Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов



Дата02.07.2018
өлшемі38,21 Kb.
#45863
түріСабақ
БҚО,Теректі ауданы

Дуана ауылы

Ш.Онашев атындағы бастауыш мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Жунусова Гулшара Тыныштыбаевна
Әдебиеттік оқу 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып Дулатов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 . Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру. Автормен таныстыру.
Дамытушылық: Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.
Тәрбиелік: Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білугетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, іздену.
Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, моноблок

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақтілі
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырукезеңі:

Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп,күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

I-кезең Еске түсір.

ІІI. Бөлімді қайталау

1. Балалар, біз қандай тарауды аяқтадық?

-Неткен сұлу , неткен көркем , осы менің туған өлкем .

2. Осы тарауда не туралы айтылған ?

-Бұл тарауда отан ,туған жер, тіл туралы айтылған.

3. Қандай ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстық?

-Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері»

- Жақан Смақовтың «Отан»

-Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы»

-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?»

-Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем»

Дихан Әбілев «Туған тілім»

4. Біз Отанымызды, атамекенімізді, елімізді, туған жерімізді бір сөзбен қалай атаймыз?

Қазақстан.

-Біздің президентіміз кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Ертең біздер қандай мерекені атап өтеміз?
- Президент күні.

Желтоқсан айында тағы қандай мерекелер бар?

Оқушылардың жауабы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл.

Осы мерекелердің барлығы жылдың қай мезгілінде тойланады?



-Қыс мезгілінде.

Ендеше, балалар біз бүгін үлкен тарауды бастағалы тұрмыз.

-Яғни,тараудың аты «Қыста талай қызық бар» деп аталады.

ІІ-кезең

- Ал, енді балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп алайық.

1. Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады (қар)

2.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампиып. ( аяз)

3.Отқа жанбас, суға батпас (мұз)

Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.

Мұ-ұз Қа-ар

Көз алдыңа не елестеді?

Жапалақтаған қар көз алдыңа нені елестетеді?

Оқушылардың жауабы: Қысты



IV. Жаңа сабақ
Ендеше, бүгінгі сабағымызда
Міржақып Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысамыз

Ақын туралы мәлімет.


Міржақып

Дулатов


Қостанай

өңірі (1885-1935ж)

Ақын, «Оян, қазақ»

жазушы
-Қыс дегенде көз алдарыңа не елестеді?


Қыс

Боран Қар

болады жауады

Күн Түн

қысқарады ұзарады

Ойын: Аққала құрастыру.

1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)

2. Қысқы ойын түрлері. ( шаңғы, шана, аққала, коньки, сырғанау, қар атысу)

3. Жұмбақ

Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

4.Қысы жазы бір түсте болатын ағаш (шырша)

5 Қыс өлеңін жазған ұлы ақын. (Абай)

6. Қыстап қалатын құстар. (қарға, сауысқан, торғай)
Ендеше, бүгінгі сабағымызда
Міржақып Дулатовтың «Қыс» мәтінімен танысамыз

Ақын туралы мәлімет.

V. Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен жұмыс:

І топ: 1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы. 2. Жазушы қыстағы табиғатты суреттеген тұсты оқып, мазмұнын айтуға дайындал. 
ІІ топ: 1. Мәтінді түсініп оқып, жылқыщылардың еңбегі туралы жазылған тұсты тауып әңгімелеп беріндер. 
VI . Сөздікпен жұмыс.

Жаңа сөздерді талдау, түсіндіру.



Бапсыз – жайсыз (Қыста қар қалың жауады, Үй жануарларына да жайсыз

Өйткені олар қорада тұрады. Иелеріжылы қораға шөп салады, бағып қағады)



Бек қиын – өте қиын (Жылқышыларға да бек қиын өйткені далада жайылады,

жылқышыларға да қиын . Олар бораннан бір қорқып, қасқырдан екі қорқады. Қыста

жылқыны адамдар қасқырдан күзетеді. )

Жалтаңаяз - үскірік, суық аяз ( Мал баққан малшылардың суық, үскірік аяз

Беттерін қарыпкетеді)



Қарыған - үсіткен( Аязжылқышылардыңқолдарын, беттерінүсітеді)

«Ойлан - бірік - талқыла
» әдісімен топтық жұмыс жүргізу

 1-топ: «Қар»

Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? Адамдар суықтан қалай қорғанады? Адамдар қыста қалай киінеді?

2-топ: «Аяз»

Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз? Мәтінде үй жануарлары туралы неделінген?



3топ: « Мұз»

Мәтінде жылқышының еңбегі туралы не айтылған?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Ойын: «Аққала»
Ойын мақсаты: Бұзылған аққала берілген. Аққаланы құрастыру үшін әр бөлшегінде сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беріп аққала құрастырамыз.

1. Қыс мезгіліндегі өзгерістерді ата. - Аяғы


2. Бірінші бөлімде жазушы қай мезгілді суреттеген? - Денесі
3. М. Дулатов кім? - Қолдары
4. Қандай қысқы ойындарды білесің?- Басы
5. Қардың қандай түрлерін білесің?- Қалпағы
VII. Шығармашылық тапсырма:


І- топ. Қыс тақырыбына эссе жазу.

ІІ-топ. . Қыс туралы ұйқас бойынша өлең құрастыру.

.....................… балалар,

… .....................тебейік.

… ......................жауып тұр,



… ...........................көрейік.

ІІІ- топ.Суретшілер.Қыс бейнесінің суретін салу.

І-топ. «Өлеңнің ұйқасын тап!» Қыстың ұнамды, ұнамсыз жақтарын жазады. 

Сергітусәті «Шырша биі»

Оқушылар көріп тұрған қимыл қозғалыстарын қайталап билейді. Видео 
Ойын. «Шыршаны безендір»
1. Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?
2. Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?
3. Қар қалай жауған?
4. Қыс қандай болды?
5. Қыста күн қысқара ма?
6. Қыста күн жылына ма?
7. Үй жануарларына қыс мезгілі жайлы ма?
8. Қыстыгүні жылқышыларға қиын ба?
9. Жылқышылар неге қыста далада жүреді?
10. Жылқышылар неден қорқады?
11. Жылқышыларды неге теңейді? ( байғұсқа)
12. «Шилі бет» деп кімдерді айтады?

13. «Жалтаңаяз» дегенді қалай түсінеміз?
14. Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
15. Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?
16. «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?

VIII. Бағалау. (мадақтау)
IX. Үй тапсырмасы: Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау.
Қыс мәтінін мазмұндап келу.Қыс туралы мақал-мәтел.


Каталог: uploads -> doc -> 06af
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06af -> Сабақ : қазақ тілі 3-сынып Уақыты : 4 сабақ Байхазан Алмагул
06af -> С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
06af -> Сабақтың мақсаты Жаттаған 15 сөзді есімізге түсіреміз, өмірде қолдана білуге үйренеміз
06af -> Сабақтың тақырыбы: Болар бала жасынан. М. м ә жікеев Сабақтың мақсаты: м ә


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет