Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі148,58 Kb.
#43646
түріСабақ
  1   2
Компьютерлік желілер.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды «Компьютерлік желі» ұғымдарымен, желілердің түрлері және желілердің атқаратын қызметтерімен таныстыру.Желі топологияларымен таныстыру. Оқушыларды желі түрлері мен топологияның түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Танымдық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай білуге, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу. Ой –пікір көзқарас қалыптастыру.

Сабақ түрі:   дәріс сабақ

Қолданылған көрнекі құралдар: Интерактивті тақтада слайдтар, студенттерге арналған тапсырма , бағалау парағы.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Амандасу, студенттер тізімін түгендеу.(8 адам, 15201 тобы)

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Файл деген не?

  • Файлдық жүйе түсінігі

  • Файлдың негізгі қасиеті

  • Файлдың кеңейтілуі деген не?

  • Драйвер деген не?

  • Утилиттер деген не?

  • Егер бірінші комп файлдарды флешка арқылы екінші комп лақтырса онда оларды қалай жылдам табуға болады?

  • Файлдар каталогы деген не?

  1. Жаңа тақырыпты талқылау.

Жаңа сабақтық жоспары:

  1. Жаңа терминтермен танысу

  2. Суреттерге қарап, топологияның түрлерін ажырату

  3. Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу




  1. Жаңа терминтермен танысу

    1. Компьютерлік желі

    2. Жергілікті желі

    3. Аймақтық желі

    4. Копоративтік желі

    5. Ауқымды желі

    6. Модем

    7. Желі топологиясы

    8. Топологияның типтері

1.1. Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің  және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.

Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.



1.2. Жергілікті желі – саны шектеулі әдетте 100 - ге дейін компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі аймақты бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт, немесе компьютерлерді біріктіреді.Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін қамтыған желіні айтамыз.

1.3. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Мыс: Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер.

1.4. Корпоративтік желі (Корпоративная сеть;, enterprise-wide networks) — үлкен кәсіпорынның (мекеменің) — корпорацияның барлық бөлімшелеріне қызмет ететін есептеу желісі. Олар бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болуы керек.

1.5. Ауқымды компьютерлік желі бұл бір немесе бірнеше желілерді өзара байланыстыру яғни қала, аймақ, ел, бүкіл жер шарын қамтуы мүмкін. Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек.

1.6. Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты провайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады.

1.7. Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді.

1.8. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.

        «Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

        «Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.

       «Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.



  1. Суреттерге қарап, топологияның түрлерін ажырату




«Жұлдыз» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.



«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.


«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.



Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.



Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.




  1. Сөзжұмбақ шешу

Сұрақтары:

  1. Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.

  2. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі қалай аталады.

  3. Тышқанның ағылшынша атауы

  4. Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы

  5. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер

  6. Мәзір орысша қалай аталады

  7. Компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылатын желі

  8. Компьютердің миы

  9. Өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алатын құрылғы

  10. Файлдық серверлерге негізделген компьютерледі  жалғайтын топология түрі.

  11. Телефон  желісі арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы

  12. Принтердің түрі

  13. Шрифтінің қазақша атауы



























 с

К

 а

 н

 е

 р


































 т

О

 п

 о

 л

 о

 г

и

я




























М

 o

 u

s

 e







 




























П

 р

 и

 н

 т

 е

р

 










 п

 и

 к

 с

 е

л

Ь








































 м

 е

 н

Ю

























 ж

е

р

г

і

л

і

к

Т

і


































 п

р

о

ц

Е

с

с

о

р










 к

о

м

м

у

т

а

т

о

Р




































































































Ж

 ұ

л

д

ы

з

























 м

о

д

Е

м














































Л

 а

 з

е

р

л

і

к



















 қ

 а

 р

І

п




















Сабақты қорытындылау (Рефлексия).

Каталог: uploads -> doc -> 12ca
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ca -> Қазақ тілі. 2 сынып. Алфавит ретімен буынға бөліп жаз
12ca -> Сабақ 5 қазақ класс Дайындаған: Дөң орта мектебінің технология пәні мұғалімі Омарова А. С. Мақсаты
12ca -> Сабақтың тақырыбы Есімшенің түрленуі Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет