Сабақтың тақырыбы: жамбыл жабаев



Дата21.07.2017
өлшемі164,39 Kb.
#21901
түріСабақ

Жайқалып Өмірсерік


қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

«Новопервомай НМ» ММ Шортанды ауданы



Қазақ әдебиеті 8сынып

Сабақтың тақырыбы: ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ



Сабақтың мақсаттары: Білімділік:оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын арттыру.

Дамытушылықмақсаты:өлеңді мәнерлеп айтқыза отырып, оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қолданылатын көрнекіліктер: беине баян, компьютер, презентация Пәнаралық байланыстар: Тарих, өнер, қазақ тілі.

Сабақтың жүру барысы:

І.Оқушылармен амандасу.

II. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

1) Видео: 1-бөлім. Оқушылар көрген видео бойынша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екенін кім айтады?

ІІІ. Сабақтың тақырыбымен мақсаты, анықталған соң.

1) Видио: 2-бөлім

2)Тапсырманы оқушыларға тарату ; беине баян бойынша, (слайт 6-7) 3) Бейне баянда айтылғандай Жамбыл атамыздың, 13-мың жолдан астам өлеңдері мен жыры бар екен.

IV. Оқулықпен және презентациямен жұмыс:

1) Қуаныш пен қайғыда жазған жырлары да мол.

Мысалы: « Ленинграттық өренім» сондай туындының бірі кітапта берілген. 63 бет «Жалғызбындеп жүрмесін».

Оқушы мәнерлеп оқиды .......

Өлеңге талдыу жасау.........

2) Жамбыл Жабаев ұмытылмас тұлған, біздің елдеғана емес, көрші елдер Ресей мен Қырғыз елінде де Жамбыл есімі берілген көшелермен ауылдар бар. Оқушылар, 1996 жылы елімізде Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы кеңінен аталып өтті, арнайы ақын бейнеленген 20 теңгелер басып шығарылды. (слайд 8)

3) Бұл ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945). Қазір мұнда Жамбылдың әдеби- мемориадық мұражайы орналасқан. Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында, ақындық өмірінің 76 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан өкіметі салып берген екен. 12 бөлмеден тұратын Жамбыл атамыздың үйі көзі тірісінде қандай болса, қазіргі уақытта да дәл сол қалпында сақтаулы тұр Мұражай кешені аумағында, жиын-бөлмесі, көлік тұрағы, және ақынның денесі қойылған Мазар орналасқан. (слайд 9)

4) Бұл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың Мазары. (слайд 10)

5) Жеті атасын білген ұл, Жеті ру елдің қамын жер....

Жамбыл атамыз Шапрашты руынан тараған екен! (слайд 11)

6) Бұл домбыра Жамбылдың 10жасында ұстаған домбырасы!Жамбыл Жабаевтың 3 домбырасы сақталған.2 домбырасы осы мұражайда, ал бір домбырасы Алматыда сақтаул тұр. (слайд 12)

7) Бұл суретте Жамбыл ақынның Құлмамбетпен айтысқаны бейнеленген! (слайд 13)

8) Тау баурайында отырған Жамбыл Жабаев пен күйші Дина Нұрпеиісова көрсетілген. (слайтд14)

9) Ақынның көзі тірісінде салынған суреттер. (слайд 15)

Өмірінің әр түрілі кезеңінде киген шапандары сақтаулы тұр. (слайд 16) Жамбыл Жабаев атамызға 1938ж үймен бірге берілген Мәскеудің «Молотов» заводынан шыққан Н1 маркалы москвич көлігі.Тіпті ақынның жеке Нағашыбай деген жүргізушісі болыпты. Ең ғажабы бұл көлік әлі күнге жүруге жарамды. (слайд17)

V. Үй жұмысы: Жамбыл Жабаев туралы ақпарат дайындау.

VI. Қортындылау: Баға қою

Ақмола обылысы

Шортанды ауданы

«Новопервомай НМ» ММ


(Новопервомай НМ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Жайқалып Өмірсерік)


8-сынып

Қазақ әдебиеті пәнінен

ашық сабақ тақырыбы:

«ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ»





2016 жыл
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет