Сабақтың тақырыбы «Күш атасы» Мектеп: «Гастелло орта мектебі»



бет1/3
Дата20.06.2018
өлшемі314,21 Kb.
#43842
түріСабақ
  1   2   3

Сабақтың тақырыбы

«Күш атасы»

Мектеп: «Гастелло орта мектебі» ММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Нарыбаева Шырак Журтшибаевна



Күні: 15.03.2018 жыл

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 5


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Бөлімнің атауы

Адамның сырт келбеті мен мінезі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.1.1.1-тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

5.3.5.1- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Сан есімнің түрлерін қайталау



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Сан есімнің түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: өзіндік ой-тұжырымын шығармашылық жұмыстарды қолдана алады

Бағалау

критерийі

  • тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжай алады

  • оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жаза алады

  • сан есім мағыналық түрлерін ажырата алады

Тілдік құзіреттілік

Диалогқа қажетті сөз тіркестер:

мысалы, көбінесе, атап айтқанда, әсіресе, айтылған бойынша, мыналар, осылайша, сонымен, қорытындылай келе, мұнан соң және т.б



Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұстатығы

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың жоспары

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс- әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басталуы

5 минут

Қызығушылықты ояту

1.Сәлемдесу, сабаққа дайындық.

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-Сәлеметсіз бе!

-Сәлеметсіз бе деп біз нені сұраймыз?

(оқушылардың жауаптары)

-Сәлемдесу, амандасу дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?



Сәлемдесу

    Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып  есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді. Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу әдебінің қалыптастырылуы. Сәлемдесудің кереметі сонда - адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты бейнелеуінде.

2.Үй тапсырмасы: 7 – тапсырма. Өздерің жинаған қанатты сөздерді қатыстырып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында мәтін жазу кере еді.

-Кім жазып келді?



Адам туа жаман болмайды,

Жүре жаман болады.

Екі жаман ауыл болмас,

Ауыл болса қауым болмас.

Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,

Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.

А.Асылбековтың «Жақсы болу өзіңнен» өлеңі.

-Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жамандық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла.

Жақсылық көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла!
Абай

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай мақтанба

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге ғашық бол

Адам болам десеңіз

Өтірік, өсек, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпанды білсеңіз:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Мақал-мәтелдер

*Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

*Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

*Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

*Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

*Ұлық болсаң- кішік бол.

*Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

*Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

*Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

*Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Бағалау: Светофор



3.Сабақтың тақырыбын болжау, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.

-Оқушылар, мына суреттерде кімді көріп тұрсыңдар? Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Бұл сабақта біз кім туралы білетін боламыз.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет