Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Саумалдың емдік қасиеті Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі45,17 Kb.
#19911
түріСабақ
Сабақтың жоспары

  1. Пәні: қазақ тілі

  2. Сыныбы: 7 «А»

  3. Оқушы саны: 14

  4. Мерзімі: 27.11.2015 ж


Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Саумалдың емдік қасиеті

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушылардың ұлттық тағамдар туралы түсініктерін

кеңейте отырып, ұлттық сусынымыз – «қымыз» туралы

түсініктерін молайту; Этнолингвистикалық атаулармен

таныстыру. Бейнекөріністерді мұқият қарау арқылы

сөйлем құрылыс дұрыс қолдануға машықтандыру

Ә) тәрбиелік: Ұлттық тағамдардың пайдасын ұғындыра отырып,

дәрумені мол, табиғи таза өнімдерді тұтынуға, дұрыс

тамақтана білуге тәрбиелеу

Б) дамытушылық: Ауызекі сөйлеу әрекеттері мен қисынды ойлау

қабілеттерін дамыту. Лексикалық сөздік қорларын

молайту. Тапсырмалар арқылы сауаттылықтарын

арттыру

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «Бір сөзбен», «Денатафты граф», «Жүректен жүрекке» сұрақ –

жауап, кластер сызбасы, түсіндіру әдістері



Көрнекілігі: суреттер, таратпалар, Интербелсенді тақта, «Қазақтың дастарқаны»

атты энциклопедия



Пәнаралық байланыс: орыс тілі және Қазақстан тарихы пәндері
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Амандасу

2. Оқушыларды топқа бөлу

3. Тазалықты тексеру

4. Оқушыларды түгендеу

5. Назарларын сабаққа аудару

Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды үш топқа бөліп аламын.

І топ - « Жұлдыз»

ІІ топ – «Ай»

ІІІ топ - «Нұр»

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

(Үй тапсырмасын «Бір сөзбен айтқанда» әдісі арқылы сұраймын)


  1. Жігіттерге тапсырма: «Жілік түрлері», «Құлақ, ми, тіл балаға не үшін беріледі?»

  2. Қыздарға тапсырма: «Табақ түрлері»


ІІІ Негізгі бөлім

Жаңа сабақты бастамас бұрын,оқушылар назарына 2 минуттық видео көрсетіледі. Тақтаға бүгінгі күн реті мен тақырып жазылады. Жаңа тақырыпты түсіндіріледі.



  1. Тапсырма. Дыбыстық талдау (Кітаптағы сөздіктерді пайладанып дыбыстық талдау жасау, яғни орыс тілінен қазақ тіліне аударады.

Мыс: Кумыс – қымыз, ценный – бағалы, однодневный кумыс - түнемел)

І топқа – «қымыз» сөзі (ауызша)

ІІ топқа – «бағалы» сөзі (жазбаша)

ІІІ топқа – түнемел сөзі (жазбаша)


2-тапсырма. «Қызықты бейнекөрініс» әдісі арқылы постер қорғау

(Үш топ оқушыларына интербелсенді тақтадан видео көрсетіледі және соған сәйкес өз ойларын ортаға салып «постер» қорғайды)


Саумалдың емдік қасиеті


3-Тапсырма. Берілген мәтінді сөз құрамына қарай талдау

І топқа – Қымыз – қазақ халқының әрі тамақ, әрі, дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең бағалы сусыны.

ІІ топқа - Жаңа сауылған биенің сүтін қордың үстіне құйып, бір сағатқа жақын ашытады.

ІІІ топ – Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады.

Сергіту сәті: «Қара жорға билейтін жылқы»

4- тапсырма. «Денатафты әдіс» арқылы оқушыларға видео көрсетіледі. Оқушылар критерий арқылы тапсырмалар орындайды. Уақыт 5 минут

І топ тапсырмасы:

  1. Тақырып

  2. Етістіктерді табу

  3. Сөйлем құрау

ІІ топ тапсырмасы:

  1. Тақырып

  2. Күрделі сөздер

  3. Сөйлем құрау

ІІІ топ тапсырмасы:

  1. Тақырып

  2. Дара сөздер

  3. Сөйлем құрау

5- тапсырма. Тыйым сөздер мен ырымдардың мағынасын түсіндіру.

І топқа

  1. Асты жамандамайды.

  2. Қол жумай, асты ішпейді.

ІІ топқа

  1. Дастарқан басында әдепсіз сөз сөйлемейді.

  2. Түнде тамақ бетін жауып қояды.

ІІІ топқа

  1. Дастарқанда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды.

  2. Тамақ үстінен аттамайды.

ІҮ. Сабақты бекіту

  1. Қымыз дегеніміз не?

  2. Этнолингвистика дегеніміз не?

  3. Қымыздың қандай түрлерімен таныс болдыңыздар?

Ү. Үйге тапсырма

6- тапсырма



ҮІ. Бағалау

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар қарсы топтағы кез келген оқушының атын жазып соағын баға береді және екінші параққа мұғалімге ұсыныс немесе тілек білдіреді.

Оқушыларға сабақ соңында «Қымыз құйғыш» әнін тыңдатып, сабақты аяқтаймын.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет