Сабақтың тақырыбы Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем



бет1/3
Дата04.07.2018
өлшемі366,66 Kb.
#46378
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ:

Сынып: 1

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Махамбетова Гүлжанар Тоқтарқызы

Сабақтың тақырыбы

Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту



Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөйлемнің бас әріптен бастап жазылатынын, соңынан тыныс белгісін қойылатынын біледі.

Көпшілігіі:Тыңдалған оқу материалына пікірін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.

Кейбірі: Жүйелене байланысқан сөйлемдерден мәтін құрастырады.

Бағалау критерийлері

ڤ Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды. Сөйлемнің графикалық сызбасын түсіреді.

ڤ Мәтіннің мазмұнын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді.

ڤ Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерден мәтін құрастырады.


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» отансүйгіштікке тәрбиелеу, бір-біріне құрмет пен ынтымақтастық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан аудиожазба тыңдау, сергіту сәтіне арналған слайд,

Қазақстан туралы таныстырылым



Тілдік құзыреттілік

Туған ел, Родина, Birthplace.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2минут


Психологиялық ахуал

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Оқушыларды ынтымақтастыққа, бірлікке шақырамын.

Шаттық шеңбері



Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

3 минут

15 минут

1 минут

Жаңа тақырыпты ашу үшін аудиожазбадан тыңдату:

1. Ойлан-жұптас,бөліс. Балалар, барлығымыз мұқият Әлидің әңгімесін тыңдайықшы.



Менің елім – Қазақстан. Оның жері кең-байтақ. Астана – Қазақстанның астанасы. Ол – әдемі қала.

Талдау-жинақтау.

  • Не жайында әңгіме тыңдадыңдар?

  • Қазақстан, Астана туралы тыңдадық.

  • Қазақстан кімнің елі?

  • Қазақстан біздің еліміз.

  • Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбыз қалай аталады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар болжам жасайды. Сабақтың тақырыбы айтылады.

Тыңдалым бойынша ашық сұрақтар қою:

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстан деп аталады.

  • Еліміздің бас қаласы қалай аталады!

  • Еліміздің бас қаласы Астана деп аталады.

  • Астанада қазір не өтіп жатыр?

  • ЭКСПО жәрмеңкесі өтіп жатыр. (Оқушылар өз білген, көргендерін айтады.)

Қалыптастырушы бағалау арқылы ынталандыру. «Шапалақ ұру»

Топтарға бөліну. Қораптағы боялған асықтарды түстері бойынша таңдай қойыңдар.

Қызыл: 1-топ Жасыл: 2-топ



Ширату жаттығулары.

2 «Әткеншек» әдісі.



1 Суреттерді пайдаланып сөйлемдер құраңдар. Құраған сөйлемдеріңнің графикалық сызбасын тісіріңдер.



«Қазақстан – менің сүйікті елім» сөйлемі төрт сөзден құралған. Сөйлем бас әріптен басталып, соңында нүкте қойылған. Себебі тиянақталған ойды білдіріп тұр. Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылады.



  • .

Мен Павлодар қаласында тұрамын. Бұл сөйлем үш сөзден құралған.

.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет