Сабақтың тақырыбы: Жастар және жаңашылдық Сабақтың мақсаты: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту



Дата15.01.2020
өлшемі20,98 Kb.
#55896
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Сыныбы: 11б

Күні:10.01.20

Сабақтың тақырыбы: Жастар және жаңашылдық

Сабақтың мақсаты:

1. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.

2. Түрлі жазбаша және жеке тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімдерін пысықтау.

3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.



Көрнекілер: тапсырма парақшасы, сөздер

Сабақ барысы:

Сабаққа көңіл аудару:

Фронталды сұрау

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру: морфологиялық талдау жазбаша жұмыс арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.

Өткенді қайталау:өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап

Қызығушылықты ояту:

Жаңа сөздер мен сөз тіркестермен танысу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру: Жастар- біздің болашағымыз

Insert стратегиясы арқылы мәтінді оқу мағынасы түсініксіз сөздерді қарындашпен белгілеу

Жаңа сөздермен таныстыру.

оқу, аудару;

хормен және жеке қайталау;

сөз тіркестерді және шағын сөйлемдерді құрастыру;

Мәтінмен танысу

а/ Оқу;


ә/ Аудару;

б/ Мәтіннің мазмұнын айту / Бұл мәтінде не туралы айтылады? Әңгіме не жайында болды? 



ЖАСТАР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын , жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу -маңызды мәселелердің бірі болып табылады.Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан , бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдары, қоғамдық - мәдени ұйымдар ,отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары- түгел атсалысуға мүдделі. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа , алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу - жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын , олардың санасына құя беру -біздің міндетіміз.



Сөздік:

Тапқыр – находчивый 


Білімді – образованный 
Жастар – молодежь 
Шығармашыл- творческий 
Болашақ - будущее 
жаңашыл - новатор 
Еңбекқор - трудолюбивый 
Үштұғырлы - трехъязычный 
Алдына мақсат қоя білуші - целеустремленный 

-Мәтіннен кейінгі жұмыс: тапсырма парақшасы:

Жеке жұмыс.

-Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді тауып, талдау.

-Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.

Грамматикалық ережелерді қайталау – сөз таптарын еске түсіру (ауызша жұмыс)

Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.



Сөздер: уақыттарын, әрқайсымыз, өте қызықты, жасады.

Мағынаны ажырату:
Бос уақыт сөз тіркесіне бес жолды өлең құрастыруға үйрету.

1.Жастар

2. сын есім (қандай?)

3. етістік (не істейді?)

4. 4 сөзден құрылған сөйлем

5. жалпы мағынасын білдіретін сөз

3 минут


4.

Ой толғанысы

Өздік тапсырма

Тест сұрақтарымен жұмыс - грамматикалық тест /жазбаша/


Қорытынды
Сабақты қорыту, бағалау,

Жастар туралы мәтіннің мазмұнын айту,





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет