Жаңа тақырыпты анықтау мақсатында «Қазынаңы іздеуі» әдісі, оқушыларды сың тұрғысынан ойлауға жетелейді. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру үшін оқушылар «БББ» кестесін толтырады, табыс критериийін құрады және сол мақсатқа жетуге талпынады. Оқушылар бірлескен топтарда топтық жұмыстарда бірін-бірі қолдайды. Жаңа сабақ bilimland.kz сандық ресурсы арқылы түсіңдіріледі.
Жаңа тақырыпты практикада қолдану мақсатында қажеттіліктері әртүрлі оқушылар үшін тапсырмалар сараланып беріледі. Оқушылар «Джигсо» стратегиясы бойынша бөлінеді.
А деңгейіндегі тапсырмалар.
1 тапсырма.
3/4; 5/6; 3/7; 4/9; 8/5; 91/100 бөлшектерінің әрқайсысының алымы мен бөлімің атаныз, олар нені білдіретінің түсіндірініз.
Дескриптор:
- жай бөлшектің алымын атайды.
-жай бөлшектің бөлімін атайды.
-жай бөлшектің алымы мен бөлімі нені білдіретінің түсіндіреді.
2 тапсырма. Суретте тең бөліктерге бөлінген фигуралар көрсетілген.Әр бір фигураның қанша бөлігі боялғаның және қанша бөлігі боялмағаның анықтаныз.
Дескриптор:
-әр бір фигураның боялған түсіне сәйкес келетін бөлшектерді жазады.
- әр бір фигураның боялмаған түсіне сәйкес келетін бөлшектерді жазады.
3 тапсырма. Жай бөлшектерді жазыныз:
Алтыдан бес, он үштен сегіз, отыз сегізден үш, қырықтан он бір, тоқсан жетіден жиырма, үш жүзден жүз алпыс екі.
Дескриптор: - жай бөлшектерді жазады.
Топтар бір-бірін «Аялдама» әдісімен тексеріп, «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Оқушылардың көпшілігі В деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Жұптық жұмыс
Мақсаты: Шамалардың бөлігін жай бөлшектің көмегімен көрсете алу дағдысын тексеру.
4 тапсырма. Бөлшек түрінде жазыныз.
А)1 дм метрдің қанша бөлігіне тең?
Ә) 16 кг тоннаның қанша бөлігіне тең?
Б) төрт ай бір қанша бөлігіне тең?
Г) үш минут бір жылдың қанша бөлігіне тең?
Дескриптор:
-өлшем бірлік түрлерін қолданады.
-берілген тапсырмаларды жай бөлшек түрінде жазады.
Табыс критерийі арқылы жұптар бірін –бірі бағалайды.
Күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар бар. Көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін (қарқын) үшін С деңгейіндегі тапсырмалар бағалау критериилері бойынша жеке бағаланады. Мұғалім тарапынан ынталандырып жұлдызшалар арқылы жеке бағаланады.
5 тапсырма. Берiлген фигураларды дәптерге салып, 1/6 бөлiгiн бояңдар.
Жеке жұмыс
Дескриптор:
-оқушылар берілген фигураларды тең бөліктерге бөле алады
- берілген бөліктерді бөлшек ұғымымен тұжырымдайды.
|