята дамыту, өнерді сүйуге, қабілеттілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, «Шығармалар жинағы» 3 томдық .

І. Жансүгіровтің өмірі, ақындық әлемі жағынан сөз қозғап, «Күйші» поэмасынының негізгі басты кейіпкерлері – Кенесары, ханның қарындасы Қарашаш пен күйші өнері, өмірі туралы кеңінен танысатын боламыз.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест сұрағы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгелдеу, саббаққа назарларын аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау

1) І.Жансүгіров жайлы қандай мәліметтер айта аласыңдар? (дайындаған слайд, реферат қорғау)

2) Ілиястың табиғат жырлары бойынша лирик ақын екенін қалай дәлелдейміз?

3) Өнер тақырыбына арналған қандай шығармаларын білесіңдер?

4) «Күй», «Күйші», «Құлагер» дастандарында кімдер туралы жырлайды?

5) «Құлагер» поэмасындағы Құлагер аттың трагедиясы қалай суреттелген? т.б.



І. Топтастыру

ақын лирик



әнші І. Жансүгіров эпик

кім?


сыршыл журналист – публицист психолог
ІІ Қаламгердің шығармаларын еске түсіру
«Күйші» «Күй» «Жетісу суреттері»



Қаламгердің қандай

«Ағынды менің Ақсуым», шығармаларымен «Дала»

таныссыңдар?




«Құлагер» «Әнші» «Құлагер» поэмасы

2.Жаңа сабақ. Мәнерлеп оқу. (күй таспадан музыка әуені естіліп тұрады)

1. «Күй» және «Күйші» дастандарындағы күйшілер қандай музыкалық аспаптарды қолдануымен ерекшеленеді?

2. Күйшінің шеберлігі дастанда қалай суреттеледі?

3. Қарашаштың бейнесін дастанда оның күй тыңдағандағы көңіл күйі қалай суреттеген?

4. Дастаннан тауып оқып, талдау. (оқушының жеке ойы, әсері)

VIII Мәтінге сатылай кешенді талдау

Шығарманың аты: «Күйші» поэмасы

Тақырыбы: күй,өнер,ғұмыры күймен өткен өнер адамының өрелі биігі

Жанр түрі:дастан (поэма)

Идеясы:күй құдіретін таныту

Кейіпкерлері: Кенесары хан, Күйші, қарындасы Қарашаш

Басты кейіпкердің прототипі: Қарашаш, Күйші

Әдеби – теориялық ұғымдар:

1.Теңеу: «батыр да,хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі де домбыраға мінгескендей», мұз құйғандай.

ІХ Қорытынды: VI. Үйге тапсырма.

1. Кейіпкерлерге мінездеме беру, мазмұндау.

2. “Күй тағдыры” тақырыбында ой толғау жазу.

VII. Бағалау.

IV-тоқсан № 3 Айы, күні___________________

Сабақтың тақырыбы. Ілияс шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі.

Ақын І. Жансүгіров өмірі жайында мағлұмат беру. Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін түсіндіру. Ақын шығармаларының тақырыптарына талдау жасауға дағдыландырау.



ә) Тәрбиелігі.Шығармаларындағы тарихи тұлғаларды, терең зерттеп, меңгере отырып, ұлттық құндылығмызды сақтауға, құрметтеуге, мақтаныш ете білуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: танымдық қызығушылықты оята дамыту, өнерді сүйуге, қабілеттілікті арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, «Шығармалар жинағы» 3 томдық .

І. Жансүгіровтің өмірі, ақындық әлемі жағынан сөз қозғап, ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдауға дағдыланамыз.



Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тест сұрағы, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу, түгелдеу, саббаққа назарларын аудару.

ә) Үй тапсырмасын сұрау, бағалау

1) «Күйші» поэмасы тақырыбының негізгі идеясы неде?

2) Кейіпкерлер туралы қандай қосымша мәліметтер бар?

3) Халқымыздың күйді қалай түсініп, қалай құрмет тұтатындығ білдіңдер?

4) Күйшінің арман тілегі қалай жырланған?

5) Өнер мен күйді қалай дәріптей алған?



6) Кейіпкерлерге қандай мінездеме бере аласың? т.б.

Жаңа сабақ:

І .Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ақынның шеберлігі, көркемдік ерекшелігі

Күйші



Тұтқындағы күйші

Кенесары бейнесі

Ханның қарындасы Қарашаш

Күйшінің қызға ықыласы

Күйшінің ел-жұртын аңсауы







Сұңқылдаған көмейі сыбызғының үніндей...

Ашуы өргек, дария ақыл, жайдары, жайраң қаққан, жаны бала

«Еліме, үйіме қайтарсаңыз», «ескі күйдің бірі түспей... жаңа күй, жаңа жолмен кетті лағып»




Ордадан бұдан артық тілемей-мін, Бер маған осы адамды басы бүтін...

«Домбыраны дүрілдетіп», «батыр да, қыз да бәрі домбыра-ға мінгескендей»

VIII Мәтінге сатылай кешенді талдау
Шығарманың аты: «Күйші» поэмасы

Тақырыбы: күй,өнер,ғұмыры күймен өткен өнер адамының өрелі биігі

Жанр түрі:дастан (поэма)

Идеясы:күй құдіретін таныту

Кейіпкерлері: Кенесары хан, Күйші, қарындасы Қарашаш
Басты кейіпкердің прототипі: Қарашаш, Күйші

Әдеби – теориялық ұғымдар.1.Теңеу: «батыр да,хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі де домбыраға мінгескендей», мұз құйғандай.

ІХ Қорытынды: VI. Үйге тапсырма.

1. Кейіпкерлерге мінездеме беру, мазмұндау.

2. “Күй құдыреті” тақырыбында шығарма жазу.

VII. Бағалау.

IV-тоқсан № 4 Айы, күні__2.04.13_________________

Тақырыбы: М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны. «Еңлік – Кебек» пьесасы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

а) жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

ә) ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халықына деген махаббатының мән-мағынасын ашу.

б) эпопеяға барар жолдағы автор ізденісіне негіз болған қайнар бұлақтар;



2.Дамытушылық:

а) өнерге айналған өмірді танып білу, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету;

ә) жазушының суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып, меңгеру.

3. Тәрбиелік:

а) туған халқының тағдырына ортақтасу. Адамдық, сүйіспеншілік өсиеттерге баулу.

ә) азаматтық шығармашылығына байланысты альбомдар, буклеттер, зерттеу еңбектер, кітаптар көрмесі, ауызша әдеби журнал, газеттік, журналдық басылымдар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені: сәлемдесу, түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.



Жаңа сабақ:

«Бүкіл әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсіру үшін, адам рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін, (адам) өз биігің – М.Әуезов сияқты асқар шыңың болуы керек»...

М.Әуезовтың ұлылығын түсініп, шыңына шығу сабақтың негізгі мақсаты екенін айтып кетемін.

Қызығушылық ояту

Мағлұмат тани білу

Тақырып туралы толғаныс

М.Әуезов өмірінің ой мен қыры мол, өте күрделі; тарих төрінен алатын орны ерекше, өзіне қызықтырып, тарта береді

Ұлы эпопеяға апарар жолдың басы, Абай шығармаларын танып-білуден басталатын сияқты

М.Әуезовтің қиял-ойы шексіз терең; Мұхтар аға мұхитына терең бойлаған сайын ойыңа ой, сезімге сезім қосылады; жан дүниеміз байи түседі.

Оқушыларда ой қозғау мақсатында: «Жазушы, ірі суреткер, ойшыл, ғалым, ұлағатты ұстаз М.Әуезов жайында не білеміз?» деген сұрақ қойылады.

М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде бүкіл қазақ халқының абыройын аспандатқан ұлы оқиға болды. (Сөздің мәнін ашуға жетелеу).


Ұлағатты ұстаз



Жазушы

Драматург




Тұңғыш режиссер

Екінші Абай



Мұхтар Омарханұлы Әуезов

(1907-1961)




Академик профессор




Зерттеуші




Ірі суреткер




Аудармашы



Қазақстандағы тұңғыш футбол командасының ойыншысы




Ойшыл




Ғалым


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары «Абай және Мұхтар».

Өзім шолу ретінде жазушының өскен ортасы, балалық шағы, білім алу жолы, әдеби және қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңі т.б. Сондай өсу, іздену, кемелдену шағын әңгіме өзегіне айналдырып баяндаймын. (Жазушы өміріне арналған хронологиялық кестені пайдалану).

Н.Погодин: «Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді».

М.Әуезовті «Екінші Абай» деуде де белгілі мағына бар. Абай-ұлы реалист ақын. Ол өз заманының өмір шындығын суреттеп, халқының мұң-мүддесін жырлаған биік поэзия жасады. М.Әуезов болса, ол да сол заманның өмір шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен қырын қопара суреттеген көркем прозаның, кең мағынасында, нағыз поэзияның жаңа шыңын жасады. Абай сыншылдық реализм тұрғысынан өз заманының әлеуметтік міндерін сынай, шеней суреттесе, М.Әуезов те реализм тұрғысынан сол міндерді туғызған себептер мен заңдылықтарды және олардан арылу жолдарын ашып суреттеді. Абайдың эстетикалық мұраты-туған халқының алдан күткен арманына сайса, М.Әуезовтің де эстетикалық мұраты-туған халқының алдағы заманда орындалған арманына саяды. Абай геройлары – М.Әуезовтің де геройлары – ал Абай өз творчествосының ол-эпикалық геройы.

М.Әуезовтің өз халқының жүрегіне үңіліп, ұлы Абай шеше алмаған түйіндерді шешуді мақсат еткенін айтамын.

Жаңа сабақты пысықтау: «Естеліктер сыр шертеді» /әдеби журнал/.

Жазушы шығармашылығын таныстыруды өзімен істес болған, бірге өсіп, бірге оқыған басқалардың естеліктері ұлылықтың қыры мен сырын үйретеді. Мұндай дүниелер бүгінгі жас ұрпақтың сана сарайын ашудағы, үлгі-өнеге, тәрбие берудегі асыл – қазыналардың бірі. Мысалы, «Естеліктер сыр шертеді» атты әдеби-альманах журнал жинағы әр қазақ мектебінде болса нұр үстіне нұр болар еді.



Ой қозғау. «Ақындарды тыңдайық».

І Бөлім. Қазір арамызда жүрген ғалым, жазушы, ақындарды өз даусын оқушыларға үнтаспадан тыңдату.



ІІ Бөлім. Қазір арамызда жоқ аяулы әдебиеттанушы ағалар, ақындар, зерттеуші-сыншылар.

ІІІ Бөлім. Шетел қаламгерлерінің сөздерін тыңдап, ұғып сезіну. (Ш.Айтматов, Луи Арагон, А.Брагин, К.Федин, Олесь Гончар т.б.).

Үзінділер оқылып болғаннан кейін оқушылардың алған әсерін байқау үшін арнайы сұрау-тапсырмалар беріледі:



  1. Оқылған үзінділерден ақынның қандай ой тереңдігі мен сезімін аңғардыңдар?

  2. Ақындар қандай көркемдік суреттеу құралдарын пайдаланған?

  3. Ой нақтылығы, ақындық пафос үннен нені аңғаруға болады?


Қосымша мәлімет:

Мінездеме беруші: Кебек- орта бойлы, тапалдау, кең иықты он бес жасар, қара торы бозбала.Өзі әдепті, үлкендерге сый -құрмет, кішілерге іні деп ізет көрсетеді.Жаудан қашпас, әрқашан ел қамы үшін жанын салып, өлуге дайын.Тым жас болса да, өзінің батылдығымен көзге түсті.Айтқан сөзіне тұрақты, берген уәдесін орындайды.

Еңілік- сұлу, тиянақты, ақылды, қонақжайлы бойжеткен. Кебекті өзінің теңі деп шешті.Сүйіктісіне ғана сырын ашты, өлуге дейін баратынын білдіреді. «Биік қабақ сұрлау қыз» боп бейнеленген.

Нысан абыз- ақылды, сөзге шешен, балгер.Айтқан сөзі ылғи да орындалады.Бал ашып, оның орнына мал алмайды.Жақсылық та, жамандық та болсын, жасырмай шындықты айтып береді.

Іздеуші топ:

Біздің мақсатымыз: тақырыпқа байланысты кітаптан тыс материалдар іздеп табу.Біз біріншіден; осы «Еңілік- Кебек» поэмасындағы екі ғашықтың ұрпағы туралы біраз материалдар іздестірдік. Іздестіру барысында 1990 жылы 25 тамызда «Семей таңы» газетінде жарияланған Қалихан Алтынбаев ағамыздың мақаласын таптық. Онда поэмадағы баланың одан арғы жағдайы сипатталады. Олардың баласын Еңіліктің әкесі Қара (шын аты Ықаң) ақсақал алдырып, оның Ермек деген атын Жадыра деп өзгертіп, өз бауырына басқан. Бұл баладан ұрпақ бар.

Өз заманындағы Тобықтының көсемі, иесі, кейінгі ұрпақтардың киесі, аруағы болған Би ата 1735 жылы ел Сырдың бойынан ауып келе жатқанда Ұлытаудағы Алашахан, Жошыхан бейіті тұрған Кеңгір өзені бойында туғандықтан атын Кеңгірбай деп қояды.Кеңгірбай өз тұсында елін, жерін ішкі- тысқы басқыншы жаудан қорғап келген батыр, сұлтан болған.

Қазіргі кездегі махаббат пен Еңілік- Кебектің махаббатының айырмашылығы жер мен көктей дер едім. Осы ғашықтар поэмасы бүкіл қазақ еліне махаббаттың символы ретінде үлгі боп қала береді деп ойлаймыз.



IV-тоқсан № 2 Айы, күні 8.04.13

Тақырыбы: «Абай жолы» романының эпопеялық сипаты.Ұлылық үлгісі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

а) жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

ә) ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халықына деген махаббатының мән-мағынасын ашу.

б) эпопеяға барар жолдағы автор ізденісіне негіз болған қайнар бұлақтар;



2.Дамытушылық:

а) өнерге айналған өмірді танып білу, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету;

ә) жазушының суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып, меңгеру.

3. Тәрбиелік:

а) туған халқының тағдырына ортақтасу. Адамдық, сүйіспеншілік өсиеттерге баулу.

ә) азаматтық шығармашылығына байланысты альбомдар, буклеттер, зерттеу еңбектер, кітаптар көрмесі, ауызша әдеби журнал, газеттік, журналдық басылымдар т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд презентациялары «Абай және Мұхтар».

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Зымыран сұрақтарына» жауап алу.



1) М. Әуезовтің шығармалары туралы не білеміз?

2) Абай қандай белестерден өткен?

3) Құнанбай бейнесі туралы не айта аласың?

4) Романдағы кейіпкерлердің мінез-құлқын қалай бере аламыз, кімге мінездеме бере аласың?

5) М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері, оның қазақ прозасына әсері туралы не айтасың?

Жаңа сабақ:

«»...


М.Әуезовтың ұлылығын түсініп, шыңына шығу сабақтың негізгі мақсаты екенін айтып кетемін.

Абай Құнанбаев

Қазақ халқының елдік тарихи, тағдыр жолы, мінез сипаты, ақыл-ойы, тұрмыс-ахуалы, қоңыс-мекені, өнер-өрісі-бәрі де Абай сөзінде тұнып тұр.

Абай-ұрпақтармен жасайтын құдірет иесі.

Ғ. Қайырбеков



  1. Абай




  1. Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?

    Авторы

    Шығармалары

    Тақырыбы

    Идеясы












  2. Каталог: uploads -> doc -> 0c6a
    doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
    doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0c6a -> Сабақ Тақырыбы: Шыншылдық адамдықтың белгісі Мұғалiм: Карагулова Айнур Итемгеновна


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет