Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар Сабақтың мақсаты: Білімділік: о қушыларға жұмбақтар туралы



Дата21.07.2017
өлшемі33,47 Kb.
#21538
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5 сынып

3.Күні, айы, жылы: 12 қыркүйек

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім: Тайкен А.Ф.

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жұмбақтар туралы әдеби білім беру, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. 17-22- беттегі мақал – мәтелдерді жаттау

2. Мақал – мәтелдер туралы түсінік.

ІІІ. Білім тексеру:

Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.






Мақал - мәтелдер

Тақырыптары

1

Денсаулық – зор байлық

.....

2

.....

Өнер – білім

3

Досы көпті жау алмайды,...

...

4

....

Еңбек

5

Ата көрген оқ жонар,...

...

6

....

Ынтымақ, бірлік

7

Ерді намыс өлтіреді,....

...


ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.


VІ. Түсінік тексеру:


    1. Жұмбақ дегеніміз не?

    2. Жұмбақтар қалай пайда болған?

    3. Жұмбақ болатын заттар нелер?

    4. Жұмбақтардың тақырыбы қандай болады?

    5. Жұмбақтарды қалай құрастыруға болады?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

    1. Жұмбақтарды оқып, олардың тақырыбын, нені танытатындығын айтыңдар.

    2. Жұмбақтың қысқа да, ұзын да болатынын, оны біреу айтып, енді біреу шешу керектігін ескеріңдер.

    3. Жұмбақ болған нәрселерді екінші бір затқа теңеп ұқсатып, қарама – қарсы қойып айтқан сөздерге мысал келтіріңдер.

    4. Өздерің жұмбақ құрастырыңдар.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

  1. Үй тапсырмасын беру.

1. Жұмбақ туралы түсінік

2.23-24 – беттегі жұмбақтарды жаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 044c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
044c -> Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme : Баубақша. Гүлзар. Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: Жаңа сабақ
044c -> Сабақ мақсаты: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу. Міндеттері
044c -> Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау жолдары
044c -> Туынды ұғымының шығу тарихы туралы мәліметтерді оқыту әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет