Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»



Дата11.01.2017
өлшемі81,46 Kb.
#6964
түріСабақ
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат» 
Мақсаты: 
1) Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру. 
2) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. 
3) Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық, еңбек, тәрбиелеріне баулу. 
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу, тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері, ватман, дидактикалық ойынға қажетті суреттер, ақ және қара түсті қалпақтар.


Оқу іс әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

қуанасың сен де

Қуанайық достарым, арайлап атқан күнімізге!

  • Балалар, қолымыздан ұстап «Қуаныш шеңберін» құрып, бір – бірімізге жылуымызды білдірейік.

  • Балалар мен сендердің шапшаңдықтарыңды тексергім келіп тұр. Менің қолымда сиқырлы бір сурет бар, бірақ олар төрт бөлікке бөлінген, суреттердің артқы бөлігінде сұрақтар берілген, кім дұрыс жауап берсе, суретіміз құрастырылады да, бүгінгі тақырыпты табасыңдар!

  • Балалар, айтыңдаршы біз бүгін қандай тақырыпты өтеміз?

Балалар шеңбер құрып, тәрбиешінің айтқан сөздерін қайталап айтады.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді құрастырады.


-Жыл мезгілдерін.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Рефлексиялық - түзетушілік

-Дұрыс айтасыңдар! Біз бүгін жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз! (тәрбиеші балалардың сыныптың әр бұрыштарында орналастырылған жыл мезгілдеріне назарларын аудартады).

-Бірінші күз мезгіліне саяхатқа барайық.

-Балалар қараңдаршы күз мезгілі қандай тамаша! Талдардың жапырақтары алтын сияқты көрінеді.

-Балалар күз мезгілінің құбылыстарын атаңдаршы?

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар қараңдаршы мұнда тапсырмалар бар екен.

-Кәнекей бірінші тапсырманы алып, орындап көрейік.

Тапсырма: «жұмбақтардың шешуін табыңдар».

Жапырағын сыпырды

Қайыңды жел тоңады.

Қартайған шал сықылды,

Қайың енді тоңады.

Бұл қай кезде болады?
Қызыл – сары кемелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады толқиды.
Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды
Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Тапсырма: «Жемістер мен көкөністерді топтастыр»
-Күз мезгілі аяқталған соң, қандай мезгіл келеді?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыста қандай ойын ойнаймыз?

-Жақсы балалар, енді қыс мезгілінің тапсырмаларын орындайық.

Ойын: «Аққала құрастыру»

Шарты: дайын қиылған бөлшектерден аққала суретін құрастыру.

Дидактикалық ойын: «Қай мезгілге жатады?»

Шарты: ватмандағы төрт бөлікке бөлінген киімдердің суреттерін жыл мезгілдеріне байланысты ажырату. (балаларға төрт түрлі қарындаштар: сары, ақ, жасыл, қызыл түстер беріледі, мысалы, күз мезгілінің киімдерін сары түспен, қыс – ақ, көктем – жасыл, жаз – қызыл).

-Жақсы, балалар. Барлықтарын дұрыс орындадыңдар!

-Балалар шаршадыңдар ма?

-Онда бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық!

Тербелейді ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп – кішкентай ағаштар

Үлкен боп өседі (қимыл қозғалыспен көрсету)

-Қыс мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді?

-Көктем мезгілінің өзгерістерін атаңдар?

-Енді мына тапсырмаларды орындайық!

Тапсырма: «Көктем белгісін тап?»

Шарты: гүлдердің арасынан бәйшешек гүлін табу.

-Балалар кім көктем мезгілі жайлы тақпақтар біледі?

-Көктем мезгілі аяқталған соң қандай мезгіл келеді?

- Жаз мезгілінің өзгерістерін атаңдар?


- Жазда не істейміз?
Жаз мезгілінің тапсырмалары:

«Гүл алаңы» гүлдерді алып, сүрақтарға жауап беру.

Екінші тапсырма: Жаз мезгіліне

байланысты жұмбақтар шешу.

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

- Өте жақсы балалар!

- Балалар біз төрт мезгілге саяхат жасадық.

- Балалар айтыңдаршы сендерге қай мезгіл ұнайды?

Қалпақ арқылы жыл мезгілдердің жағымды, жағымсыз жақтарын айту (қара жағымсыз, ақ жағымды).


-Күн суытады, жел соғады, талдардың жапырақтары сарғайып жерге түседі, көкөністер піседі.


-Күзде болады.

- Жапырақтар.

-Егін.

-Сәбіз
Балалар жемістер мен көкөністерді суреттер бойынша топтастырады.
-Қыс мезгілі.

-Күн суытады, қар түседі, аяз болады.

-Шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз.

Балалар қағазға аққала суретін құрастырып, жапсырады.

Балалар жыл мезгілдеріне байланысты киімдерді ажыратады.
-Иә, шаршадық.

Балалар қимыл қозғалыспен көрсетіп, сергіту сәтін жасайды.

-Көктем мезгілі.

-Қар ериді, жер батпақ болады, құстар ұшып келеді.

Балалар білген тақпақтарын айтады.

-Жаз мезгілі.

- Жазда ыстық, көбелектер ұшады, айнала гүлдер.

- Жазда ойнаймыз, демаламыз, шомыламыз.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

- Жазда.


Балалар жыл мезгілдері жайлы айтады.
Балалар кезектесіп қалпақты киіп айтады.



Күтілетін нәтижелер:

Білуі тиіс: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, ойын түрлерін, сурет бойынша әңгіме құрастыра біледі.

Игереді: Жыл мезгілдерінің айырмашылықтарын айыра алады.

Біледі: Жыл мезгілдерінің жағымды, жағымсыз жақтарын айта алады.

Ақтоғай ауданы

Қараоба орта мектебі

Тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Орындаған: тәрбиеші Ахмульдинова М.К.

2014 ж
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет