Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт дәстүрі мен діни нанымдары



Дата22.06.2017
өлшемі34,28 Kb.
#19615
түріСабақ
Ежелгі қазақстан тарихы

Күні: Сыныбы: 6 "а" Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары

Сабақтың мақсаты: Үйсіндердің салт дәстүрі және діни наным – сенімдері жерлеу орындары туралы баяндау.

Білімділік: Үйсіндердің салт дәстүрі және діни наным – сенімдері жерлеу орындары туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Үйсіндердің салт дәстүрі және діни наным – сенімдері туралы түсінік беру арқылы оқушылардың білімдерін толықтыру терең ойлау, іздену өз бетімен жұмыстану қабілетін дамыту.


Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, ұлттық салт - дәстүр мен рухқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқулықпен жұмыс, ауызша баяндау, кесте, венн диаграммасы, тест.

Сабақ көрнекілігі: Карта, дәптер, бор, сурет, үлестірмелі карточкалар.



I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақтың жоспары
1. Үйсіндердің салт - дәстүрі

2. Діни наным - сенімдері

3. Жерлеу орындары

1.Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегегде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт - саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.

2.Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді. Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын - о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.

3.Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды.




IV. Венн диаграммасы: діни наным сенімдердің ұқсастығы мен айырмашылығын толтыру.

Үйсіндердің діни наным - сенімдері






Сақтардың діни наным - сенімдері

Ұқсастығы


V. Бекіту сұрақтары:

1.Үйсіндер туралы "ат жақты, аққұбаша, сары шашты" деп жазған? 


2.Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала?
3.Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы? 
4.Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел? 
5.Үйсіндердің солтүстік батыстағы көршісі?
6.Үйсіндер басшысының атауы? 
7.Үйсін гуньмосына бағынған тайпа көсемдері атауы? 

8.Үйсін қоғамындағы қатардағы адамдардың мөрлері?


9.Үйсін қоғамында дәулетті адамдардың киімі көбінесе тігілді? 
10.Үйсіндерде мүлік теңсіздігі болғандығын дәлелдейтін? 

VI.Үйге тапсырма: Үйсіндердің салт - дәстүрі мен діни - нанымдары туралы мазмұндау, сөзжұмбақ құрастыру.
Каталог: uploads -> doc -> 072a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
072a -> Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет