Сабақтың тақырыбы: Көне түркі ескерткіштердегі антоним сөздер. Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі31,9 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі.

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Көне түркі ескерткіштердегі антоним сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға көне түркі ескерткіштердегі антоним сөздердің қолданылуы туралы түсіндіру.

2.Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.



2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Антоним сөздерге құрған тестерін оқушылар бір біріне оқиды. Шешеді.

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Алдын ала оқушыларға көне жазба ескерткіштері жайлы мәлімет жинау тап-сырылады.


  1. Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің табылған жерлері.

  2. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармаларды ата.

  3. Оларды ашқан тапқан кісілер кімдер?

  4. Құлыптастағы жазулар қалай аталады?

  5. Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы, жазуларындағы сөздіктер

  6. Ескерткіштерде суреттелетін, баяндалатын оқиғалар не туралы?

  7. Қандай сөздер қолданылғаны туралы айту

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазір күлтегін жазба ескерткіштерінің макеті Астанамыздағы Еуразия универ-ситетінде тұр. Елбасымыздың басшылығымен 2006-2007 жылдар «Мәдени мұра» жылы болып, оның бағдарламасы жасалады. Онда тарихи ескерткіштерді қорғау және т.б. қаралған. Күлтегін, Білге қаған және Тоңықұқ ескерткіштері – ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем шығармалардың үлгісі болуумен бірге, ол қазақ әдебиетіміздің де асыл қазынасына енетін асыл мұра.

а) Бұл ескерткіштер Орхон – Енисей өздерінің (қазіргі Моңғол жері) бойынан табылған. Қазақстан жерінен табылған ескерткіштердің ең көлемдісі – Талас ескерткіштері.

б) Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядрынцев. (XVIII-XIXғ.ғ.).

в) Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқыларының негізгілері деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), «Қорқыт ата кітабынан» (VIIІ ғ.) және Оғыз-наманы (ІХғ.) атаймыз.

г) Көне түркі әліпбиі 35 әріптен тұрады, ол оңнан солға қарай оқылады.

«Күлтегін» жырын мәнерлеп оқып, түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп, үзінді оқыту.
Оқулықпен жұмыс. Жырдың антоним болатын сөз айшықтарын теріп жазу.Мысалы:
«от-су қылмадым»,
«түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым»,
«тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті»;

«Күлтегін» жыры


Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді...
Әкем қағанның
қосыны бөрідей,
Талқандап қуып
береді...
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды...
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды...

6.Сөздік жұмысы.


Қаған-хан.
Білге-ақылды, данышпан,білікті.
Шад, ата бектер-әскер басшылары
Тоғыз оғыз- тайпаның аты.

Күлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады

47 жас жасаған әскербасы, Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ.
Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар.
VІ.Жаңа сабақты бекіту:

VІІ . Сабақты қорыту:



3.Бағалау

4.Үй тапсырмасын беру. Күлтегінге берілген мінездемеге қарама-қарсы сөздер тауып жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 044e
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
044e -> Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1
044e -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уа қыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
044e -> Сабақтың тақырыбы Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет