Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата26.08.2017
өлшемі34,24 Kb.
#27869
түріСабақ
4-сынып Қысқа мерзімді жоспар


Пәні

Қазақ тілі 2-тоқсан

Сабақтың тақырыбы:

Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Күрделі сөздер туралы алғашқы

түсініктері калыптасады. күрделі сөздердің бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұракка жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын ұғынады.

Күрделі сөздерді туынды түбір, еркін сөз тіркесінен айыра білуге үйренеді

2. Ауызекі сөйлеу тілдері қалптасады

сөйлем құрастыруда күрделі сөздерді пайдалана алады.

Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі.

Күтілетін нәтиже

Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды. Тақырып көлемінде сөйлемдер құрастыра алады.

Сілтеме

Оқулық 4 сынып .

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Оқулық

2.суреттер

3.Бағалау парақтары

Оқыту әдістері:

СТО

Оқыту үшін бағалау

АКТ-ны қолдану

1.жұппен жұмыс

2.топтық жұмыс

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу, бағалау бағалау парақтарын тарату, топ ережесін еске түсіру.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаттығу жұмысын жұппен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу.



ІҮ. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу берілген. Екі бағандағы сөйлемдер салыстырыла отырып оқылады.

Арқар мен арқармүйіз, Жол, Серік сөздері мен жолсерік сөзі,

Қора мен қора-қора сөздері салыстырылады. Оларға сұрақ қойылады және мағыналары бойынша салыстырылады. Әсіресе екінші бағандағы қарамен жазылған сөздердің мағынасы мен құрамына көңіл бөлінеді. Бұл жаңа сөздердің түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз емес, екі дара сезден құралып, жасалып тұрған жаңа сөз екенін оқушылар байқауы керек.


Ү. Тапсырма

1 топ: 2-жаттығуда екі сөздің тіркесуінен жасалған күрделі сөздің еркін сөз тіркесінен айырмашылығын байқатуға назар аударылады

2 топ: 3-жаттығуда күрделі сөздердің түрлері аралас беріліп, оларды жасалуына қарай топтастыруға үйрету көзделеді.

Алуан-алуан, жарқ-жұрқ, бума-бума, бірте-бірте, ауызба-ауыз.
5-жаттығу оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін анықтауға арналған. Бұл мәтіндегі күрделі сөздер: қарақұйрық, балажан, кемпір-шал, сай-сала, жыра-жыра. Олардың қандай түбірлерден жасалып тұрғанын айтады.

Ү. Сергіту сәті

Қимыл -қозғалыс жаттығулары

ҮІ. Дәптермен жұмыс

Әр топ өз жаттығуларын дәптерге жазады.

ҮІІ. Пысықтау

. Ой толғаныс сатысы:
Біз нені үйрендік?


  • Күрделі сөз дегеніміз не?

  • Күрделі сөз неше сөзден жасалады?

  • Мысал келтір?




ҮІІІ. Қорытынды

Сабақ ұнады ма? / көңіл күйіңді білдір/

ІХ. Үй тапсырмасы

Үйге: 4-жаттығу

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған белгілерімен қорытып, бағалау.

Қойылған бағаны дәлелдеу.

Каталог: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Тұрсынхан Әбдірахманова ″даналарым″
EB0419249EE41AD0 -> Мәуліт-пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебіндегі жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін іс- шаралар жоспары
EB0419249EE41AD0 -> Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев "Толағай" Сабақтың мақсаты : Білімділігі
EB0419249EE41AD0 -> "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"
EB0419249EE41AD0 -> Сабақ Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны» Пән:Әдебиеттік оқу Сынып: 3 Өткізген: Рахметова Д. И. 2014 2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет