Сабақтың тақырыбы: Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы



Дата08.09.2017
өлшемі50 Kb.
#31454
түріСабақ
Сабақ жоспары «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

__________________________

Пән аты: Информатика

Күні: 21.01.2016ж

Cынып: 11 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы
Мақсаты: 1. Білімді игеруіне сәйкес, біліктер мен дағдыларды және қабілеттерін шыңдау
                  2. Білімді жүйелеу, тиянақтау, жаңа сабақты түсіндіру.
                  3. Сауаттылыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді көздеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сабақты түсіндіреді.
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Интернет – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.
Жаңа сабақ.

Желілік этикет ережесімен таныстыру

ЖЕЛІЛІК ЭТИКЕТ ЕРЕЖЕСІ

1-ереже: Сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есіңізде ұстаңыз. Сізді балабақшада үйреткен, алтын ереже қандай? Басқаларға олай істеме, әйтпесе оларда саған соны жасайды. Өзіңізді сөйлесіп отырған адамның орнына қойыңыз. Қоршағандарға тіл келтірмей, өз көзқарасыңызды білдіруден бас тартпаңыз.

Кейбір кеңістікте «Телекоммуникацияны пайдаланған кезде сіз адаммен сөйлесіп отырғаныңызды есте ұстаңыз, әйтпесе компьютер экранымен жұмыс істейсіз. Сіз қолмен ешнәрсе көрсете алмайсыз, дауыс ырғағын өзгерте алмайсыз, және сіздің бет пішініңіз де ешқандай рөлді білдірмейді. Сіздің сырласыңыз сөз, тек қана сөз көреді» деп айтылған.

Электрондық почта немесе телеконференция бойынша сөйлесіп отырған кезде сіздің сырласыңыздың сөз түсіндіруінде сіз жеңіл қателесуіңіз мүмкін. Өкінішке орай сіздің адресатыңыз да өзінің сезімі мен әдеті бар адам болуын ұмытпау қажет.

2-ереже: Шынайы өмірдегі тәртіп стандартын желіде де ұстаңыздар.

Шынайы өмірде біздің көпшілігіміз кейде шектеуге, кейде ұсталып қалмайық деп заңға бағынады. Виртуалды кеңестікте ұсталып қалу мүмкіндігі бар. Кейде адамдар «экран артында» тірі адам отырғанын ұмытып, желідегі тәртіп ережелері қарапайым өмірдегідей қатал емес деп ойлайды.



Бұл қателік түсіндіріледі, сонда да бұл қателік. Тәртіп стандарттары виртуалды кеңестіктің әртүрлі нүктелерінде әрқалай болуы мүмкін, бірақ шынайы өмірдегідей олар жұмсақ емес. Қатынас этикетін сақтаңыздар. «Барлық этикет сіздің өзіңіз үшін құрастырылғаннан тұрады» деп айтатындарға сенбеңіздер. Егер де сіз киберкеңістікте этикалық түрдегі мәселені кездестірсеңіз, онда оны шынайы өмірде қалай шешетініңізді ойлаңыз.

3-ереже: Киберкеңістікте сіз қай жерде екеніңізді есте ұстаңыз. Бір жерде бірден қабылданады, ол бірақ басқаларға дөрекілік деп саналуы мүмкін. Мысалы, теледидарлық бағдарламалар талқыланатын конференциялардағы әртүрлі сөздер мен өсектер – кәдімгі жағдай. Егер сіз олармен журналистикалық пікір-таласқа қатысуды шешсеңіз, Сізге ол ешқандай атақ қоспайды. Сондықтан виртуалды кеңістіктің жаңа аясында болсаңыз, алдымен жан-жағыңызға қараңыз. Уақытыңызды жағдайды түсінуге жұмсаңыз, адамдардың қалай және не туралы айтып жатқанын тыңдаңыз. Осыдан кейін әңгімеге түсіңіз.

4-ереже: Басқалардың уақыты мен мүмкіндігін сыйлаңыз.

5-ереже: Бет келбетіңізді сақтаңыз. Анонимдік ерекшелігін қолданыңыз. Желіде (мысалы конференцияда) сіз шынайы өмірде кездеспеген адамдармен кездесуіңіз мүмкін. Олардың ешқайсысы да сізді көрмейді. Сондықтан да ешкім сізді теріңіздің, көзіңіздің, шашыңыздың түсі, салмағыңыз, жасыңыз немесе киіміңіз үшін сөкпейді. Бірақ, сізді жазуыңыз бойынша бағалайды. Желідегілер үшін бұл өте маңызды. Осыдан грамматика ережесі ерекше орын алады. Қолданушыларды балағаттамаңыз. Және де төзімді, әрі сыпайы болыңыз. Нормативті емес лексиканы пайдаланбаңыз, ұрыс-керіс үшін ұрыс-керіске түспеңіз.

6-ереже: Қай жерде сіз көмектесе аласыз, сол жерде басқаларға көмектесіңіз. Соңында, осы кері жағдайдан кейін, бір жақсы кеңес. Виртуалды кеңістікте неге сұрақ қою тиімді? Өйткені сіздің сұрағыңыздың жауабын білетін көп адамдар оқиды. Тіпті тек бірнеше адам ғана жауап бергеннің өзінде, білімнің жалпы көлемі желіде ұлғаяды. Интернет ғалымдардың тәжірибе алмасуын өсіріп отыр. Кейінірек бұл үдеріске басқаларда әуестене бастады. Сондықтан – қатысыңыздар. Тәжірибе алмасу – әуестенетін іс.  Бұл желінің бұрынғы және өте жақсы дәстүрі.

7-ереже: Бәсекелеске түспеңіз және оларды флеймге жіберіңіз. Флейм (flames) – бұл басқа қатысушы әңгімелерінің ойын ескермей айтылған эмоционалды ескертулер. Флейм – бұл да желінің ескі дәстүрі. Флеймдер шығарушыларға ғана емес, оны оқитындарға да пайдалы болуы мүмкін.

8-ереже: Жеке жазба құқығын сыйлаңыз.

9-ереже: Өз мүмкіндіктеріңізді теріс пайдаланбаңыз. Виртуалды кеңістікте кейбір адамдар өздерін профессионал (білікті маман) сезінеді. Бұл әрбір желілік ойындардағы шеберлер, әрбір офистегі сарапшылар және әрбір жүйедегі жүйелік адмитистраторлар. Басқа қолданушыларға қарағанда кең білімдері бар немесе қолдарында кең өкілеттігі бар бұл адамдар атақты тез алады. Бірақ, олар онымен қолданады дегенді білдірмейді. Мысалы, желілік адмистраторлар жеке почталық хабарламаны оқымауы тиіс.

10-ереже: Басқалардың қатесін кешіруде үйреніңіз. Әрбір адам кезінде жаңа адам болған және әрбірі бұл кітаптан мүддесін алып тастамайды. Сондықтан да біреу қате – ол сөздегі қате; абайсыз флейм; мағынас сұрақ немесе дұрыс емес ұзын жауап жіберген жағдайда – оған түсініспен қарауға тырысыңыз. Сіздің сұхбаттасушыңыздың  – адам екенін ұмытпаңыз. Желі әкімшілігіне сөгіс жасамаңыз. Қысқаша болыңыз. Өзіңіз туралы ойды қадір тұтыңыз мағыналы тақырыпты қолданыңыз. Оқитындарды ойлаңыз. Әзілмен абай болыңыз! Кросс-постингке қызықпаңыз. Өз жауабыңызда айтылғандарды біріктіріңіз. және қысқаша жасаңыз. Конференция емес, электронды почта арқылы жауап беріңіз. Хабарламаға жауап бермес бұрын, алдымен барлығын оқып шығыңыз. Авторлық құқық және лицензия туралы есте сақтаңыз. Сілтеме туралы ұмытпаңыз. Басқалардың көңілін түсіретін, сөздерді белгілеп қойыңыз. Сөз жолының ұзындығын қысқартыңыз және арнайы символдарды қолданбауға тырысыңыз.

Қорыта келгенде, ауқымды желіде өздеріне қажет ақпарат іздеп отырып, оқушылар «Интернет желісінде жарияланған ақпараттық құқықтық қорғау» мәселесін кездестіреді. Көптеген оқушылар баяндама, реферат, курстық жұмыс жазуда ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады: веб-беттерінде жарияланған ақпараттарды толығымен немесе таңдап көшіреді, бағдарлама архивін, оларды қызықтыратын жұмысты, суретті, анимация және т.б. көшіріп алады. Соған қарамастан олар өз істеріне бұл ақпараттың «өзінің жеке құқық иесі бар» екеніне мүлдем есеп бермейді және көп жағдайда оны пайдалану үшін сәйкес рұхсат алу қажет екенінен хабарсыз болады. Сондықтан оқушылар ақпараттың құқықтық қорғау нормасын бұзбай, ақпаратты қолданудың ережелерін меңгеруді, ақпараттың қайнар көздеріне дұрыс сілтеме жасауды, ақпараттық қорларды қолдануда құқық иелеріне сұраныс құруды үйренуі тиіс.

Бағалау.

Үйге тапсырма:
Каталог: uploads -> doc -> 0731
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0731 -> 5-6 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспары 2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет