Сабақтың тақырыбы Кеңістік фигуралары



бет1/5
Дата16.02.2020
өлшемі1,37 Mb.
#58174
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚМЖ матем


Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Геометриялық фигуралар



Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Нуртаева А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кеңістік фигуралары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/

кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады.

Көптеген оқушылар: : Жазық және кеңістік фигураларды танып, ажыратып және қоршаған ортадағы ұқсас заттармен сәйкестендіре алады

Кейбір оқушылар: Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш) жəне кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тік бұрышты параллелепипед) фигураларды таниды жəне айналасынан табады, атайды, суретін салады,өмірмен байланыстырады;

Бағалау критерийлері

-Кеңістік және жазықтық фигураларды атайды;
- Кеңістік фигураларын ажыратады, кеңістік фигураларын қоршаған ортаның заттарымен байланыстырады;

- Кеңестік фигураларын айналасынан табады.


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының Астана құндылықтарын тапсырма кезінде оқушы бойына дарыту.

.Ынтымақтастық.Жұптық, топтық жұмысты орындау арқылы ұйымшылдық, жауапкершілік,ынтымақтастық дағдыларын дарыту.



Құрмет.Топтық, жұптық жұмыс кезінде бір-бірін құрметтеуге және пікірлерімен санасуға үйрету. Қоршаған ортадағы заттарға құрметпен қарау.


Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері пәнімен 1-тапсырманы орындау кезінде,

Жаратылыстану пәнімен 2- тапсырманы орындау кезінде.



АКТ қолдану дағдылары

Тақырыпты түсіндіру кезіндегі таныстырылым,

сергіту сәтіне арналған жинақ слайд



Тілдік мақсаттар

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Фигура-пiшiндер-figure

Цилиндр-цилиндр-cylinder

Конус-конус-cone

Пирамида-пирамида-pyramid

Шар-шар-ball

текше- квадрат-square


Сыныптағы диалог (жазылым үшін) сай келеді:

Талқылауға арналған сұрақтар:

. Қандай фигуралар кеңестік фигуралар деп аталады?

.Қандай фигуралар жазық фигуралар деп аталады?

Кеңестік фигуралардың қайсысы домалайды?






Бастапқы білім

Кесінді, сынық сызықты сипаттай алады, ресурстарды пайдаланып көрсете алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Тақырыпты түсіндіру

Тақырыпты ашу




Оқушылардың уәжін туындату

«Ішкі шеңбер-сыртқы шеңбер» тәсілін қолдана отырып, оқушыларға бір-біріне тілек айтқызамын.



Сабақ тақырыбын ашу мақсатында

«Зертеуші» әдісі. Әр топқа цилиндр, конус, пирамида, шар және текше кеңістік фигураларын таратып беру. Оларды зерттеп қарап, қалай аталатынын сұрау. Олардың кеңістік фигурасы деп аталатынын, себебі оларды қолға ұстауға болатынын, үстелге қойғанда оның көрініп тұратынын, сонымен бірге көлеңкелерін көруге болатынын айтып түсіндіремін.

Оқушыларға қолындағы фигураларды партаның үстінде домалатып көруді ұсынамын. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұраймын. Жауаптарын тыңдаймын. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызамын. Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырып, ол фигура қалай аталатынын сұраймын. Оның текше деп аталатынын айтамын.Текшені домалатып көруді сұраймын. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді

Слайд арқылы кеңестік фигураларды көрсетіп жаңа тақырыпты ашып беремін..

Кеңістік фигуралары




Сабақтың ортасы

5 минут


Ж.Ж. №1-тапсырма «Боя және ата» Тындалым дағдысы

Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратылады.

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз

және фигураларды атаңыз.



Әдіс-тәсіл. «Кім жылдам?»

Саралау: диалог,қарқын,қорытынды.

Критерий: Жазық және кеңістік фигураларын атайды.

Дескриптор: Білім алушы

-жазық фигураны атайды.

-кеңістік фигураны атайды.

-әр фигураға сиппатама береді.



Критерий:

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады.



Дескриптор: Білім алушы

-жазық фигураны табады.

-кеңістік фигураны табады.

-жазық және кеңістік фигуралардың айырмашылығын табады.



Критерий:Жазық және кеңістік фигураларын бояйды.

Дескриптор: Білім алушы

- жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды;

- кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды.

- Қай жерде пайдаланады?



ҚБ «Жазықтық фигуралары»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет