Сабақтың тақырыбы: Жай және құрама сандар



Дата26.08.2017
өлшемі33,71 Kb.
#28086
түріСабақ
«Жай және құрама сандар» тақырыбына сабақ жоспары
Сыныбы: 5

Пән: математика

Сабақтың тақырыбы: Жай және құрама сандар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды натурал сандардың еселіктері мен бөлгіштерін ажыратуға, сонымен қатар,натурал сандар бөлгіштеріне қарай жай және құрама сандар болып бөлінетінін ажырата білуге үйрету;

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың жай сан мен құрама сандар туралы ұғымдарын қалыптастырып, жай сандар кестесі арқылы өз бетінше есеп шығаруға баулу.

Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейту, жай және құрама сандарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен қатар, ұқыптылыққа, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару, ой қорытынды

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ.Оқушылардың білімін тексеру, бағалау

Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:



  1. Натурал сандар дегеніміз не?

  2. Натурал санның бөлгіштері деп нені айтамыз?

  3. Еселіктері деп ше?

ІІІ Жаңа материалды игертуге дайындау

Натурал сан ұғымын кеңейтіп, оларды пайдалануда натурал санның еселігі мен бөлгішін табу әдісі бар.Ал жай сан дегенде бізге көмекке жай сандар кестесі келеді. Ол кітаптың мұқабасында орналасқан. Санның жай құрама бөлып бөлінуі оның бөлгіштер санына байланысты.



ІҮ Жаңа материалды түсіндіру


Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

35

41

26



11

1

18



1,5,7,35

1,41


1,2,13,26

1,11


1

1,2,3,6,9,18



4

2

4



2

1

6



1-ден өзге натурал сандар бөлгіштер санына қарай жай сандар және құрама сандар болып бөлінеді.

1.Жай сандар. Кестеде берілген 41 және 11 жай сандар. Олардың әрқайсысының тек екі ғана бөлгіші бар. олар 1 саны және сол санның өзі.

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

Мысалы, 101- жай сан.101 санының бөлгіштері: 1 және 101.

Ең кіші жай сан – 2 саны. 2 санынан басқа жай сандардың барлығы –тақ сандар. Сонда 2 саны – жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп. Кітапта 1000-ға дейін жай сандар кестесі бар.

2.Құрама сандар.

Кестедегі берілген 35,26,18 сандары –құрама сандар.



Екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады.

Мысалы, 8 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,4,8.

24 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,24.

Натурал 1 санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13,17 мен 19 – егіз сандар.



Ү. Есептер шығару

648 есеп.

66,97,128,139,201,311,450,502,503,641,864,879,991 сандарынан жай сандар кестесін пайдаланып, жай сан мен құрама сандарды ажыратып жазыңдар.

Жай сандар: 97,139,311,503,641,991



Құрама сандар: 66,128,201,450,502,864,879.

651 есеп.

1,3,6,7,9,15,23,28,37 сандарынан


  1. 1 ғана бөлгіші бар сандарды,

  2. Екі ғана бөлгіші бар сандарды,

  3. Екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.

Шешуі:

  1. 1.

  2. 3,7,23,37.

  3. 6,9,15,28.

652 есеп. Tеңсіздіктері жай сан болатын шешімін табыңдар.

1)59

2) 163

3) 487
653 есеп. 870-950 сандарының арасында неше жай сан бар?

Шешуі: 877,881,883,887,907,911,919,929,937,941,947.

Жауабы: 11 жай сан бар.


ҮІ. Жаңа білімді бекіту

Жаңа материалды бекіту сұрақтары:



  1. Жай сандар дегеніміз не?

  2. Құрама сандар дегеніміз не?

  3. 1 саны қандай сан? 2 ше?

  4. Жұп жай сан бар ма? Болса нешеу?

  5. 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма?

Үйге тапсырма: №649 есеп, №650 (нұсқау беру) , тақырыптың мазмұнын оқу.

Қорытындылау: сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.

Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім деңгейін, өзіндік жұмыс нәтижесін ескере отырып бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0ffb
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ffb -> Сабақ тақырыбы: Шегіртке мен құмысрқа (И. Крыловтан) Сілтеме
0ffb -> 1 ашық рай 2 бұйрық рай 3 шартты рай
0ffb -> Сабақ тақырыбы : Қол жұмыс барысында жұмыс орнын ұйымдастыру. Экономика негіздері, қаржы. Тұрмыстағы экономика
0ffb -> Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында ауызекі с
0ffb -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой жинақтау, түсіндіру, сто. Көрнекіліг
0ffb -> Қош келдіңіздер! "Сәндік қолданбалы қолөнер" үйірмесінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет