Сабақтың тақырыбы Көпмүшені көпмүшеге көбейту. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу Сабақтың мақсаты



Дата13.08.2017
өлшемі48,34 Kb.
#23306
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Сыныбы: 7 «В»

Пәні: Алгебра






Сабақтың тақырыбы



Көпмүшені көпмүшеге көбейту. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу


Сабақтың мақсаты



Көпмүшені көпмүшеге көбейтуде, жіктеуде:

  • үлестірімділік заңын қолдана алады;

  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады;

  • таңбалар ережесін біледі;

  • ұқсас мүшелерді біріктіре алады.

Сілтеме

Оқулық «Алгебра» 7-сынып, Шыныбеков Ә.Н Алматы «Атамұра» 2012жыл

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Диалогтық оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау, оқытуды бағалау(формативті), Оқытуды басқару және көшбасшылық, АКТ- ны пайдалану

Сабақтың типі

Топпен жұмыс, жұппен жұмыс

Түйінді идеялар

Көпмүше мен бірмүшені ажырата алады

Күтілетін нәтиже

  • үлестірімділік заңын қолдана алады;

  • ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады;

  • таңбалар ережесін біледі;

  • ұқсас мүшелерді біріктіре алады.

  • Топта бірлесіп жұмыс жасай алады;

- Көшбасшы болуға ынталанады;

- Өзін және өзгелерді бағлай алады.


Сабақтың барысы:




Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Қызығушылықты


ояту (3 мин)

Түрлі геометриялық фигураны алдыларына қойып, соның ішінде түстері бойынша топқа бөлу.

«Бәрі сенің қолыңда» видео көрсету



Оқушылар геометриялық фигураларды таңдайды, түстеріне қарай төрт топқа бөлінеді.

Видоны көргеннен кейін оқушылар сол бойынша өз ойларын жеткізеді.


Үй жұмысын


тексеру.(2 мин)

«Жұбынды тексер»



№262-266


Әр топтағы оқушылар өзара бір –бірлерінің үй жұмысын тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді, топтағы бағалаушы бағалау парақтарына бағасын қояды


«Сұхбат алу»


(15 мин)

1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.) 
2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады) 
3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс) 
4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз) 
5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру) 
6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек) 
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек) 
8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек) 

Оқушылар әр түрлі сұрақтар қоя отырып, микрофонды қолданып жауап береді.

Есептер шығару.

ДЖИГСО әдісі

(18 мин)


№264 (1,2)-І топ

№265 (1,3)-ІІ топ

№268 (1,3)-ІІІ топ

№269 (1, 2)-ІVтоп



Әр топ өздеріне берілген есептерді алдымен жұппен орындайды, содан топпен өзара түсіндіріледі, болған соң әр топтан 2-3 оқушыдан шығып бір есепті тақтада жазып сыныпқа түсіндіреді және бірін-біріне барып әр топ түсіндіріп баяндайды.

Бекіту кезеңі.

Куббизм әдісі



Кубтың төрт қырына алты конверт дайындалған. Сол конверттің ішінде үш сұрақтан жасырылған. Сол сұрақтарға оқушылар жауап береді.

1. 2ху-3хz+px 
x=10; y=5; z=3; p=2 
2xy-3xz+px=x(2y-3z+p)=10(2•5-3•3+2)=10•3=30 
2. 12a-24b=12(a-2b) 
3. 5mn2+4np=n(5mn+4p) 
4. 10ab+5b-30bc=5b(2a+1-6c) 
5. x(a-5)+(5-a)-a(5-a)=x(a-5)-(a-5)+a(a-5)=(a-5)(x-1+a) 
6. 9a(b-a)-27a2(a-b)=9a(b-a)+27a2(b-a)=(b-a)(9a+27a2)=9a(b-a)(1+3a) 
7. 1) x2-2x=0 2) 3x(1-x)2-x2(1-x)=0 



Оқушы өзіне кубтың қай жағы түссе, конверттің ішінен бір сұраққа жауап береді.

Бағалау (формативті бағалау) (3мин)





Критерийлер бойынша өзара бағалау, бағдаршам бойынша бағалау.

Үйге тапсырма

(1 мин)


№ 268 (2), 269 (3,4), №265 (2,4)

Рефлексия

(3 мин)




Каталог: uploads -> doc -> 05b5
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05b5 -> Сабақтың тақырыбы: К. Табей «Ол ақын болар ма еді?» Сабақтың мақсаты: «Ол ақын болар ма еді?»
05b5 -> Елде еркін жүр екенмін Елге ерке гүл екенмін Мәз мейрам саламын мен
05b5 -> Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет