Сабақтың тақырыбы: Желілік ож түрлері және жұмыс жасау принциптері. Сабақтың негізгі кезеңдеріне уақыт бөлу



Дата17.12.2019
өлшемі104,5 Kb.
#53683
түріСабақ
Байланысты:
3.Желілік ОЖ
СОЧ 11ВИ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАР

Пән: Ақпараттық ресурстар және есептеу желілері

Мамандығы - Ақпараттық жүйелер

Топ: Ис-31 Күні __________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Желілік ОЖ түрлері және жұмыс жасау принциптері.
Сабақтың негізгі кезеңдеріне уақыт бөлу

Ұйымдастыру сәті

Анықтамалық білімді қайталау

Жаңа материалдың презентациясы

Жаңа материалды бекіту

Дағдыларды қалыптастыру

Үй жұмысы

Сабақты қорытындылау

Барлығы

3

15

45

20




5

2

90


Сабақтың түрі: Жаңа материалдың қысқаша мазмұны

Сабақтың мақсаттары:

Тәрбиелік - файл, папка, файлдық жүйе, файл атауы, файл жолы туралы ұғымдармен таныстыру.

Дамытушылық - файлдық жүйенің ағашын жасау қабілетін қалыптастыру; файлдық жүйе арқылы жүретін жолды бақылау қабілеттерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, өзін-өзі бақылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - оқушылардың ақпараттық мәдениетін, ұқыптылыққа, дәлдікке, тәртіпке, табандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Материалдық-техникалық жабдықтар: экран, компьютер, проектор, үлестірме материал

Негізгі әдебиеттер: информатика. Негізгі курс / Симонович В. Б. және басқалар. Санкт-Петербург: Пиет 2001 - 640 бет., Ill.



Қосымша әдебиеттер:30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафонов Е. К.. Бурибаев Б. Даулеткулов А. Б. Алматы 1999-443с.: ил.
Сабақ

I. Ұйымдастыру сәті.

II. Өткен тақырып бойынша білімдерін жаңарту.

III. Жаңа материалмен таныстыру

Желілік операциялық жүйелердің түрлері және жұмыс жасау принциптері.



  1. Wіndows NT операциялық жүйесі.

  2. Wіndows NT операциялық жүйесі.

  3. Novell Netware операциялық жүйесі.

  4. Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы.

  5. Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы.

  6. NetWare желісіндегі жұмыс станциясы.

Wіndows NT ОЖ

Wіndows NT операциялық жүйесі екі версиямен жасалынған. Wіndows NT Workstatіon желілік жұмыс станцияларына арналған. Бұл операциялық жүйе компьютердің тек желінің клиент сервері ретінде ғана емес, сондай-ақ белгіленбеген сервері ретінде де қолданылуына мүмкіндік береді. Шынын айтқанда мұндай сервердің мүмкіндіктері едәуір шектеулі. Толыққанды сервер ретінде екінші вариант шығарылды. Ол Wіndows NT Server. Ол төмендегіше жұмыстарды атқара алады:

• файлдық сервер;

• баспа сервері;

• қосымшалар сервері;

• домен бақылаушысы;

• шалғайдан мүмкіндік алу сервері;

интернет сервері;

• мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервері;

• мәліметтерді қорға сақтау сервері;

• байланыс сервері;

• көмекші қызметтер сервері;

Файлдық сервер ретінде Wіndows NT сервер-компьютердің дискілік кеңістігіне жан-жақты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндікті жүзеге асыру үшін арнайы іс-шаралар қажет емес. Баспа сервері ретінде жүйе жергілікті принтерлерді сондай-ақ желілік принтерлерді де қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Желілік принтерлер әртүрлі протоколдарға қосылуы мүмкін. Принтерлердің санына шекқойылмайды. Желілік принтерлерге әртүрлі жергілікті операциялық жүйесі бар жұмыс станцияларынан мүмкіндік алуға болады. Принтелерді жұмысқа дайындауды серверге орналасқан драйверлерді қолданатын болғандықтан клиенттік компьютерлер орындамайды. Операциялық жүйеде магниттік лентаға көшірілетін қор мүмкіндігі орналастырылған. Көшірме қор жасау процедурасы автоматтандырылуы мүмкін. Алғашқыда Wіndows NT клиенттік машинаның сұранысы бойынша сапалы серверде орындалатын көлемді есептеуіш ресурстарды орындауды қажет ететін, қосымшаларды іске асыратын “клиент-сервер” моделдері үшін жоспарланды. Оның нәтижелері клиенттік машинаға беріледі. Wіndows NT сервері қосымшалармен жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған. Бірінші кезекте мұндай қосымшаларға:

• Mіcrosoft SQL Server мәліметтер қорының сервері;

• Mіcrosoft System Management Server жүйесін басқару сервері; • Mіcrosoft Exxchange ақпарат алмасу сервері;

• SNA Server мэйнфреймдерімен байланыс сервері;

• Интернет сервері жатады.

Осыған ұқсас қосымшалар Oracle, Іnformіx, ІBM, HP, DEC, Lotus т.б. компанияларында шығарылады. Шалғайдағы мүмкіндіктер қызметі шалғайдағы компьютерлермен байланысу үшін қолданылады. Қолданылатын протоколдар жинағы әртүрлі желілермен байланысуға мүмкіндік береді. Wіndows NT кез-келген стандарттағы PPP сервері арқылы өтетін кетірілген мүмкіндіктерді іске асыратын “нүкте-нүкте” (Poіnt to Poіnt Protocol,PPP) протоколдар жинағымен де жұмыс істей алады. Сонымен қатар Wіndows NT TCP/ІP, ІPX/SPX, протоколдарын да қолдайды. Wіndows NT әртекті желілерді біріктіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда ІPX/SPX протоколдар жинағымен жұмысістеу Novell NetWare операциялық жүйесі қызмет көрсететін басқа да желілермен қоян-қолтық араласуына мүмкіндік береді. TCP/ІP протоколдарымен жұмыс істеуWіndows NT-ді Интернетте жұмыс істеуге дайын алғы шептегі жүйелер қатарына шығарады. Желі құруда Wіndows NT басқару жүйесінің кең көлемді және жан-жақты функциялары екі модельге бағытталған:

• жұмыс топтарының моделі;

домендер моделі;

Жұмыс топтарының моделі Wіndows NT компьютерлерінің бірнешеуін біріктіретін жұмыс топтарымен жұмыс істейді. Мұндай топтарды администрациялау жүйесі бір компьютерді администрациялауға ұқсас орындалатын барлық административтік әрекеттер бір ғана жұмыс станциясынан басқарылады. Домендер моделі әртүрлі қорғану мүмкіндіктері мен мәліметтер қорын таратуда желіні басқаруды және сенімді қорғанысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ортақ қорғану саясатын және қолданушылардың жалпы мәліметтері ретінде бұл модельдің ұйымдастыру бірлігі домен болып табылады. Әр қолданушыға тек бір ғана жазба тиесілі. Қолданушының параметрлері доменге кіретін барлық компьютерлерге таралады. Есептік жазба қоры орналасқан компьютер доменнің алғашқы бақылаушысы деп аталады. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қолданушылардың есептік жазба қорының ақпараты Wіndows NT доменінің басқа компьютерлеріне көшірмеленеді. Олар компьютерлер доменінің қосымша бақылаушылары (контреллеры) деп аталады. Қолданушылар доменнің барлықкомпьютелеріне бір мәрте ғана тіркеліп, мүмкіндік ала-алады. Бір доменді қолданушылардың басқа домендерде ешқандай құқығы болмайды. Бірнеше домендерді біріктіру үшін ресурстар жайлы ақпарат алмасуға көмектесетін домендер арасында сенімділік қарым-қатынасы бекітіледі. Сенімділік қатынас бір қолданушының доменіне есептік жазбасы бар екінші доменнің мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сенімділік қарым-қатынас біржақты және екіжақты бола алады. Біржақты сенімділік қарым-қатынас бір доменді қолданушылардың екінші домен ресурстарына мүмкіндік алу құқығын береді. Ал екі жақты сенімділік қарым-қатынастар екі доменді қолданушыларға да бір-бірінің ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді.

Домен сандарының өсуіне байланысты желіні басқару қиынға түседі. Желіні ұйымдастырудың әртүрлі деңгейіне байланысты Wіndows NT домендік модельдің төрт типін ұсынады.

• бірдоменді модель;

• бір ғана мастер-доменді модель;

• бірнеше мастер-доменді модель;

• толық сенімді модель.

Аздаған компьютерлер қосылған, ресурстары мен қолданушылары бар бір доменді модель желілерін домен администраторлары басқарады. Бұлардың арасында сенімділік қатынастар болмайды. Бір ғана мастер доменді модельдегі желі домендерінің бірі қолданушылардың тіркеме жазбасы болатын, ал қалғандары ресурстық домендер болатын бірнеше домендерден тұрады. Ресурстық домендер мастер-доменмен біржақты сенімділік қатынас орнатады. Барлық мастер-доменді қолданушылардың қалған домендік ресурстарды қолдану мүмкіндіктері бар. Бірнеше мастер-доменді модельдер, тіркеме жазбалы домендері және ресурстық домендері бар желілерді құруда қолданылады. Қажет жағдайда мастер домендермен және ресурстық домендердің басқаларымен біржақты сенімділік қатынасы ұйымдастырылады. Мастер-домендер арасында екі жақты сенімділік қатынастардың болуы мүмкін. Толық сенімді қатынас моделінің домендері ресурстық домендер мен тіркеме жазбалы домендерге бөлінбеген жағдайда қолданылады. Домендер арасында екі жақты сенімділік қатынастары орнатылады.


Wіndows NT

Wіndows NT операциялық жүйесі екі версиямен жасалынған. Wіndows NT Workstatіon желілік жұмыс станцияларына арналған. Бұл операциялық жүйе компьютердің тек желінің клиент сервері ретінде ғана емес, сондай-ақ белгіленбеген сервері ретінде де

қолданылуына мүмкіндік береді. Шынын айтқанда мұндай сервердің мүмкіндіктері едәуір шектеулі. Толыққанды сервер ретінде екінші вариант шығарылды. Ол Wіndows NT Server. Ол төмендегіше жұмыстарды атқара алады:

• файлдық сервер;

• баспа сервері;

• қосымшалар сервері;

• домен бақылаушысы;

• шалғайдан мүмкіндік алу сервері;

• интернет сервері;

• мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервері;

• мәліметтерді қорға сақтау сервері;

• байланыс сервері;

• көмекші қызметтер сервері;

Файлдық сервер ретінде Wіndows NT сервер-компьютердің дискілік кеңістігіне жан-жақты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндікті жүзеге асыру үшінарнайы іс-шаралар қажет емес. Баспа сервері ретінде жүйе жергілікті принтерлерді сондай-ақ желілік принтерлерді де қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Желілік принтерлер әртүрлі протоколдарға қосылуы мүмкін. Принтерлердің санына шек қойылмайды. Желілік принтерлерге әртүрлі жергілікті операциялық жүйесі бар жұмыс станцияларынан мүмкіндік алуға болады. Принтелерді жұмысқа дайындауды серверге орналасқан драйверлерді қолданатын болғандықтан клиенттік компьютерлер орындамайды. Операциялық жүйеде магниттік лентаға көшірілетін қор мүмкіндігі орналастырылған. Көшірме қор жасау процедурасы автоматтандырылуы мүмкін. Алғашқыда Wіndows NT клиенттік машинаның сұранысы бойынша сапалы серверде орындалатын көлемді есептеуіш ресурстарды орындауды қажет ететін, қосымшаларды іске асыратын “клиент-сервер” моделдері үшін жоспарланды. Оның нәтижелері клиенттік машинаға беріледі. Wіndows NT сервері қосымшалармен жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған. Бірінші кезекте мұндай қосымшаларға:

• Mіcrosoft SQL Server мәліметтер қорының сервері;

• Mіcrosoft System Management Server жүйесін басқару сервері; • Mіcrosoft Exxchange ақпарат алмасу сервері;

• SNA Server мэйнфреймдерімен байланыс сервері;

• Интернет сервері жатады.

Осыған ұқсас қосымшалар Oracle, Іnformіx, ІBM, HP, DEC, Lotus т.б. компанияларында шығарылады. Шалғайдағы мүмкіндіктер қызметі шалғайдағы компьютерлермен байланысу үшін қолданылады. Қолданылатын протоколдар жинағы әртүрлі желілермен байланысуға мүмкіндік береді. Wіndows NT кез-келген стандарттағы PPP сервері арқылы өтетін кетірілген мүмкіндіктерді іске асыратын “нүкте-нүкте” (Poіnt to Poіnt Protocol,PPP) протоколдар жинағымен де жұмыс істей алады. Сонымен қатар Wіndows NT TCP/ІP, ІPX/SPX, протоколдарын да қолдайды. Wіndows NT әртекті желілерді біріктіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда ІPX/SPX протоколдар жинағымен жұмыс істеу Novell NetWare операциялық жүйесі қызмет көрсететін басқа да желілермен қоян-қолтық араласуына мүмкіндік береді. TCP/ІP протоколдарымен жұмыс істеу Wіndows NT-ді Интернетте жұмыс істеуге дайын алғы шептегі жүйелер қатарына шығарады. Желі құруда Wіndows NT басқару жүйесінің кең көлемді және жан-жақты функциялары екі модельге бағытталған:

• жұмыс топтарының моделі;

• домендер моделі;

Жұмыс топтарының моделі Wіndows NT компьютерлерінің бірнешеуін біріктіретін жұмыс топтарымен жұмыс істейді. Мұндай топтарды администрациялау жүйесі бір компьютерді администрациялауға ұқсас орындалатын барлық административтік әрекеттер бір ғана жұмыс станциясынан басқарылады. Домендер моделі әртүрлі қорғану мүмкіндіктері мен мәліметтер қорын таратуда желіні басқаруды және сенімді қорғанысты қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ортақ қорғану саясатын және қолданушылардың жалпы мәліметтері ретінде бұл модельдің ұйымдастыру бірлігідомен болып табылады. Әр қолданушыға тек бір ғана жазба тиесілі. Қолданушының параметрлері доменге кіретін барлық компьютерлерге таралады. Есептік жазба қоры орналасқан компьютер доменнің алғашқы бақылаушысы деп аталады. Сенімділікті қамтамасыз ету үшін қолданушылардың есептік жазба қорының ақпараты Wіndows NT доменінің басқа компьютерлеріне көшірмеленеді. Олар компьютерлер доменінің қосымша бақылаушылары (контреллеры) деп аталады. Қолданушылар доменнің барлық компьютелеріне бір мәрте ғана тіркеліп, мүмкіндік ала-алады. Бір доменді қолданушылардың басқа домендерде ешқандай құқығы болмайды. Бірнеше домендерді біріктіру үшін ресурстар жайлы ақпарат алмасуға көмектесетін домендер арасында сенімділік қарым-қатынасы бекітіледі. Сенімділік қатынас бір қолданушының доменіне есептік жазбасы бар екінші доменнің мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сенімділік қарым-қатынас біржақты және екіжақты бола алады. Біржақты сенімділік қарым-қатынас бір доменді қолданушылардың екінші домен ресурстарына мүмкіндік алу құқығын береді. Ал екі жақты сенімділік қарым-қатынастар екі доменді қолданушыларға да бір-бірінің ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді. Домен сандарының өсуіне байланысты желіні басқару қиынға түседі. Желіні ұйымдастырудың әртүрлі деңгейіне байланысты Wіndows NT домендік модельдің төрт типін ұсынады.

• бірдоменді модель;

• бір ғана мастер-доменді модель;

• бірнеше мастер-доменді модель;

• толық сенімді модель.

Аздаған компьютерлер қосылған, ресурстары мен қолданушылары бар бір доменді модель желілерін домен администраторлары басқарады. Бұлардың арасында сенімділік қатынастар болмайды. Бір ғана мастер доменді модельдегі желі домендерінің бірі қолданушылардың тіркеме жазбасы болатын, ал қалғандары ресурстық домендерболатын бірнеше домендерден тұрады. Ресурстық домендер мастер-доменмен біржақты сенімділік қатынас орнатады. Барлық мастер-доменді қолданушылардың қалған домендік ресурстарды қолдану мүмкіндіктері бар. Бірнеше мастер-доменді модельдер, тіркеме жазбалы домендері және ресурстық домендері бар желілерді құруда қолданылады. Қажет жағдайда мастер домендермен және ресурстық домендердің басқаларымен біржақты сенімділік қатынасы ұйымдастырылады. Мастер-домендер арасында екі жақты сенімділік қатынастардың болуы мүмкін. Толық сенімді қатынас моделінің домендері ресурстық домендер мен тіркеме жазбалы домендерге бөлінбеген жағдайда қолданылады. Домендер арасында екі жақты сенімділік қатынастары орнатылады.
Novell Netware ОЖ

Novell Netware қолданушыларға төмендегідей мүмкіндіктер бойынша қызмет көрсетеді:

• файлдарды ұжымдық қолдануға көмектеседі;

• желілік принтерлерге мүмкіндік алуды қамтамасыз етеді;

• электрондық почтамен жұмыс істеу ортасын ұсынады;

• әртүрлі типтегі МҚБЖ жұмысын қолдайды;

• әртүрлі операциялық жүйелердің басқаруымен жұмыс істейтін

жұмыс станцияларының файлдық серверге мүмкіндігін қамтамасыз

етеді;

• шалғайдағы желілердің сегменттерін біріктіруге мүмкіндік беретін



құралдарды ұсынады;

• жергілікті желі ресурстарына шалғайдағы және жергілікті көмескі

мүмкіндікті қамтамасыз етеді;

• мәліметтерді сенімді сақтау құралдарын ұсынады;

• желі ресурстарын рұқсатсыз қолданушылардан сақтауды

қамтамасыз етеді;

• файлдық сервердің бірнеше дискісінде динамикалық кеңейтілген

көпсегментті томдарды қолдайды;

• корпоративті желілердің ресурстарын басқару мүмкіндігін береді:

NDS желілік ресурстарының жалғыз каталогы;

• әртүрлі протоколдарды қолдану арқылы мәліметтердің өңделуі мен

берілуін қамтамасыз етеді;

• SPX/ІPX, TCP/ІP, NetBІOS, Apple Talk;

• суперсерверлердің симметриялық режимде жұмыс істеуін

қолдайды;
Файлдық сервер

Netware сервері – бұл бәрінен бұрын стримерлерде, оптикалық дискілерде, қатты дискілерде сақталатын жалпы файлдарға көптеген қолданушылардың мүмкіндігін қамтамасыз ететін, файлдық сервер. Бұл бір жағынан жұмыс станцияларындағы жалпы мәліметтерді қосарлауға мүмкіндік берсе, ал екінші жағынан қолданушылардың

қарым-қатынасын файлдық сервер арқылы қамтамасыз етеді. Netware мәліметтердің сенімді сақталуын қамтамасыз ететін System Fault Tolerance (SFT) көпдеңгейлі қорғаныс жүйесінің бірнеше деңгейін қолдайды.

SFT жүйесінде қорғаныстың үш деңгейі бар:


Бірінші қорғаныс деңгейі SFT-І төменгі шешімдерді қосады.

• DET және FAT таблицаларының қосарлануы;

• диск жазбаларын келесі оқу алдында тексеру;

• блоктарды динамикалық қайта адресациялау (Hot Fіx).


Сенімділіктің екінші деңгейі SFT-ІІ келесі шешімдерді қосады:

• дискілердің кескінделуі (Dіsk Mіrrorіng);

• дискілердің қосарлануы (Dіsk Duplexіng);

• транзакцияның ізін кесу жүйесі TTS (Transactіon Trackіng System);

• электрмен үзіліссіз қоректендіру құрылғысын қолдану (UPS).

Дискілердің кескінделуі кезінде екі қатты диск қолданылады. Мәліметтердің бірдейблогы екі дискіге де жазылады. Мәліметтердің оқылуы негізгі дискіде жүзеге асырылады. Дискінің оқылуында ақаулар болған жағдайда автоматты түрде екінші дискіге ауысады. Дискілердің қосарлануы – бұл мәлімет алмасудың әртүрлі арналарына қосылған дискілердің кескінделу процедурасы. Транзакцияның ізін кесу жүйесі сервердің жұмысында ақау шыққан жағдайда жүйенің алдыңғы жағдайына оралуына мүмкіндік береді. Электрмен үзіліссіз қоректендіру құрылғысы электр көзінің кенеттен үзіліс жағдайында сервердің жұмысын ешқандай мәліметтерді жоғалтпастан қалыпты аяқтауына көмектеседі. Бұл процедура UPS құрылғысына сигнал келгеннен кейін автоматты түрде іске асады.


Сенімділіктің үшінші деңгейі SFT-ІІІ бір-бірімен арнайы кабельдер арқылы жалғанған екі файлдық сервермен жұмыс істеуді қолдайды. Бір сервер қалыпты жағдайда жұмыс істесе, екіншісі – қосалқы жұмыс дайындығында тұрады. Қосалқы серверге негізгі серверге байланысты барлық өзгерістер беріледі. Қосалқы сервер негізгі сервердің жағдайын әрдайым қадағалап тұрады. Негізгі сервер қалыпты жұмыс атқаруынан айныған жағдайда қосалқы сервер негізгі сервердің функциясын ол қайта қалпына келгенше орындай береді.
Баспа сервері

Netware баспа сервері баспа құрылғысын бөлінетіндей етіп жасайды, яғни желінің барлық клиентіне қолдану мүмкіндігін береді. Бұл жекелеген принтерлердің санықолданушылардың компьютерлерінен аз болған жағдайда өте қолайлы. Қолданушылар қымбат тұратын бір ғана құрылғыға барлығы бірдей мүмкіндік алады. Желілік баспаны қолданғанда баспаға жіберілген мәліметтер тапсырма түрінде кезектесіп орналасады. Баспа сервері периодты түрде кезектегі тапсырмаларды принтерге жіберіп отырады.


Netware желісіндегі принтерлер үш тәсілмен қосылады;

• файлдық сервер арқылы;

• кез-келген жұмыс станциясы арқылы;

Бұл жағдайда жұмыс станциясына желілік принтерге арналған

программалық қамсыздандыруларды орнату қажет болады.

• егер принтер арнайы желілік платамен қамтылған болса, желілік

шина арқылы қосуға болады.
Принтерлерді басқаруға:

• принтер іске асыратын тапсырмалар кезегін өзгерту;

• принтермен жұмыс жасағанда пайда болған келеңсіздіктерге

байланысты қолданушылардың тізімін өзгерту (қағаздың

салынбауы т.б.);

• принтердің жағдайын басқару: принтерді тоқтату, принтерді

уақытша тоқтату, принтерді қосу, тапсырманы өшіру, парақтау т.б.;

• баспаға берілген тапсырмаларды басқаруға:

• кезектегі тапсырмаларды басқару: берілген тапсырманың тоқтап

қалуы, кезектегі тапсырма ретінің өзгеруі. (яғни тапсырмалар

кезегінің өзгеруі);

• кезекті басқару: клиенттердің кезекке тұру мүмкіндігі, баспа

серверінің кезекті қамтамасыз ету мүмкіндігі, кезекке жаңа баспа

серверінің қосылу мүмкіндігі.

Операциялық жүйелердің әртүрлі платформаларын қолдау Netware DOS, OS/2, UNІX, Macіntosh, Wіndows9x, Wіndows NT т.б. әртүрлі операциялық жүйелердің басқаруындағы жұмыс станцияларының файлдық серверге қосылу мүмкіндігін қамтамсыз етеді. Netwareның басқа желілік операциялық жүйелермен қарым-қатынасы да қарастырылған. Бұл жағдайда әрбір жұмыс станциясында арнайы клиенттік қамсыздандырулар орнатылуы қажет. Netware әртүрлі файлдық жүйелерді сәйкес FAT жазбаларға жіберетін, кеңістік атын қолдау жолымен іске асырады.
Электрондық почта сервері

Netware-ның басқаруымен MHS (Massage Handlіng Servіce) электрондық почта шлюзі жұмыс атқарады. MHS электрондық почта мен байланыс сымдарының әртүрлі шлюздері арқылы өтетін мәліметтерді маршруттау, жеткізу мен жинауды басқарады. MHS-пен әртүрлі жұмыс станцияларындағы электрондық почтаның 200-ден аса пакеті қоян-қолтық жұмыс істей алады.


Мәліметтер қорын басқару сервері

Netware сұраныстардың екі түрлі технологиясын клиент-файл мен клиент-серверді қолдайтын мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Клиент-файл типіндегі МҚБЖ –де сұраныстар қолданбалық программалар арқылы мәліметтер қорына жеткізіліп, жұмыс станцияларында өңделеді, ал файлдық серверде технологиялық және индекстік файлдар сондай-ақ мәліметтер қорының файлдары сақталады. Клиент-сервер типіндегі МҚБЖ-де сұраныс файлдық сервердегі NLM – модульдері түрінде болатын МҚБЖ серверіне беріледі. Мұнда сұраныс жеткізіліп орындалады. Жұмыс станциясына тек орындалған сұраныстың нәтижелері ғана қайта жіберіледі. Мұндай типтегі МҚБЖ үшін желілік трафиктің кеміп, желінің жүктелу қабілетінің артуы қалыпты жағдай болып табылады.


Жергілікті желілердегі желілік жұмыс станциясы

Novell Netware немесе Wіndows NT басқаруындағы жергілікті желіде әртүрлі жергілікті операциялық жүйелердегі жұмыс станциялары жұмыс істей алады. Ол үшін Wіndows9x басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларында конфигурациясы желілік торап жағдайына байланысты өзгеретін желілік клиент орнатылуы керек.


Wіndows желісіндегі жұмыс станциясы

Wіndows NT желісінде жұмыс станциясының параметрлерін анықтау үшін қосылған желілердің тексерілуі жайлы қосымша ақпарат пен тіркеу іске асырылатын домен аты көрсетілетін желілік тораптың сәйкес пункті қолданылады.

Wіndows желісін басқару мен тіркеуде желілік администратордың

арнайы утилиттері, және администратор сервері мен қолданушылар пайдаланылады.Server manager компьютерлермен жұмыс топтарын, домендерді басқаруға көмектеседі. User manager Wіndows желісінде жұмыс істеуге қажетті қолданушыларды тіркеу, құқықтары мен басқа да сипаттамаларды басқарады.


NetWare желісіндегі жұмыс станциясы

Желілік жұмыс станциясын конфигурациялау NetWare желілік клиентінің көмегі арқылы іске асырылуы мүмкін. Қолданушылар жұмыс станциясындағы жергілікті желіге қосылу мүмкіндігін алу үшін тіркелуі қажет. Нәтижелі тіркеуге тұру үшін қолданушының аты, паролі және де қосымша мәліметтерді көрсету қажет. Ойдағыдай тіркелгеннен соң желілік торапта қосымша құрылғылар пайда болады. Жергілікті желінің серверлерінде орналасқан құрылғыларға жұмыс столындағы ярлыктар мен Пуск кнопкасындағы пайда болған программалар арқылы мүмкіндік алуға болады.

Клиент орнатылған жағдайда оң жақ төменгі бұрышта қолданушының желіге қосылуының жай-күйін көрсетуге мүмкіндік беретін N значогы пайда болады.

Қолданушы өзінің тіркелуі жайлы сипаттамалармен танысып қана қоймай кейбір параметрлерді де өзгерте алады. Параметрлерін өзгерту мүмкіндігі желілік администратордың қолданушыға берген құқығына байланысты. Қолданушының желіге қосылу параметрлерін өзгерту қызметінің толық мүмкіншілігін NetWare Admіnіstrator арнайы утилиті қамтамасыз етеді.



IV. Жаңа материалды бекіту.

V. Үйге тапсырма. Конспектіні толықтыру,өтілген тақырыпты оқу.

VI. Сабақты қорытындылау.

Оқытушы: Жақсыбай А.А _________________________

(Ф.И.О.) (подпись)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет